Статистика агенттiгiнiң әлеуметтiк-демографиялық статистика департаментiнен жыл басында мынадай суық хабарды жеткiзген-тiн. «Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда, 2009 жылдың қаңтар-қараша айларында республикада бала туу көрсеткiшiнiң 0,7 пайызға төмендегенi байқалады. 2008 жылдың 11 айында 334,5 мың бала туылса, былтыр 11 айда 332,1 мың бала дүниеге келген. Жалпы республика бойынша, бала туу коэффициентi әр 1000 адамға шаққанда 22,5 адамды құрап отыр, 2008 жылдың қаңтар-қараша айында бұл көрсеткiш 22,6 адамды құраған», – деп келетiн дерек көздерi жанымызға жабырқатты. Толығырақ »
‘Әлеумет’ айдары мұрағаты
Оңтүстiктiң әйелдерi өсімді өндіріп отыр
Елдік іс және өркениет дәстүрі
Тәуелсіздіктің талабымен және ғаламдық серпілістердің ықпалымен жаңарған Қазақстан халқы – рухани мол байлықтың мұрагері. Ол өресі биік, сан салалы тағылымды мәдениеті мен өркениеттен тамырын үзбеген деңгейіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Бүгінгі адами да, материалдық та мол қазынаның түп-төркіні ғасырлардың тереңіне кетеді.
Батыста және алтайлық тектен бізбен тамырласатын Жапония мен Кореяда «адам ресурсы» деген термин-тіркес бар. Тіпті үкіметтегі министрліктің атаулары осылай аталады. «Ресурсты» біз кейде «қор» дейміз. Бұл сонда қандай қор? Байыптап қарасақ, белгілі мемлекеттегі өткен де, бүгін де, келешек те – қор болып жинақталады екен. Қоғам болып ұйысу, мемлекет болып жұмылу осыған байланысты болатыны түсінікті. Үстірт шолғанда техникалық атаудай көрінетін осы ұғымның елімізде дұрыс қалыптасып, дамуына бәріміз мүдделі болуымыз керек. Толығырақ »
Жабайы жағажай кімді жарылқайды?!
Асан қайғы ағат айтқан емес. Жаратқан қазаққа жерұйықтай жер беріп жарылқады. Атыраудан Алтайға дейінгі аймақты араласаңыз, күллі дүниенің көркемдігіне айырбастамас табиғаттың кереметтеріне кезігесіз. Жиып қана қоймай үйіп, үйіп қана қоймай көзі қиып бере салған ба дерсіз?! Дей тұрғанмен, жаз шықса болды, елдегі ақшалылар Антальяны алыс көрмейді, шамасы жеткендер Швейцариядан бір-ақ шығады. Ал Сіз ше? Күрмеуге келмейтін қысқа жіп секілді еңбекақыңызбен Кариб аралдарына тартып кете аласыз ба? Әрине, жоқ. Әлде елдегі шипажайларды шарлап, жағажайларды жағалап кетесіз бе? Толығырақ »
Уран кеніштері сатылады!
Салықты төлеуден жалтарып, пайданы жасырудың амал-айлаларын меңгерген алаяқ іскер имиджіне Әбілязов мырза 90-жылдары ие болған. Қазақстан жұртшылығы оның түрлі саладағы іс-әрекетінен құлағдар. Өзіне қарасты «Астана Холдинг» компаниясын басқарып тұрғанда, заңсыз қаржы-сауда операцияларымен Әбілязовтың аты шыққан. Мемлекеттік «КЕГОК» компаниясының президенті, энергетика, индустрия және сауда министрі бола тұрып, жеке мүддесіне жұмыс істеген. Ол үшін жауапқа да тартылды. Ал, БТА банкті басқарған кезде қаржы қорларын талан-таражға салып, елдегі ең ірі банкті құлдыратып жіберген. Толығырақ »
«Даму» қоры жауап береді
Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жұмыс істеп жатқаны белгілі. Дегенмен ел арасында оның нақты қандай іспен айналысатыны, кәсіпкерліктің қай түрлерін қаржыландыратыны туралы сұрақ көп. Сондықтан біз бүгін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына осы бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен оның жауаптарын жариялап отырмыз. Назарда болсын! Толығырақ »
Рахат пен ләззаттың айырмасы
Жалпы, адам психологиясы өте қызық дүние. Бүгін былай, ертең алай. Құбылып тұрады. Көбіне көп ондай құбылмалылықты көргенде заманға әкеп тірей саламыз да, қалғанына назар салмаймыз. Кеше ғана бір адамға жағымпазданып, атын Құдайдан кейін қойып, етегіне намаз оқып жүргендер бір күннің ішінде оның аты аталса «астапыралла» дейтін жағдайға жететін болды. Толығырақ »
Елбасы айлығыңды көтереді, шенеуніктер оны теспей сорады…
Айналаң толған парадокс. Таңқала-таңқала таңдайымыз жауыр болатын шығар. Жолдауды айтсам, мырс ете қаларсыз. Бірақ айтуға тура келіп тұр. Әңгіменің негізі сонда жатыр. Обалы не керек, Елбасы сәуірден бастап жалақы, зейнетақы, шәкіртақының көбейетінін айтқан. Ай сайын қолға тиіп отырған қаржыға 25 пайыз үстеме қосылатын болған. Ол қосылды. «Енді неге таңқалып отырсың?» дерсіз. Мәселе мынада… Толығырақ »
Алматы – әр қазақтың жалғызы
Бабылдың (Вавилонның) халқы жау шаппай-ақ, қан шығармай-ақ, қаланың асты тұз болып кеткен соң, тоз-тоз болып бетi ауған жаққа тентiреген. Құдай бетiн аулақ қылсын… Анда-санда ана құрсағындағы бес айлық бала секiлдi Жер Ананың да Алматыда жәй-жәй дүмпу жасайтынды. Бiрақ, тоғыз ай жеткенде оның да толғағы келмей ме?.. Толығырақ »
Халықтың емес, қазақтың көбейгенi маңыздырақ…
ХХ ғасырдың басында ұлт көсемi Әлихан Бөкейханов «Әлхамдулиллах 6 миллион қазақпыз» дегенді тоқмейiлсiп айтқан жоқ. Одан кейiн азуын айқара ашып ашаршылық келдi, оның iзiн суытпастан екiншi дүниежүзiлiк соғыс та басталып кеттi. Сәуiр бұлты қазақтың басына қонғандай, жетi ағайынды жұт алаш жұртының төбесiнен айналып шықпай қойды. 1929 жылғы энциклопедиялық сөздiкте қазақтардың саны 6 миллионнан астам деп көрсетiлгенiн, одан соң арада он-ақ жыл өткенде 2 миллионға бiр-ақ сырғығандығы көрсетiлiптi. Ал сол кезде өзбектер 4 миллионның маңайында болатын. Қазiр өзбектер «жер қайысқан қол» болды. Халқының саны 26 миллионнан астам.
Өткен жылғы араға он жыл салып күттiрiп келген халық санағының да нәтижесi көңiл көншiтерлiктей болды деп айту қиын. Десек, осының өзiн Құдай артық көрмесiн. «Ойбай, азбыз, бiзге қалай да көбею маңызды» деп жүргенiмiзде бiр ауылымызды су шайып кеттi. Оған ұялмай-қызармай «бар-жоғы 45 адам өлдi» деп ретсiз ресми деректi алдымызға ұсынып отыр. Толығырақ »
Қазақстанда күнде бірінші сәуір!
Бүгін жұрт жадырап жүр. Бірі алдағаны мәз. Енді бірі алданғанына разы. Түрлі өтіріктер құрастырылып, суайттардың шашасына шаң жұқпай тұр. Тап бір Тазша бала тіріліп келгендей. Алдар көсе Алаш жұртына айналып соққандай. Әйтеуір телефонға тыным жоқ. Агенттер алдаудың айлалы жолына айналғандай. Толығырақ »











