Оппозицияның қуғындағы жетекшісі Әкежан Қажыгелдин Азаттық радиосына берген сұхбатында, Қазақстан билігі елді жаңартуға қабілетсіз екендігін, қоғамның өзі бастама көтеруі керектігін айтады. Толығырақ »
‘Сұхбат’ айдары мұрағаты
Әкежан Қажыгелдин: Билік қазір елді қорғауға қауқарсыз болып отыр
“Қылмыстың” төртінші томы шекараға үш рет келіп, үш рет қайтты”
Белгілі ақын Қасымхан Бегмановтың «Этногарфпен әңгіме» атты кітабы қазір баспада жатыр. Қалың оқырманға жол тартуға жақын. Кітаптың қалай дүниеге келгені туралы, қандай мақсатпен жазылғанын Қасағаң сонда айқын жазған. Біздің айтарымыз бұл кітап ақын мен этнограф Жағда Бабалықұлының арасынғы сыр-сұхбатқа құралған. Қазақтың салт-дәсүріне, әдет-ғұрыпына қатысты дүниенің бәрі қозғалған. Біз бүгін Қасымхан Бегмановтың кітабындағы Қажығұмар Шабданұлына қатысты жерін ғана жариялап отырмыз. Толығырақ »
Нұржан ТӨЛЕНДИЕВ, актер: Кім қанша күйе жақса да, мен сол Нұржан болып қала беремін!
Шыны керек, Нұржанды «ұстау» қиынның қиыны екен. Әуелі «Жұлдыздар отбасының» «Тікелей байланыс» айдарына шақырылған ол шығармашылық сапарынан дер кезінде келіп үлгермеді. Сосын оқырмандардың көкейінде жүрген сауалдардың жауабын актердің өзімен жүзбе-жүз сұхбат барысында алармыз деп ұйғардық. Сонда да Нұржанмен жолығудың еш сәті түспей қойды. Бірде Шымкентте, бірде жолда… Ақырында Алматының орталық мешітінде кездестік. Толығырақ »
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме
Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ,
«Елордалық «Астана» журналы» ЖШС-нің Директор – Бас редакторы:
«Ой кіргелі тимеді ерік өзіме»
Соңғы жылдары өндірте жазып, ғылым мен журналистиканы қатар алып келе жатқан Мақсат Тәж-Мұрат жуырда Алматыға бір келгенінде өзі екі жарым жыл басқарған «Ана тілі» газетінің редакциясына бас сұқты. Орайы келгенін пайдаланып, ағамызды әңгімеге тарттық.
– Ассалаумағалейкүм, Мәке!
– Уағалейкумассалам, молда бол!
– Бізді тастап, Астана асқаныңызға да жарты жылдан асыпты. Үйрендіңіз бе ол жаққа?
– Жерсініп кетпесем де, үйренісіп қалдық қой. Толығырақ »




