1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (2 дауыс, орташа есеппен: 5.00 / 5)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 737 рет оқылды, 4 рет бүгін

magauin

Қазір қазақ мемлекетінің тағдыр-талайы талқыға түсіп, «ел ертеңі не болады?»  деген жағдайдамыз. Тәуелсіздік бәріміз үшін қымбат та  қастерлі. Елдік мұраттар жолында бар қазақтың баласы тізе  қосып отыр ма? Әңгіме –осында!

«Тіл құрыды, қазақ құрыды» деп Мұхтар Шаханов шыр-шыр етеді.

«Мұха! Мен сізді қолдаймын» деп оған шетелден Мұхтар Әблязов хат жазып жатыр.

«Ұлттың алтын қазығы – Тіл» деп Мұхтар Құл-Мұхаммед  Алматыда елдің ығайы мен сығайын жинап арнайы жиын өткізді.

shakhanov

Астанада Мұхтар Жәкішевтің соты өтіп жатыр…

Мұхтар Мағауин елге өкпелеп, Чехияға кетіп қалды…

Академик Мұхтар Әлиевтің жағдайы анау…

alievОсылардың арасында мемлекеттік тілді жетік білетіні үшеу, олар – Мұхтар Мағауин, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Мұхтар Шаханов. Мұхтар Әлиевтің орысшасы да, қазақшасы да дәрігерлер түсінетін қалыпта..Ал қалған екі Мұхтардың – Әблязов пен Жәкішевтің қазақшасы менің  ағылшыншам сияқты…

Алты Мұхтар! Алтауының қай қайсысын алсаңыз – өз орны бар тұлғалар.

MKulMyhammedМұхтар Әлиевтің медицина саласындағы еңбегіне ешкім де дау айта алмайды. Құдай алдындағы «жазығы» «құдалығы» болмаса…

Ал Мұхтар Жәкішевтің уран саласындағы алғырлығы мен білгірлігін сол сала мамандары жыр ғылып  айтып жүр…

Мұхтар Құл-Мұхаммед «қазақтың Атымтай жомарты» атанып, елге еңбек сіңіріп отыр. Министр ретінде де қазіргі қазақ Үкіметінде ерекше көзге түсетін мемлекеттік шенеунік…

ablyazovМұхтар Шаханов «аштық жариялаймын» деп билікке сес көрсетіп жүріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге шама-шарқынша ықпал етіп жатыр.

Мұхтар Мағауин болса, Прагада жатып алып, бірінен кейін бірін балалатып, әдеби жауһар дүниелер жазуда. Оның «Қыпшақ аруы», «Кесік бас және тірі тұлып» деп аталатын хикаялары кино түсіруге сұранып тұрса, «Жармақ» романы қазақтың қазіргі халін арқау еткен сұрапыл дүние. Сірә, суреткер Мұқаң бүгінгі қазақ еліндегі қисынсыз әңгімелерден қажып, өзінің өлмес туындыларын сомдауға біржолата кіріскен тәрізді…

Мұхтар Әблязов қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді бір кісідей білмесе де осы тілдің дамуына орасан үлес қосқан азамат. Оның шет елдерден келетін тауарларға мемлекеттік тілдегі нұсқаулықтың енгізілуін міндеттеген қаулысы қалған барлық қазақтың айқайы мен аттанынан артық болды. Ол кезінде Индустрия және сауда министрі қызметін атқара жүріп. Қазақтың мемлекеттік тіліне өлшеусіз пайда келтірді, тіл өрісін кеңейтті.

jakishevӘсіре ұлтшыл қазақтардың  тіл білмейтін бауырларын «шала қазақ» деп мұрын шүйіре қарайтын жаман дағдысы бар. Оларды көкіректен қақпай, ары итермей, бері тартып, бауырға басудың орнына «тіл білмегеннің бәрі – қазаққа дұшпан» деген көзқарас үстемдік құрып тұр.

Осының бәрі қазақ. Алты Мұхтардың басы қашан қосылады? Қайда қосылады? Қалай қосылады? Не үшін қосылады?

Бүгінгі күннің ең үлкен сұрағы осы!

Олардың бәрі де Қазақ мемлекеті деген мәселеде бас қосуы тиіс.

Олардың бәрі де Қазақ мемлекеті деген ұғымның алдына басын июі тиіс! Қанша ұлы, қанша мықты, қанша керемет болса да!

Ал қазір осы алтауының басы алты жақта жүр.

Осы алтауы ала болса, ауыздағы да, ауыздықтағы да кетеді…

Осы алтауы бір болса, алты Алаштың дегені болады.

Мұстафа НАРТАЙ.

16 пікір - “Мемлекет. Мемлекеттік тіл және 6 Мұхтар”

  1. Аноним:

    Өте жақсы жазылған. Жеңіл, тілі жатық. Қысқа да нұсқа. Бірақ Алаш баласы алты Мұхтарға ғана қарап отыр дегені келіспейді.

  2. Алтай:

    Өте жақсы жазылған. Жеңіл, тілі жатық. Қысқа да нұсқа. Бірақ Алаш баласы алты Мұхтарға ғана қарап отыр дегені келіспейді.

  3. Намазхан:

    Жаксы материал екен.Маладес.

  4. Елеке:

    Бул жерде алты алаштын баласынын 6 мухтарга карап калганы емес. символдык турде осындай Алаштын алты баласы казах мемлекети дегенде бир багытта болса екен деп отыр.Оте дурыс! Колдаймыз!

  5. Серікжан:

    Мақала ұнады.

  6. halmurat:

    Ол үшін ең басқы Мұхтар еліне оралу керек. Сонда басқаларына үлкен демеу болады, сөйтсе ана Мұхтар да оралуы мүмкін, ал алты Мұхтар біріксе алты алаш бас қосқаннан кем түспейтіні рас енді.

  7. Конысбек:

    Алты Мухтардын басы бiрiгiп, бiр жерде отырса кандай гажап! Бiздiн ел болгынымыздын бiр белгiсi корiнер едi! Алтауы алты жакта,сосын казактын байлыгын кiм корiнген сорып жатыр емес пе?

  8. ерекен:

    алты Мұхтар келмек түгілі алты мың Мұхтар келсе де,ештеңе өзгермейді.Өйткені бұлардың санасы отарланған.Отарланбаған нағыз қазақ болса,тектеріндегі “ин,ов” деген құлдық жалғаудан құтылу керек.Сана тазармай болмайды.Мый уланған.

  9. Серік:

    Найманбаев Әсет атамыздың мына өлең жолдарына көңіл бөлсек:
    Ажалды ақша беріп сатып алып,
    Кездестім надан елдің бақсысына.
    Ажал ма, арманда ма, қалайша өлсем,
    Білетін дәрігердің жоқ жақсысы да.

  10. Ардақ:

    Аттарының Мұхтар болуына қарап, бәрін бірдей деуге бола ма? Бірі жазушы, бірі басқа дегендей… Осы біздің қазақ қатырады осы, тап бір бәрін іштен біліп шыққандай бөсе беретіні несі? алтауының алты түрлі қырын тауып беруге болады…

  11. Олжас:

    О! Дурыс айтады!!!

  12. Дәулет Асау:

    Қалай дегенмен де, Мұхтар Шаханов ағамыз қазақты бір сілкінтті. Ол кісінің сыртынан айтылып жүрген айыптаулардың бәрі осы ісінің астында тұншығып қалады. Арандатушы не демейді…

    Енді алты Мұхтар біріксе, оларға қарап ,алпыс алты Мұхтардың білек сыбанып шығарына күмән жоқ

  13. Айбар:

    Керемет! Енди жумылып жудырк болу керек!

  14. қылыш:

    бауырларым басқасын білмеймін, “қойсаң атты ұлық қой көтере алса ұлы болсын, кқтере алмаса өліп қалсын” деген сөз бар. мұхтар әуезовтан кейін қазақтің маңдайына екі мұхтарды берді. бірі, Мұхтар Шаханов, енді бірі, Мұхтар мағауин. Мне жас та болса шын жүрегімнен шыққан бағамды берсем: дәл қазір тірі қазақта осы екеуінен өтетін ұлы, данышпан, білімді, әрі ұлтының шын жанашыр перзенті жоқ. өкініштісі қастерлілерімізді қастерлей алмаған халықпыз. осы қастерлілерді қастарлей алмауымызға себепші және екі жүз жылдан бергі қазақтың кең айдынына қалқып шыққан ұлттың данышпан азаматтарын әспеттеуге ерік бермеген отарлық жүйе еді, ал бүгінде отарлық сана. өз асылын аяққа таптатқан жат қолдар істеген қылмыс. атаңа нәлет орыстар бейбіт, ешкімге залалы жоқ қазақтай халықты мұнша кіріптар етуге неге сонша құмар болды екен. жоқ жер жетпедіме. көздеріңе құм құйылғырлар, жер шарының тең жарымын иелеп алып, жаңа ғасырда да бізге сұқтануын қоймайды.енер мен гитлер секілді қолымда құдыретім болса ең алдымен орыстарды жер бетінен түгел тазалар едім, кек үшін. ата бабамның қанды кегі үшін. 38-жылы өлгендер үшін, ашаршылыққа ұшырағандар үшін, желтоқсанда опат болған жастар үшін. әттең сол кек алатын күнді құдай сәтін салса… барша қазақ бауырларым! екі туып бір қалғандарым! мейлі кім болайық, шамамыз қаншалық болсын өзімізден басталық. тек ұлтымыз үшін, өйткені ұлтымыздың бақытты болғаны өзіміздің бақытты болғанымыз, ұрпағымыздың бақытты болғаны. қазаққа қазақтан басқа адам ешқашан жақсылық ойламайды. жақсылықты өзге ұлттан емес өз ұлтымыздан күтейік. жат қолмен бұзылған қазақтық сананы қалпына келтіру біздың ғана қолымыздан келеді. барша қазақ қандастарым қашанда аман болыңдар!

  15. Аноним:

    Керемет айтылға сөздер

  16. Әнипа:

    Мұхтар Шахановтың “тіл” мен “ұлттық рух” туралы жанайқайы баршаның санасын дүр сілкінтетін ұлт ұраны десе артық емес. “Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды” дегендей алты Мұхтар, екі Мұхтар деп даурыққаннан гөрі, ақынның жырларынан әр қазақтың іште ұйықтап қалған рухы оянып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Рухы мықты ұлт қана басқа ұлттарға ұлт ретінде сыйлы бола алады.
    Мен жоғары оқу орындарында /ЖОО/ техникалық пәндерден дәріс беретін ұстазбын. Ал енді ЖОО-рын аралап көріңіз, техникалық пәндерден оқулықтардың жайы қандай күйде? Мемлекеттік тілде оқытамыз деп тілі дүбара, мешеу мамандар дайындаудамыз. Қазақ тілінде техникалық пәндерден оқулық жазатын ғалымдар жоқ емес. Мемлекеттік тараптан жүргізіліп жатқан сан түрлі конкурстар туралы тізімнің бас жағында осы оқулық мәселесі тұрмаса болмайды. Неге дейсіз ғой? Өйткені қазақ тілді студенттерді аяймын. Жалпы рух мәселесі тілді ақсатуда, ал дүбара тілді оқулықтардан сусындаған келешек маман /ғалым/ ұлттық ғылымды жардан құлар жағдайға жеткізуі мүмкін. Менің ұсынысым – барлық жоғары білім беретін оқу орындары қазақ тілінде шыққан, сауатты, тілі қарапайым, мазмұны мәнді техникалық оқулықтармен қамтамасыз етілсін! Бұл шара мүмкін болмаса ЖОО-да техникалық мамандықтарды оқыту қайтадан орыс тіліне көшу керек! Ұлттық ғылымның келешегі үшін, ұлттық рухтың жасампаздығы үшін алғашқы ұсыныс туралы билік ойланбаса болмайды.
    Көз майын тамызып жазған оқулықтарды ЖОО қаржылардыруға шамасы жетеді, ақылы оқыту жүйесінен қаржы бөлсе де. Бірақ авторға бір тиын қаламақы төленбейтіндіктен, айлығы шайлығына жетпейтін оқытушылар күнкөріс жағына көбірек бас қатырады.

Пікір жазу

Серіктестер