Бұл мақала 715 рет оқылды, 3 рет бүгін
Маңдайына егемендi, дербес, тәуелсiз деген айбарлы айдарларды таққан мемлекетiмiз төрткүл дүниеге Қазақстан деген атпен мәшһүрлендi. Азияның кiндiгiнде орналасқан мемлекеттiң атауы қандай? Қазақстан. Әлемдегi жер көлемi бойынша 9-орында тұрған мемлекет қайсы? Қазақстан. «Бiздiң тарих – қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа» дегендей, бүкiл жүрiп өткен тарихымыздың бастауын қазақ тарихы емес, «Қазақстан тарихы» етiп баспадан шығардық. Әйтсе де «Қазақстан тарихының» қазақ тарихымен салыстырғандағы кейпi қандай болуы керек екендiгiн ескерсек неттi?! «Айтар жерге сөзiң өтпейдi, жалбарынар жерге дауысың жетпейдi» деген осы болар. Негiзiнде «стан» деген жұрнақтың мағынасы парсы тiлiнен аударғанда мекен, жер деген мағынаны бiлдiрсе керек. Демек, бұл сөздiң қазақ деген киелi атаумен бiрiккендегi бiзге түсiнiктi мағынасы «Қазақ мекендеген жер» дегенге келiп саяды. Құдды қазақтардың бiр сәт мекен ететiн уақытша тұрағы секiлдi болып естіледі маған. Ал, сiздiңше қалай? Тiптi, осы ырғақпен аталатын мемлекеттердiң де жай-күйiмен бiршама таныспыз. Барлығы бiреудiң боданында болған, айдағанына көнген, айдауына жүрген мемлекеттер. Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжiкстан, Түркiменстан тағысын тағылары. Тiптi орыстардың қармағына iлiкпей, бiзден шалғайда жатқан Үндiстан, Пәкiстан секiлдi мемлекеттердiң де ағылшындардың аяғының астында тапталғанын тарих айтып бередi. 1947 жылы Үндiстан мемлекетiнiң жанынан бөлiнiп шыққан бүгiнгi Пәкiстан Ислам республикасы да ағылшындардың азабын тартқан, үндiстерден үрейi ұшқан ел. Осы жағынан ескерер болсақ, «стан» жұрнағы бiздiң тек тәуелсiз мемлекет екенiмiздi ғана емес, сонымен қатар «орыстың отарында» болғанымызды ғұмыр бойы есiмiзге салып отырса керек.
Жаралған нәрсенiң барлығы қайта иесiне қайтады. Сол секiлдi пенде атаулының да бұл пәниден көз жұмып, Алла алдына қайта оралатыны тайға таңба басқандай анық. Осы турасында аз-кем тоқталар болсақ, адамдар қылған сауабына қарай Жаратқанның ризығына бөленiп жәннатқа, жасаған күнәсiнiң ауырлығына орай тозақ отына күйедi. Әйтсе де, Аллланың әмiрiмен тозаққа айдалғандардың қатарында жазасын өтеп, күнәсiнен арылғандар ұжмақтан үй соға алады екен. Дегенмен, олардың дәл маңдайында тозақтан келгендiгiн айғақтайтын белгiлер болады. Сонда «бұлар кiмдер?» деп перiштелерден сұраған кезде, «Олар тозақтан келгендер» деп жауап бередi екен. Қазақ деген киелi атауға жалғанған жұғынсыз жұрнақ «станның» да айтары осындай. Егемендi ел болдық деп қанша кеуде қағып жүргенiмiзбен, артында «бодан болғансыңдар» деген ой бiрге жүреді. Ендi не iстемек керек? Белгiлi жазушы, «Қазақ» газетiнiң бас редакторы Қоғабай Сәрсекеев ұсынып жүрген «Қазақия» деген атау осы мәселенiң нақты жауабы болса керек. Расында Қазақстан – «Қазақия» болып өзгерсе, нұр үстiне нұр болар ма едi? Қазақия сөзiнiң бiз үшiн (қазақ ұлты үшiн) маңыздылығы жоғары әрi ауқымы кеңiрек, құлаққа жағымды естiледi. Ең бастысы мұнда «қазақ ұлтының жерi» деген сиқырлы бiр мағына бар. Бiздiң де iздегенiмiз осы болмақ. Бәзбiреулер айтпақшы «Стан-ды шешетiн кез жеттi». Қазақстан – мен үшiн бүгiннен бастап «Қазақия»! Сіз үшін ше?..
Досжан ДIЛДАБАЙЙ

(5 дауыс, орташа есеппен: 4.00 / 5)

Кџлдык санадан кџтылмай – ел болу киын. Маселе оте орынды котреiлiп отыр. Дџрыс. Тек осыны айтып коймай, iс жузiне асыру кажет.
Шешетін кез келіп-ақ тұр-ау.
“Стан” мәселесі өте орынды көтерілген. Рахмет авторға. Өз басым толығымен қолдаймын. Басқаларды да қолдауға шақырамын.
Тәуелсіз болысымен нені қалай қазақылап атау керек дегенге көптеп пікір қосқандардың бірімін. 1991-жылы, мысалы, мен “Қазақ әдебиеті”,”Алматы ақшамы”, “Жас алаш” бетінде: “ҚКСР-ды” – “Қазақстан”, “КСРО Соц. Еңбек Ерін” – “Қазақстанның Еңбек ері”, “Әнұранды” -”Ел әні”деп өзгерткен жөн дедім.Биліктен ешкім елең етпеді.”Қазақстан республикасы” шықты. Майдан көрмеген құрылысшы, мұғалім, сазгер, режиссер, әнші, т. б. “Қазақстанның халық қаһарманы” делінді. Енді “стан” сөзіне келсек, ол парсышадан аударғанда “бір халықтың басым көпшілік болып тұрған жері, туып-өскен жері, атамекені, елі” деген мағына береді, яғни “Қазақстан” – “Қазақ елі”. Осы дұрыс.Пәкстан, Ауғанстан, Үндістан,т.б. баяғыда-ақ осылай қалыптасқан. Тарихшылар
мұны дәлелді құптайды. Ал “Қазақияның” “иясы” орыс тілінен келді.
Олар: “Грузия, Белоруссия”,”Киргизия”,”Италия”, “Норвегия”,т.б.
жазып сіңірді, ал соңғы екі ел өздерінше, “ия”-сыз аталады. Осыны
ескерген жөн. Бірде сенат депутаты Шәмшә Беркімбаева мінберден
сөйлеп, менің “Қазақстан”, “Ел әні”,”Қазақстанның Еңбек Ері”
пікірлерімді қуаттады, бірақ парламент төменге қарай ма, екі
құлақ пен екі көзі жоғарыда, сол жақтан жарлық күтеді. Мәселе
сонда.
Кешіріңіздер, 1992-жыл деуді 1991-жыл деп қалыппын. Және айта отырайын: “Гимн” дұрысында – “Ел әні”. “Гимн” -салтанатты жыр,онда
жалпы ұран мазмұнды сөз болуға тиіс емес.”Ұран” да кеңестік кезден
бізде қалып қойған, қыр көрсету астарлы саяси бояулы сөз.Иә, мен
бұл пікірлерімнің барлығын, Шәмшәнің сөзінен кейін парламентке де
хат етіп жолдағанмын. Осы әңгімелер төңірегінде сөз қозғау, мақала
жазу ниеті бар жорналшы іні-қарындастарым болса, жазсын, тек бірінші
айтқан, жазған кісіні атауды ұмытпасын, жорналшылық әдебі ғой.
Тек қана Қазақстан! Бұл атау орта ғасырлық дерек көздерде сақталған. Ал 2010 жылы мәселені қозғаған Досжан Ділдабай деген кім оның қасында?
Менімше Қазақстан ғасрлап аталып келеді. Осы былтырдан бастап Қазақтың орнына қазақстандық қазақстанның орнына қазақия БАРЛЫҒЫ ДҰРЫС ЕМЕС
қазақия деу орынсыз, ия басқа елдің жұрнағы, Қазақ республикасы немесе Қазақ мемлекеті деу керек
Мен мына пiкiрмен толыктай келiсемiн. Бул «Курттын атын озгертiп малта койдык» дегенге келмейдi. Казакстан мен ушiн «Казакия» будан бастап.
Қазақия деген жараспайды. Қазақ елі, Қазақ ұлысы, Қазақ республикасы, осылардың қай-қайсы да болады.
Қазақстанды – Қазақия деп атау атап айтқанда әрбір Қазақстан азаматына нендей жақсылық әкеледі?
Қазақ-деген сөзден стан деген сөзді алсақ, бүкіл проблема шешіле қалады деп ойласаңыз қателесесіз. Елімізде бұдан да маңызды мәселелер көп, біз орыс тілді қауымынан білім мен білгірлік жағынан оза алмай жатқанымыздың себебі осындай күлкілі, мәнсіз, болмашы нәрселерге көп көңіл бөліп, шынымен де маңызды нәрселерде енжарлық танытамыз. Ешкім таза еңбек еткісі келмейді, ауызбен шөп орып, болмашы мәселе көтеру де сол автор даттап отырған социализмнен қалған ауру емес пе екен?
Қазақия атауының құлаққа қаншалықты жағымды естілетіндігіне күмәнім бар! “Атың шықпаса, жер өртенің” кебін киюге тырыспаған жөн бе деймін. Қазақстан – қазақ елі екендігі баршаға мәлім. “Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосынды өзгермейді”, бос әурешіліктің қажеті қанша?!
[...] түсіп кетті. Аталмыш журналис қысқа мәтіні мынадай мақаланы “-станды шешетін кез келді” -деп атап [...]
Қазақтар өз аты – жөнінен ов пен ованы сылып жата алмай жүггенде өз елнің аты артынан станды айырып тастауды аузап не керек ? Қала берді Гүлстан деген сөзде гүлдің біреуге бодан деген ұғым бар деп кім айта алады ? Қазақтар тек қана Ресейге бодан болды ғой ; бірақ Станды оның еліне деген атына орыстар қосқан жоқ . Ерлек – ов пен овадан құтылуда болса керек .
Бір қазағымыз, тек қана Қазақстан! Бұл атау орта ғасырлық дерек көздерде сақталған депті. Кезінде сақ, қыпшақ, қырғыз да аталған елміз. Алдымен бұл қай ел делінген сұраққа тоқалайық. Яғни бұл елді мекендеген және мекендейтін ел кім? – деген ұғымды түсініп, оған қазақ дейтін жауабыңыздан басқа сөз таба алмасаңыз, онда тура жауабыңызда “Қазақ елі” болуы тиіс.
Алашия
Мына түрлеріңмен бір күні Мазақия деп атаудан тайынбайсыңдар.
Қазақ қоғамы әле дайын емес. Құлдық сананың құрсауынан шығамыз деп жүргенде, батыстың жын ойнағына кіріп бара жатырмыз. Ұлтжанды қазақтар көбейіп, қоғам қазақыланса, өз тарихын әр қазақ баласы білсе / қазіргі мектеп бағдарламасындағыдай емес / Қазақстан атауын ҚАЗАҚ елі атауына өзгертуге ешкімде қарсы келмейді. Былтыр mail.ru да осы сауалды қойдым жастар арасына. нәтижесінде қарсы адамдар саны басым болды.