Қараша, 2009

Жаса, қазақтың толағайлары!

30 - Қараша - 2009 / 448 рет оқылды, 2 рет бүгін


Оңтүстiк Кореяның Гоянг-Сити қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Оны әсiресе, қазақ спортшылары үшiн өте сәттi өттi десек, қателеспеген болар едiк. Өйткенi төрт бiрдей спортшымыз әлем бiрiншiлiгiнiң алтын медальіне қол жеткiзiп, командалық есеп бойынша Қытайдан кейiнгi екiншi орынды иелендi.
Толығырақ »

Шыңғысханның тұңғышы туралы шындық

30 - Қараша - 2009 / 1577 рет оқылды, 3 рет бүгін

Биыл Жошы ханның туғанына 830 жыл толады екен. Осыған орай «Ана тілі» газеті дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бүгінгі әңгімеге Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, моңғолтанушы З.Қинаятұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Н.Мұқаметханұлы және Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласының бас ғылыми редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Өскенбай қатысып отыр.

Толығырақ »

Аттың сыны

26 - Қараша - 2009 / 1493 рет оқылды, 3 рет бүгін

Арғымағын жоғалтып, тай жүгірткен заман-ай…
(Бұқар жырау Қалқаманұлы)

Мені толғандырған жазушы Сәбит Мұқанов пен ақын Ілияс Жансүгіров. Ал, нақтырақ айтсам қос сыншы Киікпай мен Күреңбай. Бұл екі сыншы да бір атты сынап, қас тұлпарға деген өздерінің жеке пікірлерін білдірген. Бірі ол аттың құнан кезіндегі тұрқын көріп: «Мынау нағыз тұлпар болады», – деп өзінің қарауына алып, сері Ақанның қолына бабын келтіріп табыс етсе, бірі әйгілі Сағынайдың асында: «Бүгін мынадан озатын жүйрік жоқ», – деп, көпшілік алдында жануардың басқа аттардан артық тұстарын көркем сөзбен сынап берген. Алғашқы сыншының сөзі кер құнанның өмір сүруіне, атақ пен абыройға кенелуіне себепкер болса, екінші сыншының пікірі атағы жер жарған тұлпардың қайғылы халде өлуіне түрткі болды. Екеуі де жаңылған жоқ. Өздерін тыңдап тұрған көпшілік пен ауыздан ауызға жеткен аңызды естіп өскен ұрпақтары олардың көреген көздеріне әлі күнге тәнті болумен жүр. Екі сыншының Құлагер туралы айтқандары өте ұқсас болғаны соншалық, тіпті бүгінгі халық ол екеуін шатастырып алады. Екеуін бір адам деп санайтындары да бар. Негізінде олар екі адам. Бірінің аты Киікпай. Ол – Ақан өзіне лайық ат іздеп жүргенде жанына ерткен сыншысы. Екіншісінің есімі бәрімізге таныс – Күреңбай, яғни Сағынайдың асында аламанға шабар аттардың бабы мен бағын бақылап, әр аттың шама-шарқын сараптаған сыншы. Бұл екі сыншы да Құлагердің сынын келістіріп суреттеген. Пәлендей үлкен айырмашылық та жоқ. Тек, бірер жерде екі түрлі көзқарастың барлығын аңғардық. Толығырақ »

Жақында Ақтөбе облысына қарасты Қарауылкелдi станциясында Есен және Аман атты ағайынды егiз жiгiттер 1979-шы және 1983-жылы шыққан «Москвич» автокөлiктерiн қосып, ұзындығы 6,5 метр шығатын шағын лимузин құрастырып шығарған болатын. Егiз жiгiттер өздерiнiң осындай өнертапқыштығының арқасында «лимузиндерiн» үйлену тойларында жалға берiп, қыруар ақшаға кенелiп жатқандығын естiген болатынбыз. Бұл автокөлiктiң ешбiр жерде әлi тiркелмегендiгiне қарамастан тұтынушылары күн санап көбейе түскен. Осы оқиғадан кейiн Ақтөбе облысының қалталы жiгiттерi пайда табудың көзiн тапқандай қалаға лимузиндердiң түр-түрiн апарған. Толығырақ »

Шолпың қайда, шырағым?

25 - Қараша - 2009 / 617 рет оқылды, 3 рет бүгін

Қазіргі қазақ қыздарының көпшілігі шаш өсірмейтін болды. Шашы беліне түсетін қыз аз. Ал шашы балтыры мен бақайына дейін жететін қазақ қызын қолыңызға шам алып жүріп әзер кездестіресіз. Мектеп бітіргенше шаштарын әсемдеп өсіретін қыздар бар. Олардың көбісі қалай жоғары оқу орнына түседі, солай шаштарын түптерінен шорт қиып тастайды. Қолаң шашты қыздар қайда баяғы? Қалаға келген қыздар шаштарын неге қырқып тастауға құмар?..
Толығырақ »

«Құдай үшiн, кетпешi»…

24 - Қараша - 2009 / 636 рет оқылды, 3 рет бүгін

Орыс футболының басына қара бұлт үйiрiлдi. Келер жылы ОАР-да өткелi жатқан футболдан әлем чемпионатына қатыса алмайды. Өкiнiштi… Жалпы, ОАР-ға Словенияға қарағанда Ресей аяқдопшыларының барғаны олжа едi. Қалталы Ресей мемлекетiнiң қаражаты әлемдiк футболға да қажет болатын. Толығырақ »

Қайта киілген таз кепеш

21 - Қараша - 2009 / 399 рет оқылды, 1 рет бүгін

Президент төтеннен ауыс-түйіс жасады. Әдетте, ай бұрын «анау анда, мынау мында» барады екен деген өсек шығатын. Сонан соң «анау анда бармаса да, мында барып» ауыс-түйістің бір легі лықсып өтетін. Бұл жолы олай болмады. Елдегі ең бірінші адам өзінің тікелей қарауындағы партияның басшылығынан Қалетавты алып, орнына егіздің сыңары Нұрланды алып келді. Ал Қарағадыға әкім боп вице-премьер Серік Ахметов барды. Дархан «Самұрық-Қазынаға» аттанды.
Толығырақ »

Бәрекелді!

21 - Қараша - 2009 / 275 рет оқылды, 2 рет бүгін

Аз ғана уақыттың ішінде алашшыл ниетпен, абайшыл оймен танылған abai.kz интернет порталы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Осымен жетінші рет өткізілген «AWARD.kz» ұлттық интернет-сыйлығының қорытынды кешінде аталған байқаудың «ең үздік қазақтілді сайт» номинациясы бойынша бірінші орын біздің әріптестерімізге бұйырды.

Айдос Сарым, Дәурен Қуат, Ақберен Елгезек секілді қаламы жүйрік, ойы азат, сөзі уәлі азаматтардан жиналған абайшыл ұжымды zamandas.kz интернет сайтының ұжымы шын жүректен құтықтайды.

Қазақтілді интернет журналистиканың дамуына, ұлттың сөзін сөйлеуге, мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға, кеткен есесін қайтаруға, қысқасы, ұлтқа қатысты дүниеден сырт қаламай, соны жоғарының құлағына дер кезінде жеткізіп отыруға бел буған жігіттерге тек қана сәттілік жолдас болсын.

www.zamandas.kz сайтының ұжымы.

Керең қоғам

19 - Қараша - 2009 / 280 рет оқылды, 1 рет бүгін

Алтыншы қабаттың терезесінен түтін тұнған Алматының төбесінен төніп тұрған Алатауға қарап отыр едік. Көк түтін таудың бетін тұмшалап тұр. Көрсетпейді. Әсем, көркем, ғажап, ғажайып Алматы деп түрлі теңеу айтамыз. Бірақ сол теңеудің бірде-біреуі бүгінгі Алматының мінезіне келмейді. Өткенде халықаралық бір ұйым әлемдегі ең қауіпті қалалардың тізімін жасапты. Сонда Алматы соңғы орындардың біріне жайғасқан. Қауіпсіздік жағынан да, экологиялық тұрғыдан да, туристерге жағдай жасау жөнінде біздің Алматы көштен қалып қойыпты. Әрине, олармен сөз таластыруға болар еді. Бірақ экологиялық жағын алғанда Алматыны ақтап ала алмасымыз анық.
Толығырақ »

Қазақстандық компьютер мамандары қазақ тілінде ауызша айтылған сөзді өздігінен мәтінге түсіретін арнайы компьютерлік бағдарлама жасап шығарды. Жаңа өнім қазақ тілінде жазба жұмысын жеңілдетумен бірге тіл үйренушілер үшін көмекші құрал ретінде ұсынылады. Толығырақ »

Серіктестер