«Байларда жылайды»

20 - Қаңтар - 2010
1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Мақалаға баға беріңіз)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 393 рет оқылды, 6 рет бүгін


Пенденің Алла алдындағы бес парызы бар. Оны санасында саңлауы бар әрбір мүмин біледі. Сол сияқты азаматтардың да мемлекет алдындағы парыздары жеткілікті. Соның бірі – салық.

Алматы қаласының салық департаменті салықтан жалтарып, қалтасындағы қаржысынан мемлекетке тиесілі сомасын бере алмай қолдары қалтырап жүрген адамдардың тізімін жариялады. Тізімді көргенде төбе шашымыз тік тұрды. Мексиканың «Байларда жылайды» деп сериал түсіруінің сыры сонда ашылды.

Қазақ байлығын теспей сорып, қаймана жұрттың аспандағы арманын жерде отырып иеленіп жүрген дәулер жүр сол тізімде. Бәрін айтудың керегі жоқ шығар. Бірақ «Еуроазиялық топтың» бір өкілі, әлемдегі миллиардерлердің қатарына кірген Адилжан Ибрагимовтың атын осы тізімнен көргенде еріксіз жаға ұстадық. Сырттан келіп, «төр менікі» деп алшаң басып, қолы жеткен байлықты қарпып жеп жүрген бұл мықтының бір ғана көлікке төлемеген қарызы 243 537 теңгеден асып жығылыпты. Сұмдық қой. Бұл не? Біле-білсеңіз, бұл сенің салығыңды, сенің заңыңды сыйламау. Әрі-беріден соң мемлекеттігіңді менсінбеу. Бұдан артық ештеңе емес. Осы жерден тағы бір мәселенің басы қылтияды. «Адамнан жасырғанмен, Алладан жасыра алмайтын» ақиқат бар. Қазақ билігінде жалпақшешей, «бармақ басты, көз қыстымен» күн кешіп жүрген адамдар аз емес. Әкесін ақшаға сатып жіберетін сондай адамдар бар да Адилжандардың тайраңдағаны – тайраңдаған. Олар Қазақстанда сатылмайтын, пұлмен шешілмейтін мәселе жоқ деп ойламайды. Сондықтан бір арбакеш қазақтың жыл бойына тіртінектен жүріп жинайтын қаржысына татитын салықты төлемей жүре береді.

Осы тізімде Тайр Баталов деген кәсіпкердің де аты аталған. Ол 109 617 мың теңге қарызын осыған дейін «ұмытып» келіпті.

Тізімді көрсеңіз көзіңіз тас төбеңізден шығады. Онда кім жоқ дейсіз? Ақшамен самаурын қайнатып жүрген кәсіпкерлер де, халық сайлап, бірақ, сол халықтың мұңын мінберден айта алмай «арманда» кеткен экс-депутаттар да, талай студентті оқуға түсіріп, шығарған бұрынғы ректорлар да, экс-елшілер де, сондай-ақ, олардың шолжаң балалары да жүр. Халыққа саусағын шошайтып ақыл айтатын, қазаққа жол көрсететін мықтыларды да сол тізімнен кездестіруге болады. Адилжандыкі әлгіндей дедік. Ал қалған қазақ байларына не жорық? Олар салықты жауына төлеп отырған жоқ қой. Мына жүрген байлардың ешқайсысы байлықты аталарынан мұра етіп алған жоқ. Барлығы да мемлекеттің меншігін жекеменшікке айналдыру арқылы байыған немесе Тәуелсіздіктің арқасында қолы аузына жеткен азаматтар. Сонда өздерін адам қатарына қосып, азаматтардың алды етіп отырған мемлекетіне айтар рахметі осы болғаны ма? Азаматтығы осы ғана ма? Солай-ау шамасы. Әйтпесе, олар үшін бір ғана түстік асқа татитын ақшаны төлей алмады деудің өзі надандық емес пе?

Біз кімді байытып, кіммен мақтанып жүрміз өзі?

Н.ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ.

4 пікір - “«Байларда жылайды»”

  1. Сакен:

    Макала оте нашар, жалган эмоциядан баска ештене жок. Негатив. Аукатты адамга 243 537 тенге деген не ол, тайыры? Бул сома олар ушин, биздык уялы телефонга бир салган акшамыс сиякты гой. Тиысты органдар оздери барып кулаккагыс етип койса сол жерде санап бере салады.

  2. анон:

    тауықтың семірген сайын,арты тарылатынын білмейді екенсің.

  3. СЕРГЕК:

    “Байларда” деген сөзге “да” шылауы қосылып кетіп, емле ережесі бұзылып тұр. Дұрысы:”Байлар да жылайды”. Ал, “да” жалғауы мына сөйлемде өз орнында болмақ: “Байларда ақша көп”. Сауатқа назар салған жөн, азаматтар….

  4. Заңгер:

    Қазекемнің байлары көлік, мүлік салығын төлемейді. Оларға арналған жасанды жеңілдіктер бар. Ол тек қағаз жүзінде бережағын тіркеп қойып сүрінгенін күту. Ал қарапайым пенделерден бережақтарды өндіріп алуға салық комитетінің алар шаралары көп. Бұл шараларды жалпыға бірдей байларға да пайдалануға болады. Алайда сол салықты өндіріп алуға мұрындық болған салық қызметкерінің жұмыстан қуылуы әбден мүмкін.

Пікір жазу

Серіктестер