Желтоқсан, 2009

Алаш баласына!

30 - Желтоқсан - 2009 / 280 рет оқылды, 1 рет бүгін

Қарт, кемеңгер тарих 2009 жылдың соңғы парағын жапқалы тұр. Солайша, сиыр жылы да тарих қойнауына сүңгіп барады.

Бұл жыл несімен ерекшеленді? Ең алдымен, тілге әлемді үрейге ораған, екі өкпесінен қысқан қаржы дағдарысы оралады. Барды сабасына түсірген, жоқтың сіңірін созған дағдарыстың қазаққа да оңай тимегені анық аңғарылады. Десек те, дағдарыс бар тіршілігімізді дағдарып тастамағаны белгілі. Уақыттың ағымына ілесіп, күнді-күнге жалғап, тіршілігімізді жалғастырып жатырмыз.
Толығырақ »

Тоқпақбаевты тоқпақтап жатқан кім?

30 - Желтоқсан - 2009 / 570 рет оқылды, 3 рет бүгін

Парламент депутаты, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Сәт Тоқпақбаев жас әйелмен төсектес болған сәтті бейнелейтін интернеттегі бейнежазбаға байланысты жанжалға өзінің қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.

Бір кадрмен екі генералды нысанға алу

23 желтоқсанда өткен парламенттің кезекті жалпы отырысында депутат Сәт Тоқпақбаев 2009 жылы 18 желтоқсанда «Голос Республики» газетінде жарық көрген «Шабдарбаевцы наносят ответный удар» мақаласы үшін басылымды сотқа бермек. Депутаттың пікірінше, мақала оның ар-ожданына нұқсан келтірген.
Толығырақ »

Алматыдан сағыныш арқалап қайтасың…

30 - Желтоқсан - 2009 / 832 рет оқылды, 2 рет бүгін

Рахымжан ОТАРБАЕВ,

Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық академиялық кiтапханасының бас директоры, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, жазушы:

Алматыдан сағыныш арқалап қайтасың…

Жазушылардың кiтабы 5 қабатты шағаладай үйде тұрып, өздерi көшеде жүруi тиiстi емес

– Өзiңiз басқарып отырған кiтапханада Мұхтар Әуезовке, Мағжан Жұмабаевқа арналған әдеби кештер өткiзгенiңiзден хабардармыз. Бiр сөзiңiзде Жұмабек Тәшеновтiң, Мәлiк Ғабдуллиннiң, Мәшһүр Жүсiп Көпеевтiң, Хиуаз Доспанованың кештерiн ұйымдастырмақ ойыңызды айтқан екенсiз..

– Бұл жоспарымыздың iшiнде Әлiмхан Ермеков те бар. Ол – Алаш Орда қозғалысының белсендi мүшесi болған адам. Одан кейiн Евней Букетов туралы кеш өткiзсек деген ойымыз бар. Толығырақ »

Қатынқамалдың құпиясын кім ашады?

28 - Желтоқсан - 2009 / 392 рет оқылды, 2 рет бүгін


Ұлан-байтақ даланың оңтүстік өңірінде ұзыннан ұзақ созылып жатқан қарт Қаратау қойнауында қаншама құпия бар. Көне дәуірді көзі көрген Қаратаудың әрбір тасының тілін түсінсек, бүгінгі ұрпаққа беймәлім көптеген жайдың кілтін табар едік-ау. Тау сілемінің Қызылорда облысына енген тұсындағы Қатынқамал үңгірі қазірге дейін ғылыми тұрғыда толыққанды таразыланған жоқ. Жергілікті жұрт аталмыш үңгір жайында бірқатар деректерді көлденең тартады. Бұл әңгімелер тарихтың қалың қатпарлы қойнауынан сыр шертеді. Естіген адам үңгір жайлы көбірек білгісі келері де белгілі.

Кешегі өткен жаугершілік кезеңде Қатынқамал талайға пана болған екен. Елдің арасында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген сөз тіркесімен кеңінен мәлім жоңғар шапқыншылығы кезінде ол талай жазықсыз жанның өмірін сақтап қалуға үлкен септігін тигізген көрінеді. Тарих атты әміршіден там-тұмдап сыр тартып көрсек енді… Толығырақ »

Сырдың соңғы жолбарысы

28 - Желтоқсан - 2009 / 412 рет оқылды, 4 рет бүгін


Қазіргі күні қоршаған ортасы сүреңсіз тартқан Сыр өлкесінің кезінде шұрайлы өңір болғанына ешкім сенбес. «Дарияның бойы сыңсыған қалың тоғай болған» дейді көнекөздер. Ескіден жеткен әңгіме бүгінгі ұрпаққа аңыздай көрінетіні рас. Аға буыннан аманат болған әңгімеге алып-қосарымыз, кәне?.. Сол уақытта дария бойында жолбарыстың да желе жортқанына сенесіз бе? Азуы алты қарыс жыртқыш өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін өмір сүрген көрінеді. Құралайды көзге атқан мергендер азулы аңды мылтықтың шүріппесіне оңды-солды байлапты-мыс. Содан жолбарыс «жәкеміздің» тұқымы тұздай құрып кеткен екен. Өкініштісі, қазір оны көзбен көрген кісілер мүлдем жоқ. Елдің аузында тек аңызға бергісіз әңгімелер айтылады. Толығырақ »

Криштиану Роналду «Қара жорғаға» биледi

23 - Желтоқсан - 2009 / 639 рет оқылды, 2 рет бүгін


Атақты бразилиялық аяқдопшы Роналдиньо бiр сұхбатында «Футбол дегенiмiз – ол тұнып тұрған би» деген екен. Расында да, осы спорттың құдыретiне талай тәнтi болғанбыз. Әсiресе, Африкада өтетiн ойындарды тамашалайтын болсаңыз, осы футболмен қоса би деген өнерге қол соғып қана отырасыз. Әр гол соғылған сайын арты керемет биге ұласады. Iштей тек «тағы да гол соғылса екен» деп тiлейсiз. Кейде соққан голынан гөрi қуанышы мен тебiренiсi назарыңды өзiне бiрден аударады. Әншейiнде Еуропа клубтарында үндемей жүретiн камерундық Самуэль Это ұлттық құрамада гол соқса дөңгеленiп тұрып билейдi. Олар қуанышын биiмен жеткiзедi. Яғни бұл дегенiңiз, әркiм өзiнiң ұлттық биiн насихаттап жүргендiгiнiң көрiнiсi. Толығырақ »

Желтоқсан – жазылмас жара, айрықпас дерт

21 - Желтоқсан - 2009 / 622 рет оқылды, 1 рет бүгін

Желтоқсан оқиғасынан хабары бар адам ешқашан да жыл аяғы таяғанда үйiнде қол қусырып жата алмайды. Оның үстiне лүпiлдеген жүрегi әрдайым «қазақ» деп соғып тұрса. Әсiресе, жыл сайын Алматыдағы жаңа алаңға жиылатындардың денi – жастар. «Ақынның ақыны» боп аталып кеткен Мағжан Жұмабаев сенген жастар сол баяғы.
Толығырақ »

Кім тәңіршіл: Тұрсынов па, Тілеухан ба?

20 - Желтоқсан - 2009 / 1472 рет оқылды, 5 рет бүгін


Қазақтың діншілдігі қызық. Есік-терезе айқара ашық жатқан мына заманда түрлі діндер де қаптады. Мұнан кейін біздің жұрттың да діншілдігі тіпті қызыққа айналды. Бір отбасының мүшелері бірнеше дінге кіріп, әрқайсысы өз «құдайына» сыйынып жатыр.
Бүгінгі күннің басты кейіпкерлерінің біріне айналған Ермек Тұрсынов деген өзі журналист, өзі сценарист, өзі режиссер, әйтеуір, әмбебап жігіт бар. Сол түсірген «Келіннің» айналасында түрлі әңгімелер жүріп жатыр қазір. Тұрсынов «Айқынға» берген сұхбатында «тәңіршілмін» депті. Дұрыс делік. Біз оның қай діннің жолымен жүретініне, қай «құдайға» сыйынатынына шектеу қоя алмаймыз. Дегенмен кейінгі кезде қазақ жұртында «тәңіршілдердің» де көптеп төбе көрсете бастағанын айту абзал. Бірақ осы тәңіршілдік деген дін бе? Оның жолы қандай? Мән-мағынасы бар ма? Пайғамбары кім? Кітабы қайсы? Осындай толып жатқан сұрақтар ми қатпарын шарлап өткенде, мардымды жауап таба алмай абдырап қалатынымыз бар. Сол сұхбаттың тағы бір жерінде ол «менің Құдайым әйел» дейді. Құдайдың әйел болуы мүмкін бе? Жалпы, Құдай бейнесі бар ма? Не десек те, Ермек мырза ойына келгенді шектемей, тіліне оралғанды айта бергенге ұқсайды. Мұны бір деп қойыңыз. Толығырақ »

«Бутя» неге бүйтті?

20 - Желтоқсан - 2009 / 515 рет оқылды, 2 рет бүгін

Бүгінде Тәуелсіздікті төбеден екі аяғы салбырап басымызға қона салған «бақ» сияқты қабылдайтындар аз емес. Жоғары жақтағылардың Азаттықтың жайнамазына жығылып, күніне мың мәрте «тәубе» демеуінің сыры да осында жатса керек.
Өзге елдің балалары Тәуелсіздік күнін ұлттық, халықтық мейрам ретінде атап өтеді. Олар бұл мейрамға барын салады. Ал біздің жұрттан ондайды көру мұң. Ұлттық рух асқақтап, қазақы мінез танылатын осы күнді біз жылда жетімсіретіп қоямыз. Неге? Азаттықтың алғаш ауасын жұтқан күнді, Тәуелсіздік үшін жастардың тепкіге түскен күнін неге өз дәрежесінде атап өтпейміз? Толығырақ »

Тәуелсiздiктi кiм кiмнен алды?

15 - Желтоқсан - 2009 / 524 рет оқылды, 3 рет бүгін


Бұл күнi Алаш аспанын ұлттық рух кернеп тұруға тиiс едi.
Азаттықтың ауасын алғаш жұтқан күнiмiз бiртүрлi жұтаңдау өттi. Бостандықтың бақ құсын қолға қондырған сәттi барынша әспеттей алдық па? Дербес ел ретiнде додаға түскен датаны дұрыс атап өттiк пе?
Байқағанымыз, бұл күнi қала көшелерiн самарқаулық «кезiп жүрдi». Жайбарақат көңiл күйдi көп кезiктiрдiк. Өкiмет берген екi күн демалыста қолдары алдына сыймай, жантайып жата алмай, тұшымды ештеңе тамашалай алмай жүрген адамдардың саны аз болған жоқ. Әр-әр жерде Тәуелсiздiктi мадақтаған, ода айтқан жиын-терiн болды. Ел тiзгiнiн ұстап жүрген азаматтар алаңға шығып, құттықтап жатты. Басқа не болды? Тәуелсiздiк атты таудай ұғымды төрге шығарып, тойлап жатқан жердi көре алмадық. «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналары шама-шарқынша бағдарламалар ұйымдастырып, ел шежiресiнен сыр тартты. Басқа арналар ше? Өзгенiң өнiмiн ұсынғаннан басқа не iстедi? Тап бiр Тәуелсiздiктiң оларға ешқандай қатысы жоқ секiлдi қабырғаға қарап, тас бүркенiп жатып алды. Ең болмаса, Тәуелсiздiк туралы бiр жылы сөз ести алмай қиналдық. Басқа елдiң ұзын-сонар сериалдарына орын берiп, төл мерекемiздi жетiм баладай есiктен сығалатып қойды. Санамаласаң, ақ қағаздың обалына қаласың. Толығырақ »

Серіктестер