‘Дін’ айдары мұрағаты

Ең ұзақ ораза қай елде?

16 - Тамыз - 2010 / 85 рет оқылды

2009-08-21-crescent

Жаз бойы күн ұясына қонуға асықпайтын Скандинавия елдері ішінде Швеция, Норвегия және Финляндияның солтүстік аймақтарында тұратын мұсылмандардың оразасы қазіргі уақытта 20 сағатқа созылады. Толығырақ »

Темір Тайсон құлшылық қылды

1 - Шілде - 2010 / 248 рет оқылды, 1 рет бүгін

DSC02536

Елордамыздағы «Нұр Астана» мешітіне бір кездері бар әлемді аузына қаратып, кәсіпқой бокстан жүлде атаулының бәрін ұтқан Майк Тайсон келді. Толығырақ »

Сектанттарды сайрандатып қойған кім?

7 - Сәуір - 2010 / 323 рет оқылды

sekta

“Достық” спорт кешені спортшылардың жаттығу алаңынан, Игова куәгерлерінің діни уағыз жүргізететін тұрақты мекеніне айналып барады. Соңғы жарты жылда діни ұйым осында екінші мәрте конгерестерін өткізіп отыр. Жиынға үш мыңнаң аса адам қатысты. Иеговаға табынғандар арасында каракөздер өріп жүр. Толығырақ »

Зымиян ағымдардың зобалаңынан сақтан!

12 - Ақпан - 2010 / 564 рет оқылды

Секта

Оқымыстылар осы ғасырды «діни-руханият соғысы ғасыры болады» деп болжап отыр. Болжағаны құрысын, бұл үнсіз соғыстың басталып кеткеніне де бірнеше жылдың жүзі болып қойды.
Бейресми дерек бойынша, соңғы 18 жылда 500 мың қазақ (олардың бәрі де кодталып, дуаланған) осындай секталарға өтіп кеткен. Толығырақ »

Шоқындыдан шошын!

22 - Қаңтар - 2010 / 326 рет оқылды

Осы күнi қазақ арасында неше түрлi бөлiнiс бар. «Нағыз қазақ», «жаңа қазақ», «шала қазақ», «ауыл қазағы», «қала қазағы» дегендей… Бұған ендi дiни тұрғыда «вахаббист», «суфист», «коранит», «ахмадит» деген тәрiздi бөлiнiстi қосыңыз. «Оңтүстiк» пен «солтүстiк», «батыс» пен «шығыс» деп бөлiнушiлiктi есепке алмай-ақ қойыңыз. Тiптi кейбiреулер «трайбализм« деп түйрегiсi келетiн қазақ iшiндегi руаралық бөлiнiске жылап көрiсетiндей жағдайлар бар. Толығырақ »

«Көп дінді мемлекет» болу шарт па?

2 - Желтоқсан - 2009 / 635 рет оқылды


Бiз – көп ұлтты, зайырлы мемлекеттердiң санатынанбыз. Қазақстан сенiм бостандығы бар бiрден-бiр мемлекет. Халықтың 65 пайызының ақидасы анық, сенiмi ислам жолымен. Қалған 35 пайызы басқа дiндердi ұстанады. 15 млн. халықтың 35 пайызы 4 млн. 286 мың адамды құрайды. Ал, елiмiздегi соңғы уақыттағы тiркелген дiни құрылымдардың саны 4172-ге дейiн жеткен. Егер сол 35 пайызды құрайтын адамдарды мемлекетiмiз бойынша жұмыс iстеп жатқан дiни құрылымдар санына бөлетiн болсақ, әрбiр 1000 адам белгiлi бiр дiндi ұстанады деген сөз. Бұл сонда халқымыздың 35 пайызы исламнан тыс өмiр сүрiп жатыр дегенге келедi. Соңғы бес жылдың көлемiнде ислам дiнiне иланғандардың санында бiршама көбейгендiк белгi бар. Әйтсе де, адасуға апаратын дiни ағымдардың қарасы азаяр емес. Бiр жылдың iшiнде 172 дiни құрылым қосылған. Ислам жамағаты көбейген сайын себепсiз секталардың да үдей түсуi түсiнiксiз жәйт. Мысалы, «Саентология шiркеуi» ағымымен Қазақстанда 5 бiрлестiк жұмыс iстейдi. Ең iрiсi Алматы және Семей қалаларында. Бұл жолды ұстанушылар басында 5 мың адамды құраса, қазiргi кезде олардың саны 30 мыңға дейiн жеткен. Халық арасында туатын кикiлжiңдердiң барлығы осы дiнаралық түсiнiспеушiлiктен болатыны мәлiм. Сенiмi әркелкi адамдардың сөзi бiр жерден шықпайтындығы анық. «Құдай бiреу, оған баратын жол көп» деген қағидамен өмiр сүрiп жатқандардың да саны аз емес. Бұл «қай дiннiң жетегiнен ұстасаң да, адаспайсың» деген терiс пиғыл болса керек. Толығырақ »

Адасқандар

12 - Қазан - 2009 / 711 рет оқылды

Есіміз кіріп, етек-жеңімізді жиғалы бері өмір өзенінде талай тегеурінді толқынның астында қалып кеттік. Суреттеп айтқанда сенім атты падишамыз ылайланбай қалған кезі аз. Оң мен солын танымаған кезімізде біздің үйге әлдебір кітап келді. Оны кім әкелді, қайдан келді, кім сыйлады, есімде жоқ. Бар білетінім, өзімнен үш жас үлкен ағам әлгі кітапты таң атқанша маған оқып берген-ді. Оқиғасы тартымды, суреті қанық сол кітаптың Иса Мәсіх жолын уағыздайтынын ол кезде мен қайдан білейін. «Керқұла атты Кендебайды» оқып иланғандай сезімде болдым. Сендім. Санамдағы сенім атты ақ параққа дақ түсті. Толығырақ »

«ТОЗАҚҚА АСЫҚСАҢ, ПӘТУӘ БЕРУГЕ АСЫҚ»

15 - Қыркүйек - 2009 / 506 рет оқылды

«Адамзатқа бұл ислам толық етiп тасталған» дегенге қалай қарайсыз? Әрине, бұл – Құдайдан үмiтi бар, жүрегiнде иманы бекiген шын мүмiннiң иләһи сенiмi, әзәли пiкiрi, берiк ұстанымы. Расында, Құдайдан шын қорыққан ғана толық мұсылман бола алады. Осы әзәли ақиқатқа құрылған мәңгiлiк ұлы ақиданың түбiне жетпестен, не себептi «анау мынандай, мынау анандай» деген секiлдi шолақ ойлар мен толымсыз бiлiктiлiкке жол бере саламыз. Анығын қарар болсақ, мұның дертiн өзiмiз тудырып отырмыз. Бiз бiлiмдi болсақ, бiлiмсiздер бүйтiп көкiмес едi. «Тозаққа асықсаң, пәтуә беруге асық» депті расулаллаһ. Осы хадистi негiзге алатын болсақ, өзiңдi жұмақтан алшақтағандай, тозаққа асыққандай әрине бiр сезінесің. Өйткенi бүгiнгi қоғам – жөн-жосықсыз сөйлейтiн тiлi ұзындардың уысында кеттi. Толығырақ »

Серіктестер