Желтоқсан – жара, нала, аза, қаза. Кінәлілер тартты ма жаза? Әлде былықтан шықты ма таза? Толығырақ »
‘Саясат’ айдары мұрағаты
Қонаев&Камалиденов: кімдікі шындық?
Басы қисық «Хан шатыр» ненің белгісі?
«Хайтектенген» Астананы қайтсек қазақыландырамыз? Абат қаланы Алаш қаласына айналдыруға кім кедергі? Шыны ыдыстай болған, жанарында жылуы жоқ ғимараттар ұлттық брэндті таныта ала ма? Басы қисайған «Хан шатыр» кімге үлгі, кімге өнеге? Толығырақ »
«Президенттіктен» бас тартамын
Айдың-күннің аманында Ресейдегі ұлттық республикалардың басшылары үш сөзден өздеріне үкім шығарып жатыр. Рамзан Қадыровтың риясыз бастамасының тездетіп қолдау тапқанына «таңымыз» бар. Толығырақ »
Көш соңында кім келеді?
Жапондар қайыршы отырып кеткен жерге бір шөкім тұз себеді. Бұлай етпесең, кедейлік басына келеді. Ырымы солай. Біздегі билік бұтағына бұт артқандар да жөкенің қураған жапырағына қарап, «бісмілләға» басады. Нанымы сондай. Неге десеңіз, кадрлық көші-қонның көктем мен күзге келуі атқамінерлердің биологиялық ырғағын бұзады екен. Көңілі алаңдап, ас қорытуы нашарлайды. Жүрегі өрекпіп, жүйкесі жұқарады. Былайғы жұрт та жазғы аптаптан соң, саяси өмірдің саңылауларынан көз сала бастайды. Кадрлық оқшантайда кімнің қалатынына, кімнің жамбас қалтаға кететініне қызығушылық танытады. Ендеше, осы саланың майын сорған саясаттанушылардың аузына сөз салатын-ақ уақыт. Қарап отырсаңыз, қай сарапшының да айтары келер шақта. Сөйлемі «мүмкінмен» сабақтасады. Себебі, саяси көкжиегін санаулы адам анықтайтын қоғамда болжам жасаудан алғыс алмайсыз. Сонда да… Толығырақ »
Қазақ конституциясы немесе кiрпияздың аяғындағы шұлық
Қазақ Конституциясы мүшелден өтiп, кәмелет жасқа бiртабан жақын. Жасы ұзақ болсын, қабылдаған заңдары пәрмендi, әрi елге тұрақты қызмет етсiн деймiз. Қазақпен бiрге қияметке дейiн жасап, ел үстемдiгiнiң айнымас серiгi болса деймiз де. Бiрақ, барлығы бiз айтқандай, бiз ойлағандай болмаса ше? Толығырақ »
Берік – Жезқазғанның әкімі
Жұрт жұмысына жегілген жігіттер болады. Олар қай салада жүрмесін, қандай қызметте істемесін ұлтқа қызмет қылады. Шын мәнінде халықтың қамын ойлайды. Елдің есесін түгендейді. Сондай азаматтардың бірі ретінде Берік Әбдіғалиді айтуға болады. Толығырақ »
Башқұртстан президенті «мерзімінен бұрын» орнын босатпақ
Башқұрт президенті Мұртаза Рахимов жуық арада президенттік орынтағын босатуы мүмкін. Отставкаға кететіні туралы Рахимов шілденің 12-і күні Мәскеуде Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Нарышкинмен болған кездесуде мәлім етіпті. Толығырақ »
Бас кiшiрейiп, мойын жуандап кеттi…
Қазақ ең бiрiншi анасын құрмет тұтады. Әйелiн әлпештеп, қызын аялап өсiредi. Әлi де солай. Қысқасы, қарындасын қызғыштай қорғайтын да, қызын қырық үйден тыйған да қазақ. «Барған жерiнде оқымаған, сауатсыз» деген сөзден ұялып, ұлына қой бақтырып, қызын тапқан-таянғанымен оқуға түсiретiн де қазақ. Бұл дегенiмiз не? Қыз баласы, жалпы әйел баласы қазақ дүниетанымында үлкен мәнге ие деген сөз. Бұл қылығымыз әйел затын кемсiтуге жата ма? Қайта басымызға көтерiп, алақанға салғанымыз емес пе… Толығырақ »
Астананың брэнді не?
Барлық арна біткен Астананың туған күнін көрсетіп жатқанда менің тіліме Қасым Аманжоловтың «Күркіреп күндей өтті ғой, соғыс» деген өлең жолдары орала берді. Неге екенін қайдам? Жеңімпаз солдаттардай мәз-майрам болған адамдарды көргеннен кейін бе, әлде аспанға атылған от-шашудың молдығынан ба? Білмеймін. Толығырақ »
Парламент парталары бос тұр…
Міне, төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясы да кеше өз мәресіне жетті. Сенаттың 47 депутатынан 45-і, Мәжілістің 107 депутатынан 106-сы қатысқан Қос палатаның бірлескен отырысында Парламент Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов баяндама жасап, халық қалаулыларын өңірлерге шығарып салды. Толығырақ »












