Қазан, 2009

Балаларға базарлық

31 - Қазан - 2009 / 439 рет оқылды, 1 рет бүгін

Соңғы кездері тарихи туынды, триллерлер мен блокбастерлерді жиі түсіре бастаған отандық режиссерлар өздерін тағы бір жаңа қырынан көрсете бастады. 22-ші қазаннан бастап Алматы кинотеатрларында режиссер Сәбит Құрманбеков түсірген балаларға арналған жаңа туынды көрсетілуде.
Толығырақ »

Ашық хат

29 - Қазан - 2009 / 293 рет оқылды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарына Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетовке

АШЫҚ ХАТ

Қазақ мемлекеті 1991 жылы құрылған жоқ. 1991 жылы қазақ ұлты еркіндік пен азаттық жолында жан пида еткен батыр бабалар күресінің нәтижесінде   тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақ халқының тарихы көне түркілердің бір бұтағы ретінде мыңдаған жылдарға жалғасқандығымен, қазақтың өз алдына азат, тұңғыш мемлекеттілігінің негізі ХІV ғасырда қаланды. Ол мемлекеттің іргесін 1456 жылы Шу өзенінің бойында Керей мен Жәнібек батырлар салып, қазақ хандығының алғашқы ханы ретінде Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлаған. Хандық билік дегеніміз қазақ ұлтын біріктерген алғашқы саяси мемлекеттік құрылым.

Қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігіне 17 жыл 10 ай 24 күн толғанда «Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешені ашылды. Кешеннің қақ ортасында, өзінің тұғырлы орнында тұруға тиісті Керей мен Жәнібек хандардың және өзге де қазақ батырларының қоладан жасалған мүсіндері Астана қаласының шетіндегі иен далаға, қараусыз, сазбалшықтың ішіне күл-қоқысқа тасталған.

Ұлы бабаларымыздың ескерткіші бюджеттен осы жобаға арнайы  бөлінген 100 млн. теңгеге қазақ сәулетшісі Сембіғали Смағұловтың төл туындысы ретінде Қытай Халық Республикасында тапсырыспен жасалынған. Әрі бұл ескерткіш Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауы мен қадағалауының арқасында өмірге келді. Алайда, Елбасының тапсырмасы орындалмай, тарихи тұлғалардың мүсіндері аянышты күйге түскені өкінішті.

Ескерткіштің өзінің лайықты орнында, яғни «Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешенінің басты мүсіндері ретінде тұрмауы қазақ елінің ұлттық ар-намысына тиген ауыр соққы болып отыр.

Сол себепті, Елбасы және Үкімет басшысы, Парламент депутаттары мен Астана қаласының әкімі тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге міндетті һәм бұл іс олардың ұлт алдындағы азаматтық борышы деп есептейміз.

Осы орайда Ұлт атынан біздер, қазақ жастары, 2009 жылдың 16 желтоқсаны, Тәуелсіздік мерекесіне дейін баһадүр бабаларымыз Керей мен Жәнібектің  және қазақ батырларының ескерткіштері «Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешеніне қойылуын талап етеміз!

«Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді Алашты ешкімнің,

Қорлығына бермейміз!». Бұл біздің ұлт алдындағы азаматтық парызымыз.

Abai.kz ақпараттық порталы

«ОБАЛЫНА» ҚАЛҒАН ЖОҚПЫЗ БА?

29 - Қазан - 2009 / 418 рет оқылды

Осы бір мейрам маған «қазан төңкерісін» еске салатын еді… БАҚ атаулы қанша жыл бақырып айтсадағы өкімет бір рет болсын елең етпеген. Талай жазылды. Кейбіреулер «бір тойда екі қалыңдықтың болмайтыны секілді, бір мемлекетте тәуелсіздік күніне арналған екі мейрам болмайды» деп те жазды. Елең еткен біреу болсашы.

Әйтеуір жыл басында мемлекеттік мейрамдар бір жүйеге түсіп, президент мүбәрәк қолын қойып, «Республика күні» деген мейрамнан арылдық. Толығырақ »

АРУАҚҚА ТЫНЫШТЫҚ БЕРІҢІЗДЕР!

29 - Қазан - 2009 / 431 рет оқылды

Қазақтың қанға біткен ғадеті көп. Ас ішіп, аяқ босатып, қысыр әңгіме айтып, өнбес дау қуып, өсек-аяңға ерік беретін мінездері бар. Кей кездері тірі адам түгілі, өлі аруақтың да артынан кесірлі сөз айтып, көрде тыныш жатқызбайды.

Өткен аптада Алаш баласы Ақселеуін аза тұтты. Қырқын өткізді. Астанада өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, бір мектеп-гимназия мен көшенің аты берілетін болып шешілді. Бірақ…

Астана Ақселеуін ардақтап жатқанда, Алматыдағы «Азат» газеті бір бықсықты бастады да жіберді. Ол не бықсық? Айтпағымыз да осы… Толығырақ »

КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК КЕРЕГЕДЕН СЫҒАЛАП ТҰР

29 - Қазан - 2009 / 493 рет оқылды, 1 рет бүгін


Осы аптада Астана билігі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінімен толықтырылған «Қазақ елі» ескерткіш ансамблін ашты. Ал қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек ханның биіктігі бес метрлік қола мүсіндері ашық аспан астында ешкімге керексіз болып жатыр. Астананың батпақты даласында иесіз жатқан Керей хан мен Жәнібек хан және қазақ батырларының қоладан құйылған мүсіндері арнайы тапсырыспен Қытайда жасалыныпты. Олар көрші мемлекеттен 2008 жылдың наурыз айында әкелінген.
Толығырақ »

КЕЙІПКЕРІ ЖОҚ КИНОЛАР

29 - Қазан - 2009 / 630 рет оқылды

Бізде ә десе шетел әртістеріне жүгіретін жаман әдет орнығып алды. Бүгінде шетел актері қатыспайтын қазақ киносын табу – қиынның қиыны. Жо-жоқ, «Көшпенділер» баяғыда жауыр боп біткен тақырып. Мұстафа Шоқайды неге қырғызға береді деп шала бүлінгелі де отырғанымыз жоқ. Бүгінгі әңгіме –басқа.

Фильмге танымал актердің қатысқаны жақсы ғой, бірақ талантты режиссер актердің арқасына тығылар ма? Қазақтан шыққан француз, әлемдік киноэнциклопедияға енген жалғыз отандасымыз Дәрежан Өмірбаевты алыңызшы, қай атақты актерді киносына шақырыпты? Әрі-беріден соң, мықты болсаң, ешкім танымайтын актерден өзің «жұлдыз» жасамайсың ба? «Қыз Жібекті» түсіргенге дейін Меруерт Өтекешованы кім білді? Құман Тастанбеков кім еді? Немесе кешегі «Рэкетирге» дейін Мұрат Бисембин деген кім еді? Толығырақ »

ҚАЗАҚ СПОРТЫ: БІР ҚАДАМ АЛҒА, ЕКІ ҚАДАМ АРТҚА

29 - Қазан - 2009 / 666 рет оқылды, 1 рет бүгін

Көздi ашып-жұмғанша тоғызыншы жылдың да тәмәмдалуына сәл-ақ қалды. Үстiмiздегi жылы жалпы қазақ спортында бiршама өзгерiстер болды. Жеңiлiс пен жеңiс қатар жүретiн бұл өнерде нендей табысқа жеттiк? Шет ел ареналарында көк байрақты елдің намысын қаншалықты қорғай алдық? Сондықтан бүгiн негiзгi деген спорттарға тоқталып, шолу жасап өтсек. Толығырақ »

Жоқшы iзбен келедi

26 - Қазан - 2009 / 368 рет оқылды, 1 рет бүгін

– Бiреулер «Ақселеу Сейдiмбеков ма­­ңайына өз адамдарын жинап жатыр» деп, жоғары жаққа шағым­данған көрiнедi, — дедi Ақаң ма­ған арқасын берген күйi, қарсы қабырғадағы ра­дио­қабылдағыштың сұңқылдақ даусын бәсең­детiп тұрып. Орнына қайтып келiп отырды да: — Бiрақ, мен сенi өзiме жұмысқа аламын, — дедi, кiшкене қатуланып. Осы сәт сертке бергiсiз және бiр сөздi iшiне бүккендей болып көрiндi маған. Сонан соң жұмысқа алу жөнiнде өтiнiшiм жазылған бiр парақ қағазды шұғыл алдына сырғытып, бiр-бiреуi шортан қармақтың үлкендiгiндей имек, iрi әрiптермен сол жақ бұрышына: «Әлiбек Асқаровқа! Әдеби қызметкер ретiнде жұмысқа алынсын!» деген қиғаштама соқты. Толығырақ »

Алаштың алтын сақасы

26 - Қазан - 2009 / 440 рет оқылды

Өмір – аялдама. Құдайдың пәрменімен аз күн аялдаймыз. Тұрақ табамыз. Тіршілік қыламыз. Ғұмыр кешеміз. Сосын мәңгілікке көшеміз. Бұл аялдамаға кімдер келіп, кімдер кетпеді дейсіз. Батыр да, баһадүр де, ақын да, шайыр да, ғалым да, шешен де, дүр де, бай да, бағлан да өмір-аялдаманың қонақтары болған. Рас, біз бұл өмірге қонақпыз. Бірақ қонақтың да қадірлісі болатынын есте ұстаған ләзім.

Сондай сыйлы, құрметті қонақтың бірі де бірегейі Ақселеу Сейдімбек еді. Толығырақ »

Ғасырдың соңғы көктемі

22 - Қазан - 2009 / 491 рет оқылды

Мені телефонның шырылы оятты. Кеш батып қалыпты. Бөлме іші алакөлеңке. Қарным ашып, ұйқым қанбағанға ма, басым қатты зеңіп тұр. Тұруға мүлде зауқым жоқ. Жатқан қалпымда тұтқаны көтердім. Толығырақ »

Серіктестер