Жазғы демалыста Жамбыл облысының біраз ауылында болудың сәті түскен еді. Ауыл өзгермейді дейміз… Өзгермесе, осы «нюанстар» қайдан шықты? Әрі бұлардың аталған облысқа емес, Қазақстанның басқа да аймақтарына қатысы бар деген сенімдемін. Толығырақ »
‘Мәдениет’ айдары мұрағаты
«Мен жастарға сенемін!»
Сағым келешектiң келбетi бүгiнгi жастардың ой-өрiсi мен болмысынан, оның ұстанымы мен адами қасиеттерiнен көрiнiс табуы тиiс. Әлбетте, тәрбие тетiгi жастарға қарай бағытталатыны белгiлi. Оның өзiндiк физикалық-психологиялық себептерi әмбеге аян. Бала мiнез бiр қадам кейiн шегiнiп, жастық албырттық пен күш-қайрат алға озған кезде адамның өмiрлiк мақсат-мұраты мен болмысының алғышарттары қаланады. Осындайда «ел ертеңi дерлiк жас қандай болуы тиiс?» деген заңды сауал туады. Толығырақ »
Мейірі қанбаған ұлтшылдық
Қазақтың ұлтшылдығын ойласаң, ешуақытта ұлтшылдыққа мейірі қанбағанын көресің. Кеңестік дәуірде социализмнің материалдық игілігіне cылқия тойған 10 миллион қазақ бүгін ұлтшылдық ауруымен де кемінде бес жыл ауырып тұрса, не арман?! Толығырақ »
«Жоғалған ұрпақ» қайдан шығады?
Балаларға арналған ойын алаңдары секілді балалар әдебиеті де – олардың ойының, көңілінің, жандүниесінің ойын алаңы. Бірі – тәнін тәрбиелесе, шынықтырса, бірі – жанын тәрбиелейді, кемелдендіреді. Бүгінгі кезеңдегі балалар әдебиеті жанрының кемшін тартқан тұстары жайлы әңгіме тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта толастаған емес. Жас кадрлардың келмеуі, бар кадрлардың басқа салаға кетуі секілді себептері де жоқ емес. Толығырақ »
«Қазақстанда жасалған» – Қазақстанға жасалмаған
…Көбісін көршілерден көшіретініміз жасырын емес. Айнытпай, аудырмай. «Батыр білгенін істейді…» деген. Көргенімізді істеуден көзжауырланып, әбден алакөңіл болып біттік. Тауып алған «жеті қоянымызды» қоярға жер таппаймыз. Мәдени қарым-қатынас қой. Алдым, бердім демейміз. Немесе мәдени экспансия. Қинап ешкім бермейді, қиналып сұрап аламыз. Толығырақ »
Мәдени атмосфераны кімдер жасайды?
Уақыт өтті, ұрпақ алмасты. Алмасқан ұрпақ өзімен бірге жаңа тенденцияларды ала келді. Қоғамдық сана өзгерді. Әр салада жаңару мен жаңғыруға деген ұмтылыстар анық біліне бастады. Толығырақ »
Жат жамбасым 10 жыл…
Кеше Үкімет үйінде бас министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдар аралығындағы мемлекеттік бағдарламасының» тұсаукесер рәсімі өтті. Оған қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары, мемлекеттік ведомстволардың өкілдері қатысты. Толығырақ »
Аманжолов ауылынан «Алтын адам» табылды
Cәрсенбінің сәтті күні Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Бейсенов бастаған археологтар көп жылғы зерттеу, қазба жұмыстарының нәтижесінде Орталық Қазақстан аймағынан табылған тұңғыш алтын адамға кездесті. Толығырақ »
Қаланың жаны – кімнің жаны?
Қаланың жаны – қала адамдарының ортақ рухани энергиясы, біртұтас жалғыздыққа айналған көптің аңсары мен қалауы, сезінуі мен түйсінуі. Әр қаланың өзіне ғана тән мінез-құлқы, ойлау жүйесі, дүниетанымы, сезінуі болатыны анық. Кез келген қала өз тұрғындарының мінез-құлқын қалыптастырып отырса, адамдар да қаладағы саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени ахуалды жасайды. Алматы – ұлттың ары, тәуелсіздігінің алтын бастауы, тарихының темірқазығы. Ал алматылық дегеніміз кім? Жалпы, ол ұғымның саяси, әлеуметтік емес, философиялық мәні неде? Толығырақ »
Бекмамбетов жуынбай ма?
Қазақ топырағында туса да, өзге елде жетілген, азамат болып қалыптасқан, атағын шығарған Тимур Бекмамбетовты білмейтін жұрт кемде-кем. Ол түсірген фильмдер қазір аса үлкен сұранысқа ие. Тек ТМД шеңберінде ғана емес, әлемдік деңгейде оның аты аталады. Бұл біз үшін мақтаныш. Мақтаншақ қазақтың баласы емеспіз бе, «біздің қазақтар Голливудты бағындырды» деп соғып жүрміз бүгінде. Толығырақ »











