1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (1 дауыс, орташа есеппен: 4.00 / 5)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 364 рет оқылды, 2 рет бүгін

boxig

Миланда миға қан шапшып еді. Боксшылар қоғадай жапырылып, бірінен соң бірі майдан шебінен шығып жатқанда, қаны қараймаған қазақ қалмады. Содан бері де біршама уақыт өтті. Ұлттық құрамаға жас бапкер келді. «Апайтөс» Аппачинскийлер кетті дегендей.

Қазақ боксы әлем бойынша орныққан тұғырына қайта қонуы тиiс, өз биiгiнен қайта қол бұлғауы қажет-тi. Бұл мақсатқа бiздер араға бiрнеше жылдар салып емес, тура осы барыс жылында қол жеткiзуiмiз уәжiп. Дәл осындай себептердi алға тартып, Қазақстан бокс федерациясының басшылары  ұлттық құраманың бас бапкерi етiп Дамир Буданбековтiң орнына әлемдiк аренада атой салып жүрген Бiржан Жақыпов және Бейжiң Олипиадасында биiктен көрiнген Еркебұлан Шынәлиевтi тәрбиелеп өсiрген Мырзағали Айтжановты әкелген болатын. Оның алдына қойған негiзгi мақсаты – өткен жылғы олқылықтардың орнын толтыру.

Бокс – Қазақстандағы нөмiрi бiрiншi спорт екендiгiне келiсесiз бе? Әрине, талай жылдар бойы осы спорт түрiнен абыройымыз асқақтап, атымыз әлемге кеңiнен танымал болды. Бiздi спорт атты өнерден төрткүл дүниеге мәшһүрлеген де осы бокс болатын. Алайда, соңғы екi жылдағы көрсеткiштер бойынша, бұл спорттың орнын зiлтемiршiлерiмiз басқан секiлдi. Бейжiңдегi Олимпиада ойындарынан ең көп жүлденi осы спорт түрiнен алдық. Сондай-ақ, өткен жылы Талдықорған қаласында өткен Азия бiрiншiлiгiндегi толағай табыстар және Гоянг-Сити қаласында өткен әлем бiрiншiлiгiнде алты құрлық арасынан суырылып шығып, командалық есепте күмiс жүлдеге иелiк етуiмiз осы айтпағымыздың дәлелi. Халықаралық спорт мамандарының айтуы бойынша, 2012 жылғы Лондонда өтетiн жазғы Олимпиада ойындарында зiлтемiр көтеруден Қытай спортшыларына басты қарсылас қазақстандықтар болуы мүмкiн деген болжамдар жасалған. Ал, бокстан дәл осылай сенiмдi түрде кесiп айта аласыз ба?!

Астана қаласында осыдан бiр апта бұрын бастау алған ересектер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресiне жеттi. Сенсацияға толы жарыс болды деп айтуға болады. Ел мақтанышына айналған бiрнеше спортшыларымыз жарты жолда жарыстан тыс қалып жатты. Бұл бiрiншiлiкте жастардың жолы болып, кеткен еселер қайтты десек те болады. Өткен жылдың желтоқсан айында Қостанай қаласында өткен iшкi бiрiншiлiкте өз жеңiлiсiн әдiлетсiз деп дау шығарған жуан жұдырықты Жан Косабуцкий көп ұзамай өз салмағындағы шын мықтының кiм екендiгiн дәлелдеп бақты. Ақтық сында тағы да астаналық боксшы Василий Левиттi жолықтырып, 11:1 есебiмен  ойсырата ұтты. Командалық есепте бiрнеше жылдан берi оқ бойы озық келе жатқан қарағандылықтар небәрi бiр ғана алтынмен қайтты. Әлемнiң екi дүркiн жеңiмпазы Серiк Сәпиев те жақында ғана салмақ ауыстырған сыр өңiрiнiң жiгiтi Рустам Сыбаевтан жартылай финалда жеңiлiс тапты. Рустам Сыбаев былтырғы Миланда өткен әлем чемпионатында 64 келi салмақ дәрежесiнде сәттi өнер көрсетiп, бесiншi орынды еншiлеп қайтқан болатын. Алайда, кешегi iшкi бiрiншiлiкте жартылай финалда Сәпиевтi ығыстырып шығарғанмен, ақтық сында Шығыс Қазақстан облысының түлегi М.Өмiрзақовтан айласын асыра алмады. Сонымен қатар, осы бiрiншiлiк нәтижесi бойынша барлық жарыстарда сәттi өнер көрсетiп жүрген Сәттiбаевтiң жерлестерi жартылай финалдан аса алған жоқ. Жамбыл облысының намысын арқалап келген Ғани Жайлауов та қола жүлденi мiсе тұтты. Нағыз текетiрес Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысы және Қостанай облысы арасында өттi деуге толық негiз бар. 11 салмақ дәрежесiнде сынға түскен боксшылардың арасынан шығыстың шымырлары үздiк шықты. Ақтық сында өнер көрсеткен алты спортшысының 4-төртеуi жеңiске жетiп, командалық есепте бiрiншi орынды олжалады. Ақмола облысы атынан сынға түскен саңлақтардың да қоржыны бос қайтпады. Үш алтынға қол жеткiзiп, қостанайлық спортшылармен тең түскенiмен, күмiсi мен қоласын қосқанда командалық есепте бiр саты жоғары тұрды. Үшiншi орын қостанайлықтарға бұйырды. Әсiресе, Қостанай облысының жуан жұдырықты боксшылары сенiмдi ақтады.

P.S. Бокстан барыс жылындағы өткiзген беташар жарысымыз осындай нәтиженi алдымызға жайды. Сенсацияға толы бiрiншiлiк өттi деуге толық негiз бар. Жарыстан ұзақ уақыт қол үзiп кеткен Руслан Мырсатаев, Рустам Iргебаев, Ердос Жаңабергенов, Әдiлбек Ниязымбетов сынды сақа спортшылар әлi өз бабында емес екендiгiн аңғартты.

Астана қаласында 11 салмақ дәрежесiнде ересектер арасындағы бокстан өткен Қазақстан чемпионатының нәтижесi мынадай:

48 келiде – I.Сүлейменов (Ақмола облысы)

51 келiде – М.Жақыпов (Ш.Қ.О)

54 келiде – Д.Төлегенв (Ақмола облысы)

57 келiде – А.Мұқанов (Қостанай облысы)

60 келiде – А.Әмiрзақов (Ш.Қ.О)

64 келiде – Д.Елеусiнов (Ақмола облысы)

69 келiде – М.Өмiрзақов (Ш.Қ.О)

75 келiде – Д.Сужанов (Ш.Қ.О)

81 келiде – А.Серiмов (Қарағанды облысы)

91 келiде – Жан Косабуцкий (Қостанай облысы)

+ 91 келiде – И.Дычко (Қостанай облысы)

Облыс атауы алтын күмiс қола барлығы
1 Шығыс Қазақстан облысы 4 2 1 7
2 Астана қаласы 3 3 3 9
3 Қостанай облысы 3 1 0 4
4 Қарағанды облысы 1 1 2

Жандос БАЙДIЛДА.

2 пікір - “Сенсацияға толы бiрiншiлiк”

  1. Сабит:

    Бокс – казак спортынын кошбасшысы. Ар адамнын уйiнде былгары колгап iлулi туруы керек. Осыган байланысты бул спорт онерiн дамыту керек. Айтарым осы, айкайым сол.

  2. Аноним:

    Шыгыстан барган жигиттредің 6 ауы Семейден. Семейдің жігіттері елге 2 алтын, 2 күміс, 1 қоламен қайтты. Қандай қуаныш.

Пікір жазу

Серіктестер