Қызықты шақтардың ұзаққа созылмайтындығы секілді жұрттың дегбірін қашырған футболдан Әлем біріншілігі де аяқталды. Ендігі кезекте жарыс қорытындысы бойынша ФИФА мамандарының арнайы жасаған қызықты мәліметтеріне сүйене кетсек… Толығырақ »
‘Спорт’ айдары мұрағаты
Қазақстанның футбол ойнай алмайтыны қандай жақсы…
Өмірімде тұңғыш рет Қазақстанның футбол құрмасы жарытып ойнай алмайтынына қуандым. «Ауыз өзімдікі деп айта береді екен да» дейтін шығарсыз. Әйтпесе, есі дұрыс адам өз командасының ойнай алмағанына қуана ма? Ал мен қуандым. Қуанғанда да қос санымды шапаттап тұрып, асыр сала қуанышқа бөлендім. Толығырақ »
Қос қыран
Футболдан Әлем бiрiншiлiгiн тамашалайтын адамдардың санына жетiп болмайсыз. Футбол жанкүйерлерiнiң саны Қазақстанда да жетiп артылады. Оны көшедегi екеуара кетiп бара жатқандардың доп додасы үшiн дегбiрi кеткен әңгiмелерiнен-ақ құлағыңыз шалады. Тiптi, бүгiнгiнiң әйелдерiне дейiн бiрнеше жылға дейiн созылатын сериалдарын құрбан етiп, футбол тамашалағанды жөн санайды. Толығырақ »
Доп пен даңқ
• Футболдан Әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысып отырған елдер: Сербия мен Словакия. Әуелде сербтер Югославияның құрамында өнер көрсетсе, кейiн Черногория құрамасымен бiрге доп тептi. Бүгiнде өз алдына отау тiгiп, ОАР-да өтiп жатқан Әлем бiрiншiлiгiне қатысуда. Сондай-ақ, Корея Республикасы мен КХДР тұңғыш рет бiрге қатысып отыр. Толығырақ »
Шоқтығы биiк футболшылардың жоқтығы бiлiнбесе игi…
2008 жылы Еуропа чемпионатына барар кезде Испания ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкерi Луис Арогонес «Бiз Раульмен ешнәрсеге қол жеткiзген емеспiз. Раульсiз де күнiмiз батып, таңымыз атар» деп аты аңызға айналған футболшыны құрама сапынан алшақтатқан болатын. Бiрақ, бiлгiр бапкер өз сөзiнде тұрды. Қарсылас бiткендi қоғадай жапырып, Еуропа чемпионы деген атаққа қол жеткiздi. Бiрақ, бапкер тiзiмге қоспағанмен, жанкүйерлердiң алаңнан көргiсi келетiн футболшылар жетерлiк. Толығырақ »
Теңбіл доп бәсекесі – төріңізде
Енді екі күннен кейін жанкүйер біткен ұйқыдан айрылады. Дегбірі қашады. Өйткені Оңтүстік Африка Республикасында футболдан әлем чемпионаты түңлігін түргелі тұр. Әлемдік додадан қазақ жұрты да қалыс қалмайды. Бір ай бойына «Хабар» және «Еларна» телеарналарынан дүбірлі дода тікелей эфир арқылы көрсетілетін болады. Бүгін біз оқырмандарымыз үшін әлем біріншілігінің кестесін жариялап отырмыз. Толығырақ »
Дербиi жоқ дербес ел бiз ғана…
Қазақ пен футбол арасындағы бiтiспес тартыс баяғыда басталған. Демек, қазақ жанкүйерлерiнiң дегенi болмай келе жатыр деген сөз бұл. Әрбiр елдiң аяқдоп өнерi сол елдiң iшкi бiрiншiлiгiмен сабақтасып жатады. Оны бiреулер премьер-лига деп атайтын болса, бiзде ұлттық бiрiншiлiк деп аталады немесе iшкi бiрiншiлiк те деп жүрмiз. Мiне, осы футболдан iшкi бiрiншiлiгiмiздiң деңгейi жоғарыламайынша, ұлттық құраманың да әлем алдында еңсесiн тiктей алмайтындығы әмбеге аян. Тағы да әңгiмемiз көптiң көңiлiнен шықпайтын, ұдайы талқыға түсетiн қазақ футболы туралы болмақ. Қайтсек көш iлгерiлейдi? Қайтсек, қазақтың қара домалақтары футболдан әлем бiрiншiлiгiнде өнер көрсетедi деген ой бiздiкi… Толығырақ »
Қазақ оперторларының өнiмi халықаралық стандартқа сай ма?
Осыдан екi жыл бұрынғы Бейжiң қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындары әлемдi бiр дүр сiлкiндiрдi. Көбiне таңдана қарағанымыз да өтiрiк емес. Күнiн, жылын, айын, тiптi сағатына дейiн бiркелкi етiп белгiлеген Қытай елi бұл күндi ғасырлар бойы армандап келген секiлдi. Сондықтан да, Бейжiңде өткен Жазғы Олимпиада ойындары Қытай елiнiң қатпарлы тарихында алтын әрiппен жазылып қалды. Толығырақ »
Қазақтiлдi тұңғыш спорт комментаторы кiм?
Бұл сұраққа ардагер журналист, белгiлi спорт комментаторы Рабат Жәнiбеков «мен» деп жауап бередi. Шынында да, ең алғаш қазақтiлдi спорт комментаторы Рабат Жәнiбеков па? Сонда қазақ спорт журналистикасының дамуына үлес қосқан, телерадиодан ең алғаш қазақ тыңдармандарының құлақ құрышын қандырып репортаждар жасаған, бүгiнде зейнеткерлiкке шығып отырған Сұлтанғали Қаратайұлына қандай атақ бермекпiз… Толығырақ »
Әлем чемпионы қай елдiң спортшысы?
Бильярдтың аралас пирамида түрiнен әлем чемпионатының Алматы қаласында өтiп келе жатқандығына биыл үшiншi жыл. Әзiрге тақымымыз берiк, қанжығамыз майлаулы. «Үшiншi рет әлем чемпионы қазақтан шықты» деп бөркiмiздi аспанға атудамыз. Толығырақ »













