Қазақы тақияның қадірін енді кім біледі?!.

11 - Наурыз - 2010Пікір жазу 2 рет оқылды, 2 рет бүгін

rustem_resize

Осыдан оншақты жыл бұрын болар, бір газеттен жастардың топтама өлеңдерін көзім шалды. “Тақия” деген шап-шағын, шымыр өлеңді бірнеше қайтара оқыдым. Жүрекке жылы тиді. Нағыз қазақы өлең. Күре тамыры бүлкілдеп тұр. «Ойпыр-ай, мына социализмнен, капитализмге көшкен кезде ұлттық дәстүрді білетін бұл қай жігіт». АвторыРүстем Есдәулетов. Толығырақ »

Мазақ пен мадақ

10 - Наурыз - 2010Пікір жазу 15 рет оқылды, 4 рет бүгін

starik 1starik

Солтүстік «соны» үрдіс бастады. Жеңістің 65 жылдық құрметіне ме, әлде ақсақалды аталар мен сары тісті әжелерге аяушылық танытты ма, қайдам, «80 жастан асқан қариялар қоғамдық көлікте тегін жүреді» деп ақжолтай ақпарат таратты Алашқа. Толығырақ »

Жетімдер

9 - Наурыз - 20101 пікір 21 рет оқылды, 2 рет бүгін

jetimder

Жетімін жылатқан ел оңбайды. Осы қағидатты қатаң ұстаған аталар «жетім көрсең жебей жүр» депті. Бүгінгі күн көңіл тоғайтып, шалқар шабыт сыйлайтын ауқымды іс болмағаннан кейін, өткенді аңсай береміз. Аталардың ұлттың амандығына, бүтіндігіне адалдығы тілге орала береді. Толығырақ »

Наурыз – ресми түрде жыл басы болса

3 - Наурыз - 20103 пікір 64 рет оқылды, 9 рет бүгін

наурыз

Жуырда Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халықаралық Наурыз күні» деген қарарын бірауыздан қабылдап, аталған ұйымға мүше мемлекеттерді осы бір ежелден келе жатқан ұлық мереке туралы мағлұматтармен танысуға шақырды. Және де «Наурыз мейрамы» жөніндегі ақпараттық-танымдық материалдар таратылатын болды. Осы жаңалыққа орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Түркі  тілдес  елдердің Парламенттік Ассамблеясының мүшесі Аманкелді Момышев  Қазақ ақпарат агенттігіне сұхбат беріп, өз ойларымен бөлісті. Толығырақ »

МАРҒАСҚА

25 - Ақпан - 20106 пікір 104 рет оқылды

alikhanalikhan-1

«Мемлекеттiгi жоқ халық – жетiм, жетекшiл халық»

Әлихан Бөкейханұлы

«Құдай ауыртпалықты да көтере алатын халыққа бередi» дейдi қазақ. Патшалық Ресейдiң езгiсiнен шығып, қызыл империяның бұғауына түскен ұлттың бұлай деуге қақысы бар. Осы өңiн айналдырып киген екi империялық пиғыл үстемдiгiнiң ат алмасқан тұсында ұлт тағдырына күн сәулесi түскен азғантай мерзiм бар. Ұлттың бас бостандығы сығалаған сол сәуленi таратқан кiмдер едi?!. Толығырақ »

tv11

Бұл сұраққа ардагер журналист, белгiлi спорт комментаторы Рабат Жәнiбеков «мен» деп жауап бередi. Шынында да, ең алғаш қазақтiлдi спорт комментаторы Рабат Жәнiбеков па? Сонда қазақ спорт журналистикасының дамуына үлес қосқан, телерадиодан ең алғаш қазақ тыңдармандарының құлақ құрышын қандырып репортаждар жасаған, бүгiнде зейнеткерлiкке шығып отырған Сұлтанғали Қаратайұлына қандай атақ бермекпiз… Толығырақ »

ernar

Бильярдтың аралас пирамида түрiнен әлем чемпионатының Алматы қаласында өтiп келе жатқандығына биыл үшiншi жыл. Әзiрге тақымымыз берiк, қанжығамыз майлаулы. «Үшiншi рет әлем чемпионы қазақтан шықты» деп бөркiмiздi аспанға атудамыз.  Толығырақ »

Сорақылық

24 - Ақпан - 20106 пікір 120 рет оқылды, 2 рет бүгін

bekzat1

Әлі есімде. Саңлақ Саттархановтың Сидней төрінде атой салғаны… Жиырмаға жаңа ғана аяқ басқан бозбала бүткіл қазақтың үміт-арманын бір сәтте орындап, жиырма жыл зарыға күткен Олимп шыңын бағындырып, төбемізді көкке жеткізіп еді-ау… Көріністер күні кешегідей көз алдымда тұр. Толығырақ »

Жағымпаздық жарысы

19 - Ақпан - 20104 пікір 111 рет оқылды, 2 рет бүгін

jas otan

Жақында біздің облысқа Премьер-министр Кәрім Мәсімов келіп кетті. Жергілікті телеарналар мен әкімшіліктің газеттерінде Кәрім Мәсімовтың сапарының басты мақсаты Президенттің биылғы жолдауын халыққа түсіндіру екені айтылып жатты. Президент өз жолдауын аяқтай салсысымен осы Талдықорғандағы бұқаралық ақпарат құралдары қолдауды сол мезетінде бастап кеткен еді ғой. Ендеше, бізге жолдауды ұғындыру үшін премьер-министрдің өзі келгені несі? Әлде талдықорғандықтарды жолдауды түсінбейді дейді ме екен?  Дегенмен менің айтпағым бұл емес. Толығырақ »

Қоржында күміс күліп жатыр!

19 - Ақпан - 20101 пікір 90 рет оқылды, 3 рет бүгін

elena

Елена ерледі. Қоржынымыз қаңырап, бос болғандықтан даңғырап тұр еді. «Өзіміздің орыс» қыз Хрусталева күміс жүлдені сыңғыр еткізіп қоржынға салғанда Қазақстан тізімнің соңынан 18-орынға бір-ақ секірді. Сөйтіп Олимпиадададан құр қол қайтпайтын болдық. Толығырақ »

Серіктестер