Мамыр, 2010

ashtyk

1921 жылдың күзі мен 1922 жылдың көктемі қазақ мемлекеті мен ұлты үшін саяси, экономикалық, ұлттық мәселелердің ширыға шиеленіскен тұсы болды. «Алашорда» қайраткерлерінің өкімет басындағы ықпалы сақталған ең соңғы маусым еді. Жазға қарай жаппай қамауға алынғанына қарамастан өздерінің ұлт алдындағы парызын орындап кетті. Толығырақ »

Төртінші билік, аман бол!

27 - Мамыр - 2010 / 222 рет оқылды

7364

Қоғамдық мәселелерді көтеріп, формат рұқсат еткен мөлшерге дейін елдің сөзін сөйлеуге ұмтылатын Д.Әбдіктің «Бас тақырып» деген хабары жабылыпты. Интернеттен оқыдық. Жақында «Қазақстан» телеарнасында «Көкпар» да тоқтаған болатын. Ал, соңғы бес жыл көлемінде халықтың үні мен даусын жеткізуге тырысатын бағдарламалардың тісінің кетілгені, қисапсыз жабылғаны және бар. Толығырақ »

Алматы қайта орыстанып бара ма?

25 - Мамыр - 2010 / 261 рет оқылды

konyrau

Соңғы қоңырау біреулер үшін сынай қағылды. Біреулердің құлақ түбінен қоңырау үні сыңғырлап естілсе, біреулерге жәй «сылдырлап» қана естілді. Бұл күні мыңдаған қазақстандық бітіруші түлектер білім нәрімен сусындаған мектебімен қимай қоштасты. Қаншама адам дәл осы күні оқушылық өмірін бір сәт есіне алды. «Мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам бастың» деген ырғақпен жас түлектердің құлағына қоңыр дауысты қоңыраудың үнімен сыңғырлай жеткен белгі бұл. Әрине, кім қалай сезініп жатыр, ол өздеріне ғана мәлім. Бірақ, бізді мазалаған бұл жәйт емес. Қоңырау соғылады, түлектер бітіреді, ол әдеттегі жағдай. Толығырақ »

ce_log

Халық санағы туралы сөз болғанда Қожанасырдың қыжыртпасы еске түсе береді. Бір адам малын санай алмай жатыр екен. Содан Қожекеңнен кеңес сұрайды. Аз-кем ойланған әпенді «Малдың аяғын сана да, соны екіге бөле сал» депті. Біздегі санақтың жыры да осы кейіпте сияқты. Толығырақ »

«Тарлан» неге тоз-тоз болды?

24 - Мамыр - 2010 / 255 рет оқылды

tarlan3

Тәп-тәуір тәуелсіз сыйлық бар еді. Тарлан деген. Қазақ меценаттары құралып әдебиет пен мәдениеттегі, өнер мен руханияттағы жас талаптар мен тарлан азаматтарға «Тарлан» сыйлығын тағайындап, жыл сайын беріп келе жатқан. Бірнеше жылдың жүзі болды «Тарлан» тарады. Толығырақ »

«Сөз таптары» сөз саптады

21 - Мамыр - 2010 / 304 рет оқылды

181

«Сөз таптары» Қызылағаштағы болған су тасқынына байланысты жабық отырыс жүргiзiптi-мiс. Оған жаһандағы жаратылыс бiткеннiң атауын бiлетiн «Зат есiм», сол жаратылыстың түр-түсiн жазбай танитұғын «Сын есiм», бiрде ширақ, бiрде кербездене қимылдайтын «Етiстiк», есеп-қисапқа жүйрiк «Сан есiм», мезгiлi мен мекенiн анықтаушы «Үстеу» қатысыпты. Арасында «бiлгенiмiз болса айтармыз, қосылармыз» деп «Есiмдiк», «Елiктеу сөздер», «Шылау», «Одағай» сияқты сөз саптары мен тағы бiрнеше кiсiлер де келiптi. Ең бiрiншi сөз кезегiн әдеттегiдей «Зат есiм» алды. Толығырақ »

«Даму» қоры жауап береді

19 - Мамыр - 2010 / 298 рет оқылды

biznes

Елімізде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жұмыс істеп жатқаны белгілі.  Дегенмен ел арасында оның нақты қандай іспен айналысатыны, кәсіпкерліктің қай түрлерін қаржыландыратыны туралы сұрақ көп. Сондықтан біз бүгін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына осы бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен оның жауаптарын жариялап отырмыз. Назарда болсын! Толығырақ »

Дотациядағы ұлт

18 - Мамыр - 2010 / 158 рет оқылды

alash

Жүрекке ауыр салмақ болса да айтайық: қазақ ұлт ретінде дотацияда отырған ел. Өз мемлекетінде, ХХІ ғасыр институттары бүкіл әлемге жария болған заманда 10 миллион қазақтың осындай халде қалуы – масқара жағдай. Толығырақ »

Рахат пен ләззаттың айырмасы

18 - Мамыр - 2010 / 220 рет оқылды, 1 рет бүгін

rakhat

Жалпы, адам психологиясы өте қызық дүние. Бүгін былай, ертең алай. Құбылып тұрады. Көбіне көп ондай құбылмалылықты көргенде заманға әкеп тірей саламыз да, қалғанына назар салмаймыз. Кеше ғана бір адамға жағымпазданып, атын Құдайдан кейін қойып, етегіне намаз оқып жүргендер бір күннің ішінде оның аты аталса «астапыралла» дейтін жағдайға жететін болды. Толығырақ »

Дербиi жоқ дербес ел бiз ғана…

12 - Мамыр - 2010 / 206 рет оқылды

futbol-stadionin-

Қазақ пен футбол арасындағы бiтiспес тартыс баяғыда басталған. Демек, қазақ жанкүйерлерiнiң дегенi болмай келе жатыр деген сөз бұл. Әрбiр елдiң аяқдоп өнерi сол елдiң iшкi бiрiншiлiгiмен сабақтасып жатады. Оны бiреулер премьер-лига деп атайтын болса, бiзде ұлттық бiрiншiлiк деп аталады немесе iшкi бiрiншiлiк те деп жүрмiз. Мiне, осы футболдан iшкi бiрiншiлiгiмiздiң деңгейi жоғарыламайынша,  ұлттық құраманың да әлем алдында еңсесiн тiктей алмайтындығы әмбеге аян. Тағы да әңгiмемiз көптiң көңiлiнен шықпайтын, ұдайы талқыға түсетiн қазақ футболы туралы болмақ. Қайтсек көш iлгерiлейдi? Қайтсек, қазақтың қара домалақтары футболдан әлем бiрiншiлiгiнде өнер көрсетедi деген ой бiздiкi… Толығырақ »

Серіктестер