Кеше Алматыдағы «Искра» кинотеатрында «Біржан сал» фильмі көрсетілді. Негізінен журналистер қауымы жиылған көрсетілімге фильм режиссері Досхан Жолжақсынов пен сенарийін жазған Таласбек Әсемқұлов қатысты. Толығырақ »
Сәуір, 2010
Алматы – әр қазақтың жалғызы
Бабылдың (Вавилонның) халқы жау шаппай-ақ, қан шығармай-ақ, қаланың асты тұз болып кеткен соң, тоз-тоз болып бетi ауған жаққа тентiреген. Құдай бетiн аулақ қылсын… Анда-санда ана құрсағындағы бес айлық бала секiлдi Жер Ананың да Алматыда жәй-жәй дүмпу жасайтынды. Бiрақ, тоғыз ай жеткенде оның да толғағы келмей ме?.. Толығырақ »
Қырғыз президентi де бiр, нотариус те бiр
Қырғыздың жаңа Уақытша үкiметi құрамындағылар он ойланып, жүз толғанып елдiң жаңа Конституциясының жобасын жасағаны туралы мәлiмдедi. Бұл туралы уақытша үкiметтiң вице-премьерi Өмiрбек Текебаев мәлiм еттi. Жаңа Конституция Қырғызстандағы мемлекеттiк билiктi түбiрiмен өзгертедi. Президенттiк билiктiң орнына парламенттiк билiк енгiзiледi. Толығырақ »
Ұлтшылдық пен ұлтсыздық
Төрде отырған төртеу. Ресейдің НТВ арнасы. Үшеуі орыс. Орыс болғанда да ұлтының қамын жеген, есесін ешкімге жібермейтін журналистер. Ал жалғыз отырған шешен. Ол – Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров. Толығырақ »
Ол өзін өзі қайталаудан қорқатын
Алдыңғы жылы қазақтың ұлы актері, саңлақ сахнагер Нұрмұхан Жантөриннің 80 жылдық мерейтойына орайластырылып оның атакүлдік мекені – Маңғыстауда ХҮІ-Республикалық театр фестивалі сәтімен ұйымдастырылған еді. Бүгін мен «Алматы ақшамы» газетінің оқырмандарына актер жайлы сол тұста қағазға түскен төмендегі естелік-жазбаларды ұсынып отырмын. Толығырақ »
Тараз – қырғыздардың жан сақтау орны ма?
Қазiр ел арасында «Қырғыз халқына басшылық еткендердiң барлығы түптiң түбiнде абыройсыз өз елiн өзi тастап қашады» деген бiржақты пiкiр қалыптасты. Қырғыздар өзара бiтiмге келе алмайтын, қашан да ықпалды елдердiң араласуынсыз өзi тоқыған өрмегiнен өзi шыға алмайтын мемлекеттiң санатынан екендiгiн көрсеттi. Қайта осындай анархиялық жағдайдың ел экономикасын мүлдем төмендетiп жiберерiн ашу шақырған көпшiлiк есiнен шығарып үлгергендей. Бес жыл iшiнде екi рет мемлекеттiк төңкерiс жасаған қырғыздардың бұл әрекетi ХХI ғасырдың «ұлы сенсациясын» жасап үлгерген секiлдi. Толығырақ »
Көктемнiң хабаршысы қай құс?
Белгiлi этнограф, жазушы Қажытай Iлиясовтың сөзiне сүйенсек, «Наурыз» ай атауы емес, мереке атауы болуы керек екен. Әрине, салмақтап айтылған ой. Тәңiрлiк дүниетанымды алғаш мiнәжаттаушы Зоратаның пәтуаларына құлақ асар болсақ, күн мен түннiң теңелуi «мәңгiлiк өмiрдiң басталуы» ретiнде айрықша мән берiлiп, бiр жылда жетi рет тойланатын болған екен. Толығырақ »
Халықтың емес, қазақтың көбейгенi маңыздырақ…
ХХ ғасырдың басында ұлт көсемi Әлихан Бөкейханов «Әлхамдулиллах 6 миллион қазақпыз» дегенді тоқмейiлсiп айтқан жоқ. Одан кейiн азуын айқара ашып ашаршылық келдi, оның iзiн суытпастан екiншi дүниежүзiлiк соғыс та басталып кеттi. Сәуiр бұлты қазақтың басына қонғандай, жетi ағайынды жұт алаш жұртының төбесiнен айналып шықпай қойды. 1929 жылғы энциклопедиялық сөздiкте қазақтардың саны 6 миллионнан астам деп көрсетiлгенiн, одан соң арада он-ақ жыл өткенде 2 миллионға бiр-ақ сырғығандығы көрсетiлiптi. Ал сол кезде өзбектер 4 миллионның маңайында болатын. Қазiр өзбектер «жер қайысқан қол» болды. Халқының саны 26 миллионнан астам.
Өткен жылғы араға он жыл салып күттiрiп келген халық санағының да нәтижесi көңiл көншiтерлiктей болды деп айту қиын. Десек, осының өзiн Құдай артық көрмесiн. «Ойбай, азбыз, бiзге қалай да көбею маңызды» деп жүргенiмiзде бiр ауылымызды су шайып кеттi. Оған ұялмай-қызармай «бар-жоғы 45 адам өлдi» деп ретсiз ресми деректi алдымызға ұсынып отыр. Толығырақ »
Алатаудың арғы беті…
Қырғызстандағы саяси ахуалдың қызуы көтеріліп кетті. Адамдар пікірталасты қойып, жұдырық жұмсауға, мылтық кезенуге жетті. Дерек көздерінің сөзіне сенсек, қазірдің өзінде Бішкек көшелерінде атыс-шабыс, қантөгіс. Оншақты адам қаза болған. Жұрт Бакиевті қашып кетті деп жүр.
Сектанттарды сайрандатып қойған кім?
“Достық” спорт кешені спортшылардың жаттығу алаңынан, Игова куәгерлерінің діни уағыз жүргізететін тұрақты мекеніне айналып барады. Соңғы жарты жылда діни ұйым осында екінші мәрте конгерестерін өткізіп отыр. Жиынға үш мыңнаң аса адам қатысты. Иеговаға табынғандар арасында каракөздер өріп жүр. Толығырақ »











