Шығыс Қазақстан қазір қиын жағдайды бастан кешіп отыр. Облыста 700-ге жуық үй су астында қалған. Оның 470-і пайдалануға жарамсыз. 7 мың адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Яғни, мектептер, балабақшалар мен интернаттарға орналастырылған. Алты автомобиль көпірі істен шыққан.
Наурыз, 2010
Әкежан Қажыгелдин: Билік қазір елді қорғауға қауқарсыз болып отыр
Оппозицияның қуғындағы жетекшісі Әкежан Қажыгелдин Азаттық радиосына берген сұхбатында, Қазақстан билігі елді жаңартуға қабілетсіз екендігін, қоғамның өзі бастама көтеруі керектігін айтады. Толығырақ »
«МаңғыстауМұнайГаз»: ақиқат пен аңыз
Редакциямыздың хат қоржынына Әлихан Рахметов атты экономисттің мақаласы келіп түсті. Мазмұны Мұхтар Әблязовтың «МаңғыстауМұнайГазға» қатысты айтқан пікірлеріне жауап. Әрі-бері ойланып, басуды мақұл көрдік. Өйткені баспасөзде екі жақтың пікірі айтылып жатыр. Ел шындықты осы екі ортадан табады деген ниеттің барын жоққа шығармаймыз.
Замандас.
Біле жүріңіз…
Бүгінде Астана абыр-сабыр. Министрліктер үйінде креслосын көтеріп, құжаттарын құшақтап ары-бері сапырылысқан шешенуніктерден аяқ алып жүру қиын. Бірі екіншісініне қосылып, кейбірі екіге жарылған министрліктердегі мемлекеттік қызметшілер отардан бөлініп қалған тоқтыдай томпаңдап жүр. Енді кейбірі жамырасып, жадырасып табысып жатыр. Толығырақ »
Білім былықтан арыла ма?
Ел Тәуелсіздігін алғаннан бері бір дәстүр қалыптасып еді. Соңғы жылдары ол дәстүрден қол үзгенбіз. Неге екені белгісіз? Толығырақ »
Қайғы жұтқан Қызылағаш
Жалпы, табиғат апатының көбiне күтпеген жерден, яғни түн ортасында орын алатынын жақсы бiлемiз. Мысалы, әр елдерде болып жатқан жер сiлкiнiстерi, су тасқыны немесе өрт шалу секiлдi айтып келмейтiн апаттар осы айтпағымыздың дәлелi. Тыныш ұйқыда жатқан Қызылағаш ауылы да түн ортасында топан судың астында қалып, жермен-жексен болды. Әйтсе де, барлық баспасөз беттерiнде Қызылағаш ауылындағы қаралы күннiң себебiн «қолдан жасалған апат» деп жарыса жазып жатқандығы бекер емес. Толығырақ »
Жағанова партия басшылығынан кетті
«Руханиятты» жасылдар партиясына айналдыра бастаған Жағанова төрайымдық орынды босатты. Ол енді «Руханият» партиясының құрметті мүшесі ретінде ғана тіркелетін болады. Ал Алтыншаш апамның орнына Сауда-өндіріс палатасының вице-президенті Серікжан Мәмбетәлин деген азамат сайланды. Бұл партияның жетінші құрылтайында орын алды. Толығырақ »
«Нұрлы көш» сорлы көшке айналып барады…
Шет мемлекетте жүрген қандастарымызды туған топырағына оралту мақсатында Елбасының бастамасымен «Нұрлы көш» атты бағдарлама қабылданған-ды. Осыдан бір жылдай уақыт бұрын. Бағдарламаға сәйкес өткен жылы республиканың үш облысында пилотты жобалар қолға алынған-ды. Толығырақ »
Ел де, Елбасы да алданып жүр…
Дарақылыққа дауа бар ма? Көзбояушылыққа ем қона ма? Алдау-арбаудың аяғы қашан қиылады? Біздің шенеуніктер тек елді ғана алдап жүрген жоқ. Олар Елбасын да алдайды. Өтірік ақпарат береді. Жалған дерек ұсынады. Мұның барлығының астарында бірінші басшыға жағыну, жағымпаздану, жақсы атану жатқаны белгілі. Ал жалғандықпен жақсы атану ұшпаққа шығара ма? Толығырақ »
БАҚ кімге бұйырды?
Бұл өзі сәтсіз бастама екендігі о баста айтылған. Қазақстандағы маңдайалды БАҚ-тарды бір қолдың астына жинауды айтамыз. «Егемен» мен «Казправда», Қазақстан мен Хабар, Қазақпарат, «Қазақ газеттері» мен «Жас Өркен» ЖШС-лары бір мезетте «Арна медиа» дегеннің қалпағының астына тығылған. Толығырақ »











