Жазғы демалыста Жамбыл облысының біраз ауылында болудың сәті түскен еді. Ауыл өзгермейді дейміз… Өзгермесе, осы «нюанстар» қайдан шықты? Әрі бұлардың аталған облысқа емес, Қазақстанның басқа да аймақтарына қатысы бар деген сенімдемін. Толығырақ »
‘Назарда!’ айдары мұрағаты
Қонаев&Камалиденов: кімдікі шындық?
Желтоқсан – жара, нала, аза, қаза. Кінәлілер тартты ма жаза? Әлде былықтан шықты ма таза? Толығырақ »
Басы қисық «Хан шатыр» ненің белгісі?
«Хайтектенген» Астананы қайтсек қазақыландырамыз? Абат қаланы Алаш қаласына айналдыруға кім кедергі? Шыны ыдыстай болған, жанарында жылуы жоқ ғимараттар ұлттық брэндті таныта ала ма? Басы қисайған «Хан шатыр» кімге үлгі, кімге өнеге? Толығырақ »
«Президенттіктен» бас тартамын
Айдың-күннің аманында Ресейдегі ұлттық республикалардың басшылары үш сөзден өздеріне үкім шығарып жатыр. Рамзан Қадыровтың риясыз бастамасының тездетіп қолдау тапқанына «таңымыз» бар. Толығырақ »
Көш соңында кім келеді?
Жапондар қайыршы отырып кеткен жерге бір шөкім тұз себеді. Бұлай етпесең, кедейлік басына келеді. Ырымы солай. Біздегі билік бұтағына бұт артқандар да жөкенің қураған жапырағына қарап, «бісмілләға» басады. Нанымы сондай. Неге десеңіз, кадрлық көші-қонның көктем мен күзге келуі атқамінерлердің биологиялық ырғағын бұзады екен. Көңілі алаңдап, ас қорытуы нашарлайды. Жүрегі өрекпіп, жүйкесі жұқарады. Былайғы жұрт та жазғы аптаптан соң, саяси өмірдің саңылауларынан көз сала бастайды. Кадрлық оқшантайда кімнің қалатынына, кімнің жамбас қалтаға кететініне қызығушылық танытады. Ендеше, осы саланың майын сорған саясаттанушылардың аузына сөз салатын-ақ уақыт. Қарап отырсаңыз, қай сарапшының да айтары келер шақта. Сөйлемі «мүмкінмен» сабақтасады. Себебі, саяси көкжиегін санаулы адам анықтайтын қоғамда болжам жасаудан алғыс алмайсыз. Сонда да… Толығырақ »
«Мен жастарға сенемін!»
Сағым келешектiң келбетi бүгiнгi жастардың ой-өрiсi мен болмысынан, оның ұстанымы мен адами қасиеттерiнен көрiнiс табуы тиiс. Әлбетте, тәрбие тетiгi жастарға қарай бағытталатыны белгiлi. Оның өзiндiк физикалық-психологиялық себептерi әмбеге аян. Бала мiнез бiр қадам кейiн шегiнiп, жастық албырттық пен күш-қайрат алға озған кезде адамның өмiрлiк мақсат-мұраты мен болмысының алғышарттары қаланады. Осындайда «ел ертеңi дерлiк жас қандай болуы тиiс?» деген заңды сауал туады. Толығырақ »
Қазақ конституциясы немесе кiрпияздың аяғындағы шұлық
Қазақ Конституциясы мүшелден өтiп, кәмелет жасқа бiртабан жақын. Жасы ұзақ болсын, қабылдаған заңдары пәрмендi, әрi елге тұрақты қызмет етсiн деймiз. Қазақпен бiрге қияметке дейiн жасап, ел үстемдiгiнiң айнымас серiгi болса деймiз де. Бiрақ, барлығы бiз айтқандай, бiз ойлағандай болмаса ше? Толығырақ »
Берік – Жезқазғанның әкімі
Жұрт жұмысына жегілген жігіттер болады. Олар қай салада жүрмесін, қандай қызметте істемесін ұлтқа қызмет қылады. Шын мәнінде халықтың қамын ойлайды. Елдің есесін түгендейді. Сондай азаматтардың бірі ретінде Берік Әбдіғалиді айтуға болады. Толығырақ »
Білім күні қыр астында, ойбай, мектебіміз қайда?
Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың назарына!Биылғы қыркүйекте еліміздегі мектептерге 2 496 465 оқушы барады екен. Осы оқушылардың 300 мыңға жуығы мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Демек, бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны былтырғы жылға қарағанда 60 156 балаға артпақ. Бұл нені көрсетеді? Еліміздегі əлеу-меттік жағдайдың жақсарып, демографиялық хал-ахуалдың дұрысталып келе жатқанын меңзейді. Алайда балдырғандарды жаңа оқу жылына қабылдап алуға жасалып жатқан дайындық өз деңгейінде емес екен. Астанаға іргетасы тиіп тұрған үш ауылдың жанайқайын кім естір? Толығырақ »
Мейірі қанбаған ұлтшылдық
Қазақтың ұлтшылдығын ойласаң, ешуақытта ұлтшылдыққа мейірі қанбағанын көресің. Кеңестік дәуірде социализмнің материалдық игілігіне cылқия тойған 10 миллион қазақ бүгін ұлтшылдық ауруымен де кемінде бес жыл ауырып тұрса, не арман?! Толығырақ »












