20-ғасырдың алғашқы ширегінде азамат соғысынан берекесі кетіп, күйреген Ресейдің халық шаруашылығын аяғынан тұрғызу қиын болғаны тарихтан мәлім. Орталықтағы өндірістік аймақтарда азық-түлік тапшылығы асқына түсті. Қазақстан сияқты қиыр аймақтағы астық пен мал күшпен жиналды. Сақталған құжаттарға қарағанда, 1920 жылы Петропавл станциясы арқылы орталықтағы өнеркәсіп аймақтарына 2 408 738 пұт астық, 3 119 пұт картоп, 28 144 бас ірі қара мен 48 679 қой, 168 мың пұт ет, 224 мыңнан аса жұмыртқа жөнелтілген[1]. Толығырақ »
Маусым, 2010
Түбі бір түркінің тұлғасы ортақ
Бейсенбі күні Түркия астанасы Анкара қаласында жастардың «Генчлик» атты орталық саябағында Қазақстан Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші салтанатты жағдайда ашылды. Екі мемлекеттің Әнұрандары шырқалуымен басталған салтанатты шараға ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық делегация мүшелері – Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Бағдат Әміреев және Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахин, Анкара қаласының әкімі Мелих Гекчек тағы басқа ресми тұлғалар мен Анкарада тұратын қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Толығырақ »
Президенттік махаббат
Мен кейбiр жандардың жүзiне қарап, өмiрiнде ешкiмге ғашық болмаған шығар деп ойлаймын. Әсiресе, көшелi сөз сөйлеп, келелi ой айтып, қоғамның көшбасында жүрген ағаларыма қарап осындай тұжырымға келетiнмiн. Сөйтсем, қатты қателеседi екенмiн. Олар да ғашықтық сезiмдi бастан өткередi екен. Құдай кеудесiне жүрек бергеннен соң, бәрi де солай болса керек. Мұның бәрi сезiмнiң асқақтығынан әрине. Толығырақ »
Доп пен даңқ
• Футболдан Әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысып отырған елдер: Сербия мен Словакия. Әуелде сербтер Югославияның құрамында өнер көрсетсе, кейiн Черногория құрамасымен бiрге доп тептi. Бүгiнде өз алдына отау тiгiп, ОАР-да өтiп жатқан Әлем бiрiншiлiгiне қатысуда. Сондай-ақ, Корея Республикасы мен КХДР тұңғыш рет бiрге қатысып отыр. Толығырақ »
Атаңның басы – «залогта»
Ай-күннің аманында, атамыздың басындағы кешенді кепілге қойып жіберіпті. Күллі түркі тәу етіп, исі мұсылман рухани көсем санайтын Арыстанбаб бабамыздың басындағы кесенені айналдыра қойылған кешен басы бүтін банктің мүлкі боп кетуі де ғажап емес. Толығырақ »
Абай бәрібір жерге қарап тұр
Астанадан хәкім Абайға ескерткіш ашылды. Жалпы, еліміздің әр қаласынан Құнанбайдың дана ұлына ескерткіш ашса жарасады. Ұлт ұстазына қанша мүсін орнатса да артық емес. Бір кездері мынадай да ұсыныс болған: Қазақстанның әр қаласындағы басты көше Абай атымен аталсын. Орынды ұсыныс еді. Бірақ әзір оған құлақ асқан пенде жоқ. Жә, жарайды. Ескерткішке ойысайық. Толығырақ »
Алаштың Ақселеуі ардақталды
«Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмей-тұғын артында сөз қалдырған» деген дана Абайдың сөзі рас. Қарға тамырлы қазақтың тарихын тереңнен қопарып зерттеп, күй өнері мен қазақтың ауызша тарихын қаттап қалдырған Ақселеу Сейдімбек сондай өмей-тұғын адамдардың санатынан. «Таулар алыстаған сайын зоря береді» деген тәмсіл бар тағы. Сол сияқты арамыздан кеткеннен бері қазақ қоғамында Слан баласының да бейнесі зорая түсті. Толығырақ »
Елдік іс және өркениет дәстүрі
Тәуелсіздіктің талабымен және ғаламдық серпілістердің ықпалымен жаңарған Қазақстан халқы – рухани мол байлықтың мұрагері. Ол өресі биік, сан салалы тағылымды мәдениеті мен өркениеттен тамырын үзбеген деңгейіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Бүгінгі адами да, материалдық та мол қазынаның түп-төркіні ғасырлардың тереңіне кетеді.
Батыста және алтайлық тектен бізбен тамырласатын Жапония мен Кореяда «адам ресурсы» деген термин-тіркес бар. Тіпті үкіметтегі министрліктің атаулары осылай аталады. «Ресурсты» біз кейде «қор» дейміз. Бұл сонда қандай қор? Байыптап қарасақ, белгілі мемлекеттегі өткен де, бүгін де, келешек те – қор болып жинақталады екен. Қоғам болып ұйысу, мемлекет болып жұмылу осыған байланысты болатыны түсінікті. Үстірт шолғанда техникалық атаудай көрінетін осы ұғымның елімізде дұрыс қалыптасып, дамуына бәріміз мүдделі болуымыз керек. Толығырақ »
Әлихан мен Александр
Қазақ үшін Алладан кейінгі биік ұғым «Алаш» сөзі болса керек. Өз басым осы атаудың аса қасиетті екеніне имандай ұйимын және оны бүгінге дейін ұмытпай қастер тұтып, осы өмірге сол құнды күйінде жеткізе алған Қазақ ұлтының текті ұл-қыздары екеніне де кәміл сенем. Дегенмен, бұл Алаш тек қазақтың ғана емес, әлемдегі исі түркі баласының басын қоса алатын рухани ту десек, қателеспес едік. Ия, «Алаш» – түркілердің ортақ ұраны, арқа сүйер тұғыры, сондықтан Алаш туы тек өз перзентінің қолында ғана желбіреуі керек. Толығырақ »
Қырғызстан қағынып тұр
Ош пен Жалал-абадтың көшелерінен қанның иісі мүңкиді. Тәуелсіздік алғаннан бері бір емес, екі төңкерісті басынан өткерген айыр қалпақты ағайынның қазіргі күйі мәз емес. Үшінші бір күштердің әсерінен бе, әлде мал табудың кәсібін осылай өзгерткенінен бе, бүгінде қырғыздар қару жастанып жататын болды. Әлі жеткенінің айлығын тартып алуға бар. Толығырақ »












