ЕП ПЕН ҚУАТ

19 - Қаңтар - 2010
1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Мақалаға баға беріңіз)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 796 рет оқылды, 3 рет бүгін

АЗИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТЕР 9 АЙ ҚАЛҒАНДА ӨТIНIШ БIЛДIРЕ БАСТАЙДЫ


Жыл озған сайын Ақ Азиаданың да шеңберi ұлғайып келедi. Әу баста, яғни ең алғаш Соппоро қаласында Қысқы Азия ойындарының алауы тұтанғанда, оған қатысуға тiлек бiлдiген мемлкеттердiң саны небәрi жетеу ғана болатын. Екiншi айналымында қысқы спорты дамыған мемлекеттердiң санын 10-ға дейiн жеттi. Содан кейiн – 16, 17, тiптi 21 мемлекетке дейiн өстi. Бұл дегенiңiз – Азия құрлығындағы қысқы спорт түрiнен бәсекелестiктiң едәуiр артқандығының айғағы. Алты құрлықтың арасында Жапония, Қытай секiлдi мемлекеттер нағыз қарсылас атануға лайықты мемлекет атанды. Неге екенi белгiсiз, соңғы Чанчуньде өткен жарыста бәйгеге қатысқан мемлекеттердiң саны екi есеге дейiн өстi. Он түрлi спорт түрiнен 45 мемлекет бақ сынады. Ал, бiзде қанша мемлекет болуы мүмкiн деген сұрақ туындайды осындайдан. Петрухиннiң Азияны аралау жұмыстарының нәтижесi бойынша 30 мемлекеттiң спортшылары келер жылға қамдану үстiнде. Астананың төрiнде, Алматының алаңында қанша мемлекеттiң қатысатындығы бiрер айдан соң белгiлi болады. Алдын-ала спорт басшылары тарапынан берiлген болжамдарға сүйенер болсақ, 42 мемлекеттiң жампоздары жүлде бөлiсуге дайын. Әйтсе де, бұл нақты ресми дерек емес. Азиада ойындарына тура бiр жыл қалды. Тоғыз ай мерзiм қалған уақытта VII Қысқы Азия ойындарына қатысатын мемлекеттердiң барлығы дерлiк алдын-ала өтiнiш бiлдiре бастайды. Наурыз айында Алматы қаласында Қысқы Азия ойындарына байланысты отырыс өтедi. Сол кезде қанша мемлекеттiң қатысатындығы және қанша спорт түрiнен өтетiндiгi белгiлi болады. Негiзiнде, тек Азия құрлығында ғана емес, әлемдiк Қысқы Азия ойындарында да қатысушы мемлекеттердiң саны артып келедi. Оған барынша үлес қосып жатқан мемлекеттер де осы Азия елiнен шығып жатыр.

ЕП ПЕН ҚУАТ

Арыстан – сес пен күш, жолбарыс – еп пен қуат, қасқыр – жүрек пен рух… Байрағымызға түсiп, жалауымызға iлiкпесе де, әнұранымызға айналған түз тағысы туралы ұзағынан толғануға болады. Әрине, барыс – жолбарыс болмаса да, мысық тұқымдас жыртқыш аң екендiгi айтпаса да түсiнiктi. Сол себептi де бұл барысыңыз аса ептi, қуатты, сезiмтал әрi жылдам болып келедi. Биiк таудың шыңдарында, ешбiр мақұлықтың iзi түспеген таза жермен таңдап қана жүретiн талғампаз жаратылыс.

Алып қала – Алматының да төлтаңбасына айналу үшiн осындай ерекше аңның да таңдап алынуы бекер емес. Не себептi барысқа айналуды мақсат етiп жүргенiмiз де тағы белгiлi.

Биыл – барыс жылы. Қар барысының баласы VII Қысқы Азия ойындарының логотипiне ендi. Бұл Азиаданың қысқы спорттық жарыс екендiгiн айғақтайтын қар ұшқынының белгiсi бейнеленсе, оның символы етiп қар барысының баласы алынды. Алайда, Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығымен тұстас келген жарты құрлықтың додасы барыс жылынан бiр айға кешiгiп келедi екен. Десек те, оның алауы Азияның Олимпиадалық комитетi орналасқан Эль-Кувейт қаласында осы биылғы  барыс жылында тұтанып үлгермек. Оның үстiне Ақ Азиадаға дайындық жылы болып та осы жыл есептелiнбек. Осы жылдың нәтижесi келер жылдағы дүбiрлi доданың табысты болуының бiрден-бiр кепiлi. Сол себептi бұл жыл ептiлiктi талап етедi. Демек, Қысқы Азия ойындарының жоғары дәрежеде өтуi, Азия құрлығында мемлекет атын одан сайын мәшһүрлеу де осы жылдың еншiсiне тимек.

Ағымдағы жылы өзiмiзге белгiлi бiрнеше нысандар пайдалануға берiлмек. Өткен жылдың соңында тек «Медеу» мұз айдыны ғана қала халқына есiгiн ашты. Онда да толықтай емес. Сырт көзге бүтiндей көрiнгенмен, бөлiнген қаржыны әлi толықтай игере алған жоқ. Тек мұз алаңы ғана дайын демесеңiз, безендiрiлу жағы, сондай-ақ көзге көрiнбейтiн майда-шүйде тiрлiктердiң барлығы биылға қалып отыр. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенi ағымдағы жылдың екiншi жартысына дейiн пайдалануға берiледi деп шешiлiп отыр. Тұғырдан секiру нысаны да кәрi бүркiттей қанатын кеңге жайып, биiктен құлдилайтын Азия спортшылары үшiн қызмет көрсетпек. Талғар ауданындағы биатлон стадионы да Ақ Азиада тұсында бiрнеше жүлде таратуға белiн бекем бууда. Негiзiнде, спорт нысандары тек жарыс өткiзумен ғана шектелмейдi. Азиаданың ашылуы мен жабылу салтанатын өткiзетiн жабық стадиондар, сондай-ақ, спортшылар, жаттықтырушылар, дәрiгерлер, массажистер мен қызмет көрсетушi қызметкерлердi орналастыратын да арнайы орындар да қажет. VII Қысқы Азия ойындарының баспасөз орталығы да «Көктөбе» телемұнарасының 6- қабатынан орын теппек.

СПОРТШЫ – ТУРИСТ ЕМЕС ҚОЙ

Қысқы Азия ойындары бертiнiректе ғана бастау алғанымен, бұл турасындағы әлемдiк жарыстың  тарихы тым тереңде жатыр. 2014 жылы Ресей елi де Қысқы Олимпиада ойындарының 90 жылдық мерейтойына орай Сочи қаласын үлде мен бүлдеге орап, алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргiзуде. Қысқы Олимпиада ойындары ең алғаш 1924 жылы Франция елiнде бастау алды. Ал, Қысқы Азия ойындары араға алпыс екi жыл салып бiр-ақ өмiрге келдi. Бiр қызығы, осымен ХХI рет жалауын көтергелi жатқан Ақ Олимпиада ойындарын өткiзу құқығы Азиялық мемлекеттер үшiн екi-ақ мәрте бұйырыпты. Бұл бақытқа екi рет қатарынан иелiк еткен Жапония елi болатын. Оның алғашқысы – 1972 жылы Саппоро қаласында. Екiншiсi – Нагано қаласында. Содан болар, Қысқы Азия ойындарының алғашқы екеуi де Жапонияның Саппоро қаласында өттi. Сiрә, Азияның басқа елдерiнiң қысқы спорт ойындары мен оған арналған спорт нысандары бертiнiректе ғана бой көтерсе керек. Тiптi, Ақ Азиадаға қожалық етуге Қытай елi 1996 жылы Харбин қаласына мол қаржы жұмсау арқылы қол жеткiздi. Осыдан соң кезек корейлiк Кангвонға келдi.

Жалпы, Ақ Олимпиада ойындарынан бiздiң жеткен жетiстiгiмiз жоқтың қасы. Желпiнiп барып, жерге қарап қайтамыз. Топ болып барып, бос болып ораламыз. Қомақты қаражат жұмсап, құралақан келемiз. Оған қарағанда, Азия елдерi арасындағы жеткен жетiстiктерiмiз мақтанып айтарлықтай. Шындығында дәл солай. Бұл турасында жүлдеге iлiккен спортшыларымыздың есiмi де есiмiзден шығып кеттi. Соңғы рет, яғни 1998 жылы Нагано қаласында белгiлi коньки тебушi қызымыз Людмила Прокашева мен шаңғышы Владимир Смирнов тәжiрибесiнiң арқасында жүлдеге қол жеткiзген болатын. Оның өзi ауыз толтырып айтатындай алтын емес, не күмiс те емес. Жай ғана қола жүлде болатын. Мiне, содан берi тағы екi рет Ақ Олимпиада ойындары өткенiмен, спортшыларымызды қола түгiлi, алғашқы ондықтан да көрмейтiн болдық. Солт-Лейк-Ситиде де сондай жағдай болды. Туринге жiберген спортшыларымыз турист болып кеттi. Бар үмiтiмiз – Канаданың Ванкувер қаласында өтетiн ХХI Қысқы Олимпиада ойындарында. Негiзiнде, Людмила Прокашеваның Наганодан жүлдесiз оралмасы даусыз болатын. Оны бiз 1996 жылы Харбинде байқаған болатынбыз. Алғашқы алтынмен бiрге тұңғыш рекордты да жаңартқан болатын. Кейiн олар жасы келгендiктен спорттан мүлдем қол үзiп кеттi. Осылайша, бiзде қысқы спорт түрiнен iлгерiлеудiң орнына кейiнгi орынға жылжу пайда болды. Қазақстан Тәуелсiздiгiн алған жылдары қысқы спорт түрiнен жүлдеге қол жеткiзiп жүргендердiң iшiнен ұлты қазақ спортшыларды табу тым қиын едi. Бұл да болса, қысқы спорт түрлерi қазақтың табиғатына сай келмейтiндiгiн аңдатса керек. Сол үрдiс әлi күнге дейiн жалғасын тауып келедi. Басқа спорт түрлерiнен әлемде атой салмаса да, өз iшiмiзде әжептәуiр өнер көрсететұғын спортшыларымыз бар.

Ағымдағы жылдың 12-ақпанында Канаданың Ванкувер қаласында ХХI Қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылуы болады. Оған қатысу үшiн қазақстандық спортшылар 37 лицензия жеңiп алды. Атап айтқанда, қазақстандық спортшылар шаңғымен сырғанаудан – 9 (5 ер, 4 әйел), биатлоннан – 9 (5 ер, 4 әйел), трамплиннен шаңғымен секiруден – 5 (ер), тау шаңғысы спортынан – 2 (1 ер, 1 әйел), мәнерлеп сырғанаудан – 2 (ер), фристайлдан – 5 (3 ер, 2 әйел),  конькимен жүгiру спортынан – 4, шорт тректен 1 (ер) лицензияны жеңiп алудың сәтi түстi.

Алайда, ҚР Туризм және спорт министрлiгiнiң ресми мәлiметi бойынша, алдағы ойындар барысында оның санын 42-45 лицензияға дейiн жеткiземiз деп отыр. Бұл туралы ақпарат қаңтар айының аяғына дейiн белгiлi болмақ. Спорт басшыларының дуалы аузынан шыққан сөз шындыққа айналса жарар едi. Қырықтан аса спортшыларымыз жолдама алып жатса, жүлдесiз де оралмайтынымыз хақ. Алайда, биылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың да саны 5 мыңға дейiн жеттi. Тiптi, екi есеге көбейген деп айтуға болады.

Жандос БАЙДIЛДА

2 пікір - “ЕП ПЕН ҚУАТ”

  1. Сезiм:

    Жандостын Магауиндi окыганы корiнiп тур.Онын «Каскыр-Борi» атты ангiмесiнде «Арыстан – сес пен куш, жолбарыс – еп пен куат» деп келетiн жеерлерi бар. Солай демекшi, барыс жылында ептi арi куатты болганга не жетсiн шiркiн!

  2. Asiada deisin...:

    ambleminde qazaqtin dasturune sai eshtene jok koi!!!!…

Пікір жазу

Серіктестер