Қоқан хандығы тұсында Оңтүстік өңірде билік жүргізген датқалар туралы тың деректер табылып отыр. Бұл деректерді шымкенттік тарихшы-ғалым Д.Даниярбеков Ташкенттегі архивтен алған.
Оңтүстік өңір мен Ташкентті бағындырған, жергілікті халықты аяусыз қырғыншылыққа ұшыратқан, әсіресе Әулиеата мен Шымкент бекіністерін алуда қатыгездік көрсеткен, әскери жорықты басқарған генерал Черняев, әр атқарған істеріне Петербордағы соғыс министрі Борисовке есеп беріп отырған. Генералдың жіберген құпия хабарламасын оқып танысқанда, Байзақ датқаның қайғылы өліміне тікелей өзі себепші екенін, бәрін өте құпия ұйымдастырғанын ашық жазған. Толығырақ »











