НАЗАР - Қазақ журналистерінің қоғамдық қоры

Пәлелі патриотизм
Жазғы демалыста Жамбыл облысының біраз ауылында болудың сәті түскен еді. Ауыл өзгермейді дейміз… Өзгермесе, осы «нюанстар» қайдан шықты? Әрі бұлардың аталған облысқа емес, Қазақстанның басқа да аймақтарына қатысы бар деген сенімдемін.

«Бәйтерек» ескерткіші

Қазір өзін-өзі сыйлайтын әрбір ауылдың әкімі Астана символынан көшірме жасайды. Жасайды да, ауылдағы көлік айналатын «кругтың» қақ ортасына қонжита салады.

Темір-терсектен құралған бәкене «құдырет» Елбасы ойластырған «ежелгі көшпенділердің космогониялық түсінігінен» жұрдай болып, сәулеттік сиқы қалмайды. Қып-қызыл карикатура! Тіпті, демократияның сан өлшеміне салып көрсеңіз де, «Бәйтеректен» клон жасау қисынға келмейді. Мысалы, Францияның қай кантонында (ауылы) Эйфель мұнарасының көшірмесі тұр екен? Әлде, үнділер әр ауылында Тәж Махалды қайта салып шығып па? Ал, біздің ауылдардағы атқарушы биліктің өкілдері «патриотизмді арттырудың жолы осы» деп жаңылып жүр. Мұны біз «бәйтерекомания» деп атадық.

Түрлі-түсті жалауша

Қай ауылға бармайық, кіреберіс көшелері мен орталығында қызыл, сары, көк жалаушалар желбіреп тұрады. Электр бағаналарының адам бойы жетпейтіндей жеріне іледі. Жарайды, Кеңес кезінде осы тұғырдағы қызыл жалаушаның идеологиялық мәні болған шығар. Қанша дегенмен, біртекті қызыл түс сенің Кеңестер Одағында жүргеніңді білдірді. Бізде ше? Сырын білмейміз-ау, сырттан, мысалы АҚШ-тан келген ағайын ауылымызға барса, «О, май гад» деп бетін басады. Себебі, бұл жалаушалар Батыс әлеміндегі сексуалды азшылықтардың байрағына ұқсайды. Айнымайды емес, бірақ ұқсайды. Яки, оларда зоофилдерге, трансвеститтерге, т.б. «иттерге» ілтипатын осындай жалауша іліп қоюмен білдіреді. Бізде шаһарда болса бір сәрі, қазақтың руханият бесігі дейтін ауыл-ауылда желбірейді. Осыны да білмеген патриот көкелерім-ай…

Киіз үй

Дала архитектурасының теңдессіз үлгісі, ата-бабаларымыздың көзіндей болған киіз үйді жаздың өзінде көзіміз шалмады. Оның орнына шамасы келген үйлер 2-3 бөлмелі сарай салып алған. Қарақұрым киізі ойылып, керегесі қаусап тұрған үйді көргеннің өзінде, туысы қайтыс болып, сүйек шығарып отырған үйлер ғана тұрғызған. Өкінішті-ақ… бұрындары ауылдың көркі ауладағы кйіз үймен ашылушы еді.

Өркен КЕНЖЕБЕК.

Қонаев&Камалиденов: кімдікі шындық?
Желтоқсан – жара, нала, аза, қаза. Кінәлілер тартты ма жаза? Әлде былықтан шықты ма таза?

Желтоқсан десе жүрегі ауырмайтын қазақ жоқ. Қазақ қоғамы әрқашан Желтоқсанның шындығын іздейді. Ақиқатын аңсайды. Жалпы шындықты іздеудің өзі адамдық инстингтің бірі. Ас ішу, аяқ босату, ұйықтау, күлу сияқты.  Біздің де түртінектеп Желтоқсанға қатысты дерек жиып жүретін әдетіміз бар. Жақында қазақ қоғамы жек көретін, жексұрын санайтын (дегенмен оның Советтік Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері екенін ұмытуға болмайды) Зақаш Камалиденовтың «Өмір жолдары» атты кітабы жарыққа шықты. Қарап шықтық. Желтоқсанға қатысты жеріне зер салдық. Газет-журнал, теле-радио атаулысының бірде-біреуіне сұхбат бермейтін, өзін қаншалықты қаралап жатса да ақталмайтын Зақаш Камалиденовтың кітабы бір қарағанда біраз шындықтың бетін ашқандай болып көрінеді. Дегенмен күдік тудырар жері де көп. Солардың бірін баян етелік.

Кітапта Камалиденов көтеріліс басталғанын алғаш боп көргенін баяндайды. Өйткені ол отыратын кабинеттің терезесі алаңға қарап тұрған. Келеңсіз жағдайды көре салсымен қалған Бюро мүшелеріне хабарлайды. Колбиннен бастап идеология жөніндегі хатшының (Камалиденовтің) бөлмесіне жиылады. Қысқасы, сол кездегі Қазақстан басшылары көтерілістің басталуын Зақаштың кабинетінен көрген.

Кітапта мынадай нәрсе айтылады. Оған назар аудармай кетуге болмайды.

«Аз-кем ақылдасудан соң Д.А.Қонаев жолдасқа хабарласу керек деген шешім қабылданды. Ол Орталық Комитеттің қазақ хатшыларымен бірге алаңға барып, жастарға мәселенің анық-қанығын айтып беруі керек еді.

О.С.Мирошхин жолдас Қонаевқа «кремлевка» бойынша телефон соқты. Өтініш айтты. Ал Қонаев ол ұсыныстан бірден бас тартты.

Осыдан соң Орталық Комитетің барлық бюро мүшелері Колбиннің кабинетіне жиналды. Сөйтіп Қонаевты Колбиннің өзі арнайы шақырды. Бірінші хатшының шақыруынан кейін Қонаев бюроға келді. Колбин жолдас Қонаевқа алаңға шығып, халықтың алдында қазақ тілінде сөз сөйлеп, жастарды таратуды сұрады. Қонаев оған келіспеді» (орыс тілінен еркін аударған – автор).

Ал Дінмұхамед Ахметұлы не дейді? Қонаев бұған жауапты өзінің «Өтті дәурен осылай» атты естелік кітабында бүй деп жауап береді.

«Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы О.С Мирошхин телефон соқты. Орталық Комитетке келуімді өтінді.

– Жайшылық па? Мен зейнетті демалыстамын ғой?– деп едім, ол:

– Алаңға бір топ жастар жиналды. Олар кеше өткен Орталық комитеттің пленумының шешімін дұрыстап түсіндіріп беруді талап етеді. Жиналғандардың алдында сөйлеп, істің мән-жайын түсіндіріп берсеңіз дұрыс болар еді,– деп жауап берді.

– Жақсы, – деп және мынаны сұрадым. – Колбин келісе ме бұған?

Мирошхин телефон тұтқасын Колбинге берді. Ол Орталық Комитетке келіп, жастар алдында сөйлеуімді өтінді. Мен келісімімді бердім. Табан астынан жиналып, айтқан жерге бардым. Бірінші хатшының кабинетіне кірсем, Бюро мүшелері түгел жиналып, алаңға жиналғандарға не істеу керектігін ақылдасып жатыр екен. Колбин екі адамға: Назарбаев пен Камалиденовке жастар алдында сөйлеуді ұсынды. Маған былай етсеңіз қайтеді деген тапсырма болмады. Колбиннің кабинетінде бақандай екі сағат тапжылмай отырдым. Тіпті менің сөз сөйлеуім туралы әңгіме көтерілген жоқ».

Қонаев осылай дейді. Содан кейінгі әңгімені былай жалғайды:

«Колбин барлық бюро мүшелерін жинап, оларға қоса мені де шақырды. Кірген бойда ол маған:

– Сіз боссыз, дем ала беріңіз. Біз өзіміз-ақ тиісті шара қолданып, тәртіпке келтіреміз, – деді.

Мен шығар алдында Мирошхиннен:

– Не үшін шақыртты, неге сөйлетпедіңіздер? – деп сұрадым.

Ол былай деп жауап берді:

– Ақылдаса келіп, сізге алаңға шығып сөйлеудің қажеті бола қоймас деп шештік».

Бір дәуірдің екі бірдей қайраткері бір жағдайды екі түрлі баяндайды. Әрі-беріден соң Қонаевқа телефон шалғаннан бастап екі түрлі сипатта жазылған. Камалиденов Қонаев келіспеді дейді. Қонаев Колбин сөйлетпеді дейді. Кімге сенеміз? Әрине, қазақ үшін Қонаев есімі қасиетті ұғым. Сондықтан көптеген жұрт Димаш Ахметұлының айтқанына иланары хақ.

Ал Камалиденовтікі не? Ақталу ма? Тарих доңғалағын басқа жаққа бұру ма? Әлде… шындық па?..

Н.ҒАЛЫМЖАН.

Басы қисық «Хан шатыр» ненің белгісі?
«Хайтектенген» Астананы қайтсек қазақыландырамыз? Абат қаланы Алаш қаласына айналдыруға кім кедергі? Шыны ыдыстай болған, жанарында жылуы жоқ ғимараттар ұлттық брэндті таныта ала ма? Басы қисайған «Хан шатыр» кімге үлгі, кімге өнеге?

Бұрнағы күні «Шығармашылық билет» дейтін бірлестік зиялылырадың басын қосып осы сауалдарға жауап іздеді. Жиын барысын сыпыра жазып, айтылған сөзді сол күйінде жеткізу міндет емес шығар. Бірақ осы жиынға қатысқан жазушы Рақымжан Отарбаев тосын бір пікір айтты. Соны жеткізссек.

– Ана «Хан шатырдың» басын қисайтып қойдық. Айтыңыздаршы, хан шатырының басы қашан қисайып тұрып еді?! Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қала әкіміне ұсыныс жасап, «Хан отауы» деген нысанға бір гектар жер сұрадық. Іс тоқтап қалмаса, «Хан отауының» қақ ортасына киіз үй тігіп, жанына жүйрік ат байлап, бүркіт қоямыз. Сосын қобыз үлгісіндегі субұрқақ жасаймыз. Онда су аққан сайын күй ойнап тұрады, – дейді ол.

Батыл бастама. Әдемі ұсыныс. Жоғарыдағы сұрақтың бәріне жауап беретін, бір сөзбен түйіндейтін іс. Бірақ осыны «Хан шатырды» салу барысында биліктің бишігін басқарған, терісін илеген тәуірлер неге ойламаған? Неге түйсігімен сезінбеген? Атын дардай етіп ханға теліген ғимаратта неге қазақылықтың ұшқыны жоқ? Төлтумалығымызды «тропикалық бақ» неге басып озды? Сауал шаш етектен. Жауап жоқтың қасы.

Тағы бір тосын ой келеді. Отарбаев «Хан ордасын» саламыз деп отыр. Бұлай жалғаса берсе, «хана» мен «ханның» айырмасы болмай қалып жүрмей ме? Қазіргі қаптаған «хананың» орнын, әр жерде «хандар» басып жатса қалай болады? Ойландық па? Ойға салдық па?

… Сосын осы жұрт президенттік басқаруды, хандық жүйеге ауыстырудың қамын жасап жүргеннен сау ма?..

Н.ҒАЛЫМЖАН.

«Президенттіктен» бас тартамын
Айдың-күннің аманында Ресейдегі ұлттық республикалардың басшылары үш сөзден өздеріне үкім шығарып жатыр. Рамзан Қадыровтың риясыз бастамасының тездетіп қолдау тапқанына «таңымыз» бар.

Қадыровтың депутаттарына арнаған сөзіне Дағыстан, Ингушетия, Қабарды-Балқар, Қарашай-Шеркес республикаларының басшылары да әскери бұйрық алғандай, бастарын шұлғып қалды. Удмуртия президенті Александр Волков қазір-ақ «президенттіктен» құтылуға асық. Ол «Республикада президенттер емес, айталық республика басшылары болуы тиіс», – деген пәлсапаға көшіпті. Марий Эл республикасының президенті Леонид Маркеловтың де айтары осы. Бурятия басшысы Вячеслав Наговицын өз лауазымын басқаша атау туралы өтінішін Халық Хуралына (парламент) жолдап жіберді. Сонда оларға есіктегі алтын жалатылған тақтайшаларын ауыстыру арман боп келіпті… осы кезге дейін. Бұған, әрине ешкім сенбейді. Себебі, ат ауыстыру акциясында ақ жайманы қара жіппен көктеген Кремль саясаты жатыр.

Бәрінен бұрын бауырлас башқұрт, татар ағайын үшін тарылған өрісте тыныстау, империялық саясатқа иілмеу қиындап барады. Естеріңізде болса, Башқұрт құрылтайы орталықтың астамшыл саясатын ашық айыптаған болатын. Сондағы Мәскеу бағытына айтылған мірдей сөздерден соң, президент Мұртаза Рахымов мансабын қиды. Осыдан соң, басшылыққа келген Рүстем Хамитовтың жан-жүйкесі кіммен жақын болатыны аян шығар. Ол да «президент» сөзінен пәле көріпті. Татарстан ғана бұл дүрмектен тыс. Мәскеудің ызғарына Рустам Миннихановтың (Татарстан президенті) қашан ығатынын уақыттың еншісіне қалдырдық. Әзірге… Кремль заңнамасында бекітілген федеративтік құрылымды қайта қарап, унитарлы ел болудың қамына кірісті. Кешенді кірісіпті. Алғашында Ресейдің Конституциялық соты арнайы ұйғарыммен бірқатар ұлттық республикалардағы заңдардан «суверенитет» туралы баптарды алып тастауды талап етті. Ендігісі мынау. Бұдан кейін ұлттық республикалар мен облыстарды қосып жіберуге қарекеттенуі кәдік. «Аса құпия» грифі қойылған құжаттардың сызбасы «оңтайландыру», «бюджет қаржысын үнемдеу» деген желеулермен көрініс тауып жатса, қайтесіз? Айталық, Орынбор облысына апарып Башқұртстанды қоса салса.. Қалай десек те, бұл түбі түркі татар, тыва, саха, башқұрт, чуваш ұлттарының өзін-өзі сақтау қабылетіне сынақ болмақ. Тек осы сынақтың тарихтың қайта келер әлеуетіне тап болуын тілейік.

http://orkenegro.wordpress.com

Көш соңында кім келеді?
Жапондар қайыршы отырып кеткен жерге бір шөкім тұз себеді. Бұлай етпесең, кедейлік басына келеді. Ырымы солай. Біздегі билік бұтағына бұт артқандар да жөкенің қураған жапырағына қарап, «бісмілләға» басады. Нанымы сондай. Неге десеңіз, кадрлық көші-қонның көктем мен күзге келуі атқамінерлердің биологиялық ырғағын бұзады екен. Көңілі алаңдап, ас қорытуы нашарлайды. Жүрегі өрекпіп, жүйкесі жұқарады. Былайғы жұрт та жазғы аптаптан соң, саяси өмірдің саңылауларынан көз сала бастайды. Кадрлық оқшантайда кімнің қалатынына, кімнің жамбас қалтаға кететініне қызығушылық танытады. Ендеше, осы саланың майын сорған саясаттанушылардың аузына сөз салатын-ақ уақыт. Қарап отырсаңыз, қай сарапшының да айтары келер шақта. Сөйлемі «мүмкінмен» сабақтасады. Себебі, саяси көкжиегін санаулы адам анықтайтын қоғамда болжам жасаудан алғыс алмайсыз. Сонда да…

Досым СӘТПАЕВ, Тәуекелді бағалау тобының директоры:

Мусин орын ауыстыруы мүмкін

­– Бұрындары Қазақстандағы кадрлық ауыс-түйістің мезгіл-маусыммен жүргізілетінін байқасақ, қазір мұндай заңдылық атымен жоқ. Кадрлық саясаттағы өзгерістер кез-келген уақытта болуы мүмкін. Әрі қайбір шенеуніктің кресло ауыстыруы алдыңғы қызметіндегі абыройына, іс нәтижесіне байланысты болуы міндет емес. Әрине, қалыптан тыс жағдайлар қашанда болып тұрады. Мысалы, Даниал Ахметовтың мансабын өз еркімен мансұқтауы… Біздің өкінішімізге қарай, кадрлық ауыс-түйістер атқамінерлердің кәсіби біліктері мен бұрынғы қызметтеріндегі табыстарына қарап жасалынбайды. Әдетте, мұндай өзгерістерден классикалық кадрлық қисын іздеудің өзі қиын. Бізде «кресло мәселесіндегі» шешімдер аппаратішілік ойындардың нәтижесіне қарап, шығарылады. Бұл жерде кандидаттардың саяси електен өтіп тұруында Елбасы факторын да естен шығармаған абзал.

Ал алдағы күзден қандай да бір кадрлық өзгерістерді күткен дұрыс шығар. Дегенмен, негізгі қорытындылар жылдың аяғына қарай, әкім-қаралардың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша тапсыратын ақпарларына қарап шығарылады. Үкіметтің экономикалық блогы осы жылдың басында жасақталғандықтан, оның әлі біршама уақытқа иелігі бар. Осы күзде өзгерістер тек әлеуметтік блоктың жетекшілерін ғана орнынан қозғайтын болады. Демек, кадрлық өзгеріс бола қалса, алдымен денсаулық сақтау, білім және ғылым, әлеуметтік қорғау салаларына жауап беретін министрліктерді шарпиды. Ауыл шаруашылығы министрлігінде белгілі бір өзгерістер басталып та кетті. Президент әкімшілігінің жетекшісі мен Президенттің іс басқарушысына келетін болсақ, әдетте бұл орынға келген азаматтар көп тұрақтамайды. Ендеше, Аслан Мусин мен Сарыбай Қалмырзаев осы күзде орынтақ ауыстырып жатса, ғажап емес. Алайда, біздегі кадрлық саясаттың ең қызығы, қандай өзгеріс болса да, мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасына әсер етпейді.

Шәріпбек ӘМІРБЕКОВ, саясаттанушы:

«Техникалық үкімет» тапсырмаға тежеу ме?

– Қазақстан үкіметін «техникалық үкімет» деп атаса әбден болады. Себебі, оның Президент бағдарламасын, тапсырмасын жүзеге асырудан басқаға мойын бұратын халы жоқ. Біздің үкіметтің мойнына үлкен тапсырма ілініп тұр. Ол – елдің дағдарыстан кейінгі дамуы. Міне, осы мәселені жайғауда жаңа үкімет жасақтау қажет деп білсе, оны Елбасы шешеді. Қазір бүкіл әлем қаржылық дағдарыстан кейінгі саяси-экономикалық дамуына көңіл бөліп жатыр. Еліміз де осы бағытта инновациялық даму бағдарламасына сенім артып отыр. Аталған сенімнің ақталу-ақталмауына қарап, қазіргі үкіметтің «тағдыры» таразыға түсетін болады.

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

Үкіметбасы жаңаруы мүмкін

– Премьер-министр үш жылдан артық отырмаушы еді. Кәрім Қажымқанұлы бұл лауазымдағы жеке ғана емес, жалпы рекордты жаңартып кетті. Сондықтан, биыл үкіметбасы жаңғыруы мүмкін. Біздің мемлекетте ол –таза техникалық қызмет. Дегенмен премьер көп отырса, қайбір элиталық топтың ықпалы күшейіп кетеді. Құқық саласын реформалауға байланысты да күштік құрылымдардың жұмысында өзгерістер жүріп жатыр. Демилитаризация үрдісі қарқын алды. Сонымен бірге, Президент әкімшілігінің де қызметі біраз жұмсарды. Себебі, елімізде басқа да саяси институттар қалыптасып, рөлдері күшейіп келеді. Айталық, Мемлекеттік хатшы…

Мұхит АСАНБАЕВ, саясаттанушы:

Парламент таратылуы мүмкін

– Нұртай Әбіқаевтың ҰҚК-ге қайта келуінен-ақ, дәстүрлі күзгі ауыс-түйістің кезегі басталып кетті. Осы саяси маусымда жоғарғы биліктегі жайлы орындардың біразында өзгерістер болуы мүмкін. ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті бізде өтетіндіктен, ішкі аренада қозғалыс болмай қоймайды. Парламент таратылуы мүмкін. Мәжілістің мінбері тағы 2 партиямен, айталық «Ақжол» мен «Әділет» партиялары келуі мүмкін. Парламент ауысқан соң, Үкімет те ауысуы тиіс. Мәсімовтың мәселесіне келсек, оның орнын босататын уақыты әлдеқашан жеткен сияқты. Себебі, зиялы қауымның ішінде де, оппозиция сапында да оған деген қарсылық күшейіп келеді. Тіптен, оның көмекшісінің бір даулы істерге қатысы бар деген де сыпсың әңгіме жүр жұрт арасында.

Сөз соңы: «Балапанды күзде санайды». Шенеуніктердің де шен алып, үстел жаңартып, сөмке ауыстыратын шағы – күз. Жаңа маусымның шымылдығы ертең ашылады десек, ең басты күтілетін оқиғасы, әрине Кәрім Мәсімовтың орнынан кетуі болмақ. Әзірге үкіметтің жұмыс стиліне Елбасынының көңілі тоқ сияқты… Бірақ, бұл үрдістің жалғаса беруіне саяси үрдістің басқа да салмақты ойыншылары ырза бола қоймас. Демек, алдағы күздің ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық легі Мәсімовтың лауазымын сақтап қалу қабілетімен байланысты болмақ.

Өркен КЕНЖЕБЕК,

«Халық сөзі» газеті, №8 (31.08.2010)

Коллаж «Жас Алаш» газетінен алынды.

«Мен жастарға сенемін!»
Сағым келешектiң келбетi бүгiнгi жастардың ой-өрiсi мен болмысынан, оның ұстанымы мен адами қасиеттерiнен көрiнiс табуы тиiс. Әлбетте, тәрбие тетiгi жастарға қарай бағытталатыны белгiлi. Оның өзiндiк физикалық-психологиялық себептерi әмбеге аян. Бала мiнез бiр қадам кейiн шегiнiп, жастық албырттық пен күш-қайрат алға озған кезде адамның өмiрлiк мақсат-мұраты мен болмысының алғышарттары қаланады. Осындайда «ел ертеңi дерлiк жас қандай болуы тиiс?» деген заңды сауал туады.

Тәуелсiз елдiң жарқын болашағы – жастар. Бұл тiркес қаншалықты жаттанды болғанмен, соншалықты үлкен маңызға ие. Кешегi ақынның ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемiн» деп жырлаған келелi сөз әлi күнге дейiн көпшiлiк арасында ұран ретiнде айтылып жүр. Демек, бұл сенiм жалғаса бермек.

Жалпы Қазақстан халқының 30 пайызын жастар құрайды екен. Бұл – үлкен көрсеткiш. Бiрақ, осы жастардың барлығы өз деңгейiнде бiлiм алып, сауаттылығын арттырып жатыр ма? Мәселе осында…

Осыған орай «Назар» қазақ журналистерінің қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Қазақ жастарының болашағы қандай?» атты тақырыпта жиын өттi. Оған бiрқатар белсендi жастар мен студенттер қатысып, қазiргi қазақ жастарының заманауи ұстыны турасындағы ойлары мен пiкiрлерiн ортаға салды.

Жиында өз пiкiрiн ортаға салған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң магистранты Досмұқан Амандықов:

– Бүгiнгi жастардың отаншылдық рухын көтеру мәселесiнде көптеген шаралар атқарылып жатыр. Дегенмен, бiздiң ойымызша дәл қазiргi уақытта жастардың отаншылдық рухы салыстырмалы тұрғыда көрiнiс табатындығын айта кетуiмiз керек. Бұл ретте өткен ғасыр басындағы Алаш қозғалысынан бергi тарихты алып қарар болсақ, ұлт-азаттық жұмыстарда, көтерiлiстерде, бой көтерулерде көбiне белсендiлiк танытқан қазақтың жастары екенiн көруге болады. Бұдан бөлек Қазақстанда сол уақыттарда 20-дан астам жастардың жасырын ұйымдары болғандығын қазiр бiлiп отырмыз. Бұл жастар белсендiлiгiнiң соңы 86-шы жылдың оқиғасына алып келдi. Яғни, сол кездегi жастармен салыстырғанда қазiргi жастардың отаншылдық, ұлтжандылық рухы қаншалықты көрiнiс тауып отыр? Қазiр мәдени-көпшiлiк шаралар ұйымдастыру арқылы немесе есiрткiге қарсы, iшiмдiкке қарсы шаралар арқылы отаншылдық тәрбиеде науқандық деңгейдегi шаралардың жүретiндiгi байқалады. Шын мәнiнде жастардың ұлтжанды, отаншыл ретiнде қандай жұмыстар жасап жатқанын, олардың деңгейi қандай екенiн анықтау барысында осы басқосуға жиналып отырмыз, – деген ой айтты.

Жиынға қатысушылар сонымен қатар жаһандық үрдiстердiң мемлекеттердiң мәдени-рухани кеңiстiгiне, жастардың сана болмысына айтарлықтай әсер етiп отырғаны, жастарға ұлттық рухта тәрбие беру жөнiнде, мемлекеттiк жастар саясаты мен патриоттық тәрбие берудi ұтымды жүргiзудегi мемлекеттiк мекемелер мен қоғамдық бiрлестiктердiң маңызын арттыру турасында ой бөлiстi.

Сая НҰРЖАНҚЫЗЫ.

Қазақ конституциясы немесе кiрпияздың аяғындағы шұлық
Қазақ Конституциясы мүшелден өтiп, кәмелет жасқа бiртабан жақын. Жасы ұзақ болсын, қабылдаған заңдары пәрмендi, әрi елге тұрақты қызмет етсiн деймiз. Қазақпен бiрге қияметке дейiн жасап, ел үстемдiгiнiң айнымас серiгi болса деймiз де. Бiрақ, барлығы бiз айтқандай, бiз ойлағандай болмаса ше?

Алла тағаламның да ақтық пайғамбарды араб ұлтынан таңдауы бекер болмаған шығар. Егер Құран қазақтың қолына түскенде, баяғыда басын аяғына, аяғын басына әкелер ме едi, кiм бiлсiн?

Бұрынғы қазақ хандары әдет-ғұрыптарымен ұштастырған «хан қағидалары» бүгiнде «Ата Заң» болып өзгердi. Аты ғана өзгерiске ұшырамай, затына шейiн кейпiн өзгерттi. Бұрын бiлдей бұқараға қызмет ететiн заң қағидалары бүгiнде бүтiндей бiр белгiлi топтардың сойылын соғып кеттi. Құдайдан кейiнгi құдыреттi иемденген соттың да сойылы суық болып тұр.

1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясы не себептi кiрпияздың аяғындағы шұлық секiлдi күнде ауысып тұрады? Қазақ конституциясына қатысты «өзгерiп тұрады», «ауысып тұрады», «жаңарып тұрады» деген әртүрлi тiркестер қолдануға болады. Бiрақ, кiм үшiн жаңарып, кiм үшiн ауысып, кiм үшiн өзгерiп жатқандығы түсiнiксiз. 15 жылдың iшiнде ҚH Конституциясына 1700-ден астам өзгерiстер енгiзiлiптi. Осының өзi көп нәрсенiң дәлелi емес пе?!.

Досжан ДIЛДАБАЙ.

Берік – Жезқазғанның әкімі
Жұрт жұмысына жегілген жігіттер болады. Олар қай салада жүрмесін, қандай қызметте істемесін ұлтқа қызмет қылады. Шын мәнінде халықтың қамын ойлайды. Елдің есесін түгендейді. Сондай азаматтардың бірі ретінде Берік Әбдіғалиді айтуға болады.

Бекең мемлекеттік қызметте де, жеке секторда да, бизнестің айналасында да, тіпті оппозицияда да қызмет қылды. Дегенмен ол қай жерде болмасын ұлт үшін жұмыс істеді. Әңгімені созбақтай берудің керегі жоқ. Бір ғана «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қорының өзінде туған тілдің көсегесін көгертетін, ұлттың ұжданын ұштайтын талай бәтуалы шаруа атқарды. Сол Берік Ұлытау ауданының әкімі болғанда да жұрт шын ниетпен қуанды. Енді міне, Берік Әбдіғали Жезқазған қаласының әкімі қызметіне кірісті. Біз Бекеңе жаңа қызметте табыс тілейміз. Құтты болсын!

Zamandas.kz интернет сайтының ұжымы.

Білім күні қыр астында, ойбай, мектебіміз қайда?
Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың назарына!Биылғы қыркүйекте еліміздегі мектептерге 2 496 465 оқушы барады екен. Осы оқушылардың 300 мыңға жуығы мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Демек, бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны былтырғы жылға қарағанда 60 156 балаға артпақ. Бұл нені көрсетеді? Еліміздегі əлеу-меттік жағдайдың жақсарып, демографиялық хал-ахуалдың дұрысталып келе жатқанын меңзейді. Алайда балдырғандарды жаңа оқу жылына қабылдап алуға жасалып жатқан дайындық өз деңгейінде емес екен. Астанаға іргетасы тиіп тұрған үш ауылдың жанайқайын кім естір?

Мүлгігендер мен қалғығанды министр оятты

Осы жайында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Астана, Алматы қалалары мен облыстық білім басқармаларының басшыларымен өткізген кеңесте баса айтты. Ми-нистрлік таратқан мәлімет бойынша биылғы оқу жылында 7 537 мектеп оқушы қабылдайды. Олардың 67-сі жаңа мектеп. Бұл мектептердің 28-і республикалық, 39-ы жергілікті бюджеттің есебінен іске қосылмақ. «Бұл апатты жағдайдағы мектептердің санын 58-ге, ал 3 ауысымда жұмыс істейтін мектептердің санын 14-ке дейін қыс-қартады», — дейді министр. Тағы бір айтқаны: 650 мектеп күрделі жөндеуден өткен, осы мақсатқа 14,9 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Сонымен қатар, 5238 мектепке жүргізілген ағымдық жөндеулерге 5 млрд. теңгедей қаржы жұмсалған. Бірақ мектептердің жылыту маусымына дайындығы көңіл көншітпейтіні анықталған. Осы жерде басты назарға алатын нəрсе, алдағы оқу жылы мəселесін Үкімет басшысы қатты қадағалап отырған көрінеді. «Жалпы, оқу жылына, əсіресе жылыту кезеңіне дайындық дұрыс болмаған жағдайда, Үкімет басшысы айтқандай, жергілікті əкімдер мен білім саласының басшыларын жұмысынан босатуға дейін шара қолданатын боламыз», — деді министр.

1-қыркүйек жақындаған сайын «қалғып» кеткен əкімдер мен «мүлгіп» кеткен білім басшыларына тықыр таянды. Жасалып жатқан игі істерге мысық құсап көзді жұма қарап, «ауызды қу шөппен» сүрте беруге болмас. Атқарылған жақсы жұмыстар бар.

Министрдің есебі мен айқайынан кейін біз Астананың маңайындағы ауыл-аймақтардағы мектептерге ат басын бұрдық. Қолымызға «шырақ» ұстап бəле қуған жоқпыз. Не көрдік, не сездік, соны ғана қағаз бетіне түсірдік.

Кеңестің шекпенін киген қайран мектеп!

Ақмола облысына қарайтын Қоянды ауылы Астанаға 15 шақырым. Қазақ үшін ат шаптырым жер. Қаланың ішін шарлайтын №38 маршрут автобус әр 20 минут сайын қатынайды. Ауылда салынып жатқан үйлер жетерлік. Құмырсқаның илеуіндей тіршілік қай-нап жатыр. Халық тығыз шоғырланған сайын мектеп, аурухана, балабақша т.б. мәдени орындарға сұраныс артатыны сөзсіз. Қалаға қарай емініп, етек жайып келе жатқан Қоянды ауылында 4 мыңға жуық халық тұрады. Бәрі дерлік өзіміздің қара көз ағайын. Көпшілігі атажұртқа оралған бауырларымыз. Кейінгі жылдары Қоянды ауылының басынан қиыншылықтың қара бұлты сейілмей тұр. Жесір дауы ұмыт болса да, жер дауының найзағайы ауылдың төбесінде әлі күнге ойнап қояды. Осы жайында газетіміздің өткен бір санында кеңінен тоқталғанбыз.

1-қыркүйек жақындаған сайын бұл ауылдың бір ескі «ауруы» қозады екен. Емі табылмай келе жатқан аурудың аты — Мектеп. Баяғыда, Кеңес дәуірінде 40 үйге шақтап, 9 сыныптық орта мектеп салынған. Барып көрсеңіз шошисыз. Мектеп деп айтуға ауыз бармайды. Кіріп барсаңыз, Кеңес дәуірінің «исі» аңқиды. Қуықтай-қуықтай бес бөлме, әлем-жәлем боялған еден мен қабырға. Осындай мектеп қандай сапалы білім бермек? Бұл мектепте күні бүгінге дейін 260 бала үш ауысымда оқып келіпті. Биыл да оқымақ. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» дегендей, байғұс ата-аналар көзінің қарашығындай балаларын көз алдында оқытқанды жақсы көреді. Бірақ бәріне бірдей Кеңестің «шекпенін» киген мектеп «құшақ» жая алмайды екен. Себебі ауылда мектеп жасындағы 1200 бала бар. Сондықтан бұрыннан оқып келе жатқандары ғана қабылданады. Кейін келгендерге орын жоқ. Жаңа мектеп салу жайы 2008 жылдан бері көтеріліп келеді. «Парламент, Үкімет, керек десең Елбасының өзі құлағдар», — дейді ауыл жұрты. «Жартасқа бардым, күнде айқай салдым, одан да шықты жаңғырық», — демеп пе еді ұлы Абай. Соның кебі келіпті. Осы жерде айта кетер тағы бір жайт, Астанаға телмірген Қоянды ауылы Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарайды. Астанаға «үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны» осыдан-ақ белгілі. Облысты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған бұрынғы облыс әкімі Альберт Рау Қоянды ауылына бір рет ат ізін салыпты. Біз суреттеген жатаған мектепті көріп жағасын ұстапты. Үйіп-төгіп уәдесін беріп кеткен. Уәдесін орындауға үлгере алмады-ау, Алекең сол кеткеннен оралмады. Ал бүгінгі әкім Дьяченкоға бұл жағдай жете қойған жоқ. Қазақтай шыдамды халық жоқ шығар деген ойға қаласың кейде. Неше жылдан бері мектептің жырын жырлап келеді. Бір Қоянды емес, Астананың маңындағы қаншама ауылдар осы кепте. Сөзге сүйеніп алған шенеуніктер «бәрі жақсы, бәрі керемет» деуден танбайды. Қазақстанның даңқы әлемді шарлап кеткенде, қазақ ауылдарында қазақ мектебінің жағдайы мүшкіл деп айтудың өзі ұят екен.

Енді Қоянды ауылындағы мектеп жасындағы 1200 баланың тағдырына көз салайық. Олар жылдағы дағдысымен биыл да Астанаға қатынап оқиды. Жазда шаң жұтып, алысып-жұлысып барар-ау, сақылдаған сары аязда жас жеткіншектерге тіпті обал. Осы жағдай биліктің жүрегін ауыртпай тұрғанына қынжылады халық. Әйтпесе 100 пайыз қазақ тұратын ауылға 1 қазақ мектебі салынар еді ғой. Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына қалай енбей қалды екен бұл ауыл? Халықтың «зарына» құлақ түріп, мектеп салынбауына не себеп екенін білмекке ауыл әкімі Сүгірәлиев Дәулет Байділдәұлына кірдік. Әкімнің айтуынша, мектеп салуға жер 2008 жылы бөлініпті. Сметасы дайын. Жоба бойынша 960 балаға арналған үлкен мектеп салынбақ. Қолды байлап тұрғаны — қаржы бая-ғы. Ұққанымыз — республикалық бюджеттен ақша бөлінбейінше, қазақ мектебі салынбайды. «Әкесі өлгенді де естіртеді» деген нақыл сөзді осы жерде пайдаланғым келіп тұр. Басқаша айту мүмкін емес. Мектепке бөлінген жер жата-жата әбден «сүрленіпті». Сүріні сүйіп жейтін халықпыз ғой, сүрленген жерді сүбелі мектепке айналдырып, ел игілігіне тартар күн қашан туар екен?

Төрт жыл сағыздай созылған “сақалды құрылысқа” жан бітті

Газетімізде қайта-қайта сынаған Есіл ауданынан жағымды жаңалық келді. Жұмысы тоқырап қалған қазақ мектебінің құ-рылысы қайта басталыпты.Ар-найы барып көріп қайттық.

Ақмола облысы, Есіл ауданындағы қазақ мектебінің қиын жағдайы газетімізде бұған дейін де бірнеше рет жазылған. Талан-таражға түскен мемлекет қаржысын айтсаңшы бә-рінен. Төрт жыл бойы «сен салар да мен салардың» кебін киген сақалды құрылысқа биыл Тәңірдің «оң» көзі түскен тәрізді. Лайым ұзағынан сүйіндірсін. Республикалық бюджеттен үйелеп «жатып» қалған қазақ мектебін «орнынан» демеп тұрғызу үшін 421245731 теңге бөлініпті. «Аузы күй-ген» облыс басшылары қадағалауды күшейткен. Әр тиын есепте көрінеді. Бұған да тәубе дейік. Болашақта салына-тын құрылыс 420 балаға арналған үш қабатты қазақ орта мектебі болмақ. Бұған дейін аралас мектептерде оқып келген қазақ балаларының келешекте «тәуелсіз» өз мектептері салынбақ. Осы жерде елең еткізер жағымды «жаңалыққа» «көңілі» қалған халық-тың бірі сенсе, бірі сенбейтінін баса айтуымыз керек. Мектеп құрылысы 4 жыл бойы сағыздай созылып, сағымдай арбаса қайтпек. «Шыдамның да шегі бар» емес пе? Сонымен, үміт пен күдік арқалаған Есіл ауданындағы қазақ мектебінің «жетім қыздың тойындай» болған құрылысы жақында қайта қолға алыныпты. Құрылыс толықтай 2011 жылы бітуге тиісті. Тапсырыс беруші әрі қадағалаушы Есіл ауданының құрылыс бөлімі екен. Мердігер — «Көк-шетаустрой» ПСК ЖШС. Тоқырап қалған құрылыстың өн бойына «қан жүргенін» сырық мойын крандар мен техникалардың қимыл-қозғалысынан аңғаруға болатындай. Жанданған құрылысқа қарап тұрып, «тпә-тпә, тіл-көзіміз тасқа» дедік.

Күйген жар ауылы да жетімнің күйін кешуде

Күйген жар ауылы да Астанаға 13 шақырым. Тиіп тұр. Күйген жарға барып қалаға көз салсаң, бұл ауылдың билікке айтар ешқандай өкпесі жоқтай көрінуі мүмкін. Арқа сүйер Астанасы қасында тұрған ауылдың бүгінгі хал-жайына тоқталып көрелік ендеше. Мұнда да әр қиырдан келген қазақтар жер алып, баспана салып жатыр.Астанадағы құрылысқа білек сыбана кірісіп, нәпақасын айырып жүргендер де жетерлік. Ауыл күннен-күнге көркейіп өсіп келеді. 500-ден астам адам тіркеуге тұрып үлгеріпті. Тіркелмеген, пәтер жалдап жүргендері қаншама?! Бауырларымыздың Астананың іргесіне көптеп шоғырлануы көңілге қуаныш ұялатады. Келешекте қазақтың санын арттыруға, демографиялық даму жасауға осындағы жастардың белсенді үлес қосарына сенім мол. Бірақ бұл үшін жағдай жасалуы керек қой. Мектеп, аурухана, т.б. инфрақұрылымдар салынып дегендей. Әзірге мұндай іс-шаралар атқарылып жатқаны бай-қалмайды. Күйген жар ертеректе Мичурин кеңшарының бөлімшесі болған көрінеді. «Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмайды» демекші, ауыл әлі күнге билік басындағыларға бұрынғы қалпында елестейтін шығар. Халықтың күн санап көбейіп келе жатқанынан олардың бейхабар болуы да бек мүмкін. Әйтпесе жарқыратып бір қазақ мектебін салар еді ғой. Мектеп жоқ екен деп қалмаңыз. Мектеп бар. Өткен ғасырдан қалған бала-бақша үйін «сылап, сипап», «өңін» айналдырып, күрделі жөндеу жүргізу арқылы қазақ орта мектебін жасаған. Осы «ұядан» қаншама жеткіншек білім нәрімен сусындап, қияларға қанат қақты десеңізші. «Сыры кетсе де, сыны кетпеген» «құрқылтайдың ұясындай» бұл мектепте тағы да биыл 92 бала оқымақ.

Мектеп директоры Серік Сабыр-ұлымен жүздесудің сәті түсті.

— «Мен біраз жылдардан бері осы мектептің директорымын. Бұрындары бұл ауылда мектеп болмаған. 15-20 үйге шақтап балабақша салынғаны болмаса. Біз сол балабақшаны мектеп қылып отырған жайымыз бар. Шағын-шағын 5 бөлмеде 92 бала сығылысып, екі ауысымда оқиды. Биыл 10-11 сыныптар болмайды. Себебі бала саны аз.

— Қалайша? Ауылда 700-ге тарта халық бар емес пе?

— Ия, соншалықты халық бары рас. Олардың көбі жастар. Мынадай жағдайы төмен, бөлмелері тар мектепке кім баласын оқытқысы келеді? Ол үшін халықты кінәлауға болмайды ғой. Қазақ мектебі салынады деген дақпырт шыққалы да көп болды. Әзірге ешқан-дай өзгерісті көріп тұрған жоқпыз, —дейді директор.

Мектептің ішіне кіріп араладық. «Қыздың жиған жүгіндей» бәрі орын-орнында. Бір түрлі жинақылық байқалады. Директордың, мұғалім-дердің бөлмесінен бөлек компьютер сыныбы бар екен. Онда 13 компьютер орналасқан. 18 мұғалім тұрақты жұмыс жасайтынын естідік. «Бәрі жақсы көрінер алғашында», — деп халық әнінде айтылмаушы ма еді. Сол рас ау тегінде. Біз сын көтермейтін мектептің ішін, шамалары жеткенше түрлентіп қойғандары үшін. мектеп ұжымының риза болдық. Ал орта мектептің атына заты сай емес екенін баса айтуымыз керек. 700-ге тарта халқы бар ауылға әлі күнге қазақ мектебінің салынбауы естіген құлаққа ұят. Үкімет үйінде отырған көкелеріміздің «айқайласа» дауысы жететін жерде тұрған қазақ ауылының сиқы осындай.

Бір оқушының партасына үш оқушы тіркескен

Астанадан 18 шақырым шалғай жатқан Қараөткел ауылын білмейтіндер некен-саяқ. Кеңес заманында «азан» шақырып қойған аты — «Илинка». Астананың жанында тұрғанымен, Ас-танаға «бағынбайды». Себебі Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарай-ды. Бұл жерде де жүз пайыз қазақ мекен етеді. Өзге де көлік түрлері ағылып жатыр. Осы Қараөткел ауылына да бір қазақ мектебінің «ызасы» өтіп тұр. ХХ ғасырдың 80 жылдары 464 оқушыға шақтап салынған орта мектеп ауылға тарлық көрсете бастағалы көп болған. Алғашында (орыстілді ағайындар көп кезінде) орысша ғана оқытса, бертін келе (қазақтар көптеп көшіп келе бастағанда) аралас мектеп «дәрежесіне» құлдыраған. Кейінгі жылдары (орыстілділер кете бастағанда) «атақ-абыройынан» мүлде жұрдай болған ескі мектеп қазақ тілін мойындап «басын иген». Мектеп №6 қазақ орта мектебі «шенін» алғалы да көп уақыт өтіпті. Қазақияның түкпір-түкпірінен келіп қоныстанған қазақтардың ортақ арманы біреу-ақ. Заманға сай қазақ орта мектебі салынса дейді. Қараөткел ауылында 9000-ға тарта халық тұрады екен. 464 оқушыға арналған мектепте 1000-ға тарта бала күні бүгінге дейін оқып келген. Биыл 993 бала тіркеуде тұр. Әлі тіркеуге тұрмағаны қаншама! Мектептің тарлығынан оқушылардың 3 ауысымда оқыған кездері де болған. Жылдан-жылға мектепке деген сұраныс артып келеді. Айрандай ұйыған халықтың арыз-тілегіне билік құлақ асар емес. Мектеп тар. Шалғайда жатқан алыс ауылдарға бармай-ақ, жақыннан көргеніміз осылар. Астананың дәл іргесіндегі ауылдардың жағдайы мынадай болғанда, биліктің «көзі» жетпейтін шет аймақтар туралы не айтуға болады? Олар жайлы «ішің білсін әлләй-лау» демеске шарамыз жоқ.

Нағашыбай Қабылбеков,

«Қазақстан-Zaman» газеті.

Мейірі қанбаған ұлтшылдық
Қазақтың ұлтшылдығын ойласаң, ешуақытта ұлтшылдыққа мейірі қанбағанын көресің. Кеңестік дәуірде социализмнің материалдық игілігіне cылқия тойған 10 миллион қазақ бүгін ұлтшылдық ауруымен де кемінде бес жыл ауырып тұрса, не арман?!

Ұлтшылдық – адамзаттың ең асыл қасиеті, халқыңа деген антологиялық махаббат, еліңнің әрбір азаматын адамша сүю. Мағжан айтатын «Неге екенін білмеймін, сол қазақты сүйемін» дегендегі тылсым сезім, ішкі ынтықтық – ұлттың «антологиялық махаббаты». Әттең, мағжандық сезімді қазақ тұтас ел болып толқып, жалпақ жұрт болып толғанып басынан бір өткерген жоқ.

«Еуропа – ұлтсыз, Батыс – даңғаза» дейміз шімірікпей. Өзіміздің түрімізге қарамаймыз. Әрі қазақтың Еуропа туралы түсінігін Ресей қалыптастырып отырғанына бір сәт мән де бермейміз. Шынайы өркениет, адамзаттық биік мәдениет, постиндустриалды даму бәсекесінде Еуропадан күн сайын жеңілетін ел – ұлтшылдық ауруын өзін-өзі артықша сүю, өзге кісіні құмырсқа көру шовинизміне жеткізген жартыкеш халықтар – бағасы биік жұрттар жөнінде жетім лепес жасамағанда не қылсын?

Еуропаның ұлтшылдығы дегенде, кеңестік билік «неміс фашизмін» көзге шұқитын…. Бірақ Рейн үшін халық болып күрескен, Моцарт операсына ел болып толқыған немісті олар көп айтпайды. Наполеонды бұрмалауға әзір ел монархқа тән дүниенің бәрін ұлтқа тән етіп, халық еркін білдіретін Ұлттық мәжіліс құра білген, «француз» деген сөзді демократияның баламасы деп ұғынатын ұлтшылдықты айтпайды.

Дәл сол ел қазақ ұлтшылдығын да жөргегінен тұншықтырып, бергі тарихты айтқанның өзінде «пантүркист», «панисламист», «алашордашы», «халық жауы», «ұлтшыл» деп зәрені алды. Ұлтшылдыққа тағылған осындай айып сүйегімізден өтіп кетті ме – тәуелсіздік алғаннан бері ешкім «ұлтшылмын» деп мақтанбайтын болды. Мұхтар Мағауин мен жарықтық Сәбетқазы Ақатайдан басқа жалпақ жұртқа жар сала «Мен ұлтшылмын!» деп мақтанып жүретін қазақты, – рас, – көрмедік. Қазір бәрі «ұлт патриоттары» атанған. Ол не сөз екенін өздері білетін шығар, біз білмейміз.

Қазақтың ұлтшылдыққа мейірі қанбағанын осыдан-ақ көруге болады. ХХ ғасырды алайықшы. Алаш үлкен ұлттық қозғалыс болып, жалпыхалықтық сипатқа жете бергенде, большевизм оның күл-талқанын шығарды. Қазақтың Алаштық ұлтшылдыққа мейірі қанбай қалды.

Тарихи романдардың тууымен басталып, Желтоқсанға ұласқан енді бір ұлтшылдықты коммунистік режим жаныштады. Ауылдағы жұрт ол ұлтшылдықтың да дәмін татып тамсанудан гөрі, зәресі ұшып, баласын «ұлтшыл» болмауға үгіттеп кетті.

Тәуелсіздік алғаннан соңғы ұлтшылдықтың сиқын көрдіңіз – патриотизм деп аталатын, бер жақты ғана қамтитын үстірт дүние.

Ал біз қазақтың ұлтшылдыққа шын мейірі қанатын күні қашан туар екен деп әлі күтіп келеміз…

КЕНЕСАРЫ,

www.azattyg.org