Қыркүйек, 2009

Ұлтын сүйген ұлы жүрек

17 - Қыркүйек - 2009 / 403 рет оқылды, 1 рет бүгін

Астана жақтан азалы хабар жеткенде сенбедік. Күні кеше қазақтың шежірелік тарихын жинап, жоғын бүтіндеп, кемін түгендеп, ұлтына «Қазақтың ауызша тарихы» атты көлемді шығармасын ұсынған Ақселеу Сейдімбекті фәниден бақиға аттанды дегенге қалай сенерсің?! Сұм ажал шеңгелді тырнағын қазақтың жоқшысына салды дегенге қалайша иланарсың?! Қазақтың көшпелі өмірінің көрнісін көзбен көрген, көшелі сөз айтқан ақсақалдардың сарқытын ішкен бекзат жанды арамызда жоқ дегенмен қалай келісерсің?! Амал қайсы? Алладан бұйрық түскен күні, дәм-тұзы таусылған сәтте Ахаң – Ақселеу Сейдімбек те мына жалған дүниені тастап мәңгілік өмірге кете барды. Толығырақ »

Намыс туын кімге ұстатамыз?

16 - Қыркүйек - 2009 / 459 рет оқылды, 3 рет бүгін

Жалған-ай, дүм-дүниенің алдында дәл осылай абыройсыздыққа тап болатын жағдайымыз бар ма еді?! Айтыңызшы. Бес қаруын сайлап, ауыз-мұрнын майлап жіберген 11 жігіт жерге қаратты. Қарадай жер болдық. Әншейінде «бокстан әлемдегі үшінші державамыз» дегенде екпінімізден түйе шайқалады. Кәні, үшінші державалық?! О, дарақылық, сен бізді ұшпаққа шығармайсың!
Толығырақ »

Үлкен қасіретке айналған сағыныш

15 - Қыркүйек - 2009 / 518 рет оқылды, 2 рет бүгін

Қазақстан біздің атажұртымыз. Сонымен қатар мәдени-рухани тамырларымыз тереңге тартқан бауырлас ел. Қазақстан және өзге де ата-бабамыз мекендеген туыс елдерді аралап көру мен үшін үлкен қасіретке айналған сағыныш дер едім.

Фетхуллаһ ГҮЛЕН, ислам ойшылы, әлемдік ағартушы:

Қазақстанды көру – мен үшін үлкен қасіретке айналған сағыныш
Толығырақ »

«ТІЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢДЫ БҰЗҒАН…

15 - Қыркүйек - 2009 / 649 рет оқылды, 6 рет бүгін

Жазғытұрым ел Үкіметі Премьер К.Мәсімовтен бастап жиындарды мемлекеттік тілде өткізіп, тіпті министрлер халық қалаулылары алдында қазақша баяндама жасап, жұртты «әп, бәрекелді!» дегізген.

«Тіл туралы» заңды бұзған ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ »

Өзін өзі өсірмейтін ел…

15 - Қыркүйек - 2009 / 849 рет оқылды, 3 рет бүгін

Сырттағы қазақ ағайындар кел¬се, елге ел қосылады, құт болады. Келмесе ше? Жұт бола ма? Қазақ қалай көбейеді?

Өзін өзі өсірмейтін ел…

Санатына қосылмау үшін қайтпек керек? Толығырақ »

ЕГІЗДЕР

15 - Қыркүйек - 2009 / 623 рет оқылды

Әсілінде, егіздердің дүниеге келуінде үлкен сыр бар екендігі анық. Сондықтан да қайсыбіреулер бұл құбылысты тұқым қуалаушылық десе, енді біреулер адам баласының ағзасындағы (организм) генетикалық өзгерістерге байланысты дейді.

Егіздер… Әсілінде, егіздердің дүниеге келуінде үлкен сыр бар екендігі анық. Сондықтан да қайсыбіреулер бұл құбылысты тұқым қуалаушылық десе, енді біреулер адам баласының ағзасындағы (организм) генетикалық өзгерістерге байланысты дейді. Ал енді біреулер табиғатта сан алуан өзгерістер болған сайын, яғни табиғат соншалықты ластанған сайын егіздер өмірге көптеп келеді деген уәж айтуда. Шындығында солай ма? Бір ғажабы, Қазақстан егіздердің дүниеге келуі жөнінен әлем елдері арасында 48-орынды иемденеді екен. Тіпті қазекемнің егіздеріне Айман – Шолпан, Серік – Берік, Гүлмира – Эльмира, Асан – Үсен, т.б. деген есімдерді беріп, оларды мүмкіндігінше бірдей киіндіруге тырысқаны да белгілі. Мұның өзі көп нәрсені аңғартса керек. Сондықтан да бүгін біз егіздердің дүниеге келуі хақында сыр шертпекпіз. Толығырақ »

Мен дидарласқан ҚАЖЫМҰҚАН

15 - Қыркүйек - 2009 / 611 рет оқылды, 4 рет бүгін

Күш атасы – Қажымұқан бабамызды өз көзімен көрген жандардың қатары селдіреп-сиреп қалғаны анық. Қажымұқанның көзін көріп қана қоймай, дидарласқан жанның бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылының тұрғыны, ұзақ жылдар мектеп директоры болып қызмет атқарған еңбек ардагері Дүйсенбай ЕЛІБАЕВ. Жақында редакциямызға арнайы соққан ардагер ақсақал күш атасын көргенін былайша баяндайды:

Алғашқы жүздесу

1946 жылдың тамыз айы еді. Арыс ауданының (қазір Ордабасы) Темірлан ауылдық кеңесінің Шы­ғыс жағындағы Арыс, Боралдай өзендерінің жағалауына орналас­қан «Ленин туы» елді мекеніне аты әлемге әйгілі балуан, дүниежүзінің бірнеше дүркін чемпионы Әжі­мұ­қан (ел аузында осылай атайтын) кө­­шіп келіпті деген сөз тез тарады. Толығырақ »

ӘЗІЛІҢ ЖАРАССА…

15 - Қыркүйек - 2009 / 740 рет оқылды, 2 рет бүгін

«Сыр сандықты ашып қара, ашып қара, сырласым, сым пернесін басып қара, басып қара, жырласын»! Бүгінгі сыр сандық – әр шаңырақтың төрінде тұрған көк жәшік. Сол жәшік алдына көрермендер күз туса болды, көбірек жиналып алады. Өйткені телеарналардың бәрі жаңа телемаусымды тың дүниелермен, тартымды хабарлармен бастайтыны белгілі. Бұл дәстүрден биыл «31-арна» да жаңылған жоқ, көрермендерге арнаған тарту-таралғысы мол боп шықты…
Толығырақ »

ҚАЗАҚПЕН «ХАН ДОЙБЫСЫ» ҚАЙТА ҚАУЫШСА…

15 - Қыркүйек - 2009 / 663 рет оқылды, 3 рет бүгін


Қазақтың ұлттық спорт түрлерiн санамалап бере аласыз ба? Әрине, қаны қазақ әрбiр адам бұл турасында бiраз сайрай түсетiнi рас. Қазiр қай елдi алсаңыз да, өзiнiң ұлттық құндылықтарының жоқтаушысы бар. Тiптi, олардың арасында өзгенiкiне қол салатындары да жетiп жатыр. Толығырақ »

Қазақ боксшылары үшiн жарыс ерте аяқталды

15 - Қыркүйек - 2009 / 400 рет оқылды, 2 рет бүгін

Италияның Милан қаласында өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатынан жалғыз қоланы қанағат тұтып қайттық. Сәпиев болмағанда не iстер едiк? Қолаға да зар болып қалар ма ек? Толығырақ »

Серіктестер