Бұл мақала 741 рет оқылды, 4 рет бүгін
Жолдау жолданды. Қолдау басталып кетті. Еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін Жолдауға өз үндерін қосып, қолдап-қуаттап жатыр. Жылдағы үрдіс бойынша, бұл науқанның дабыры біразға дейін барады. Сондықтан баспасөз бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай Жолдаудың сүйегін шағып, майын сапырып, насихаттап жатады.
Кешегі жұмадан бастап-ақ бас газеттер мен бас арналар қызметтеріне кіріскен. Дегенмен солардың арасында бізге «Алаш айнасы» газетінің жасаған талдауы ұнады. Олар Елбасының сөзін сол күйінде бере салмай, Жолдауды жан-жақты талдап өтіпті. Құр сөз, көбік әңгіме, «керемет, ғажап» деген жалаң ұраннан ада екен. Енді сол бойынша сөзімізді түзейік.
Жолдаудың бас-аяғы 66 минутқа созылыпты. Осы аралықта Елбасы бір-ақ мәрте су ішсе, мәжіліс залындағылар 44 мәрте қол соғып, қошемет көрсеткен.
Сол арқылы бір сағаттан астам уақытқа созылған Жолдаудың 4 минут 58 секунды шапалақ «рәсіміне» арналыпты.
Ал Жолдаудың лингвистикалық құрамы не дейді?
Жолдау негізінен орыс тілінде баяндалды. 54 минуттық мәтін орыс тілінде, 12 минуттық мәтін қазақ тілінде оқылды.
Атап айтқанда, Жолдаудың басындағы – 3 минут, ортасындағы – 5 минут (43-минут пен 48-минуттың арасы) және соңындағы 4 минут мемлекеттік тілде дайындалыпты. 53-минутта орысша мәтіннің арасында қазақша бір ауыз сөз айтылды.
Жолдауда «Қазақ» сөзі – 6 рет, «Тәуелсіздік» сөзі – 8 рет, «дағдарыс» сөзі – 10 рет, «постдағдарыс» сөзі – 3 рет, «Ұлттық қор» сөзі – 5 рет, «жол картасы» сөзі – 3 рет, «стратегия» сөзі 5 рет қайталанған.
Президент Жолдау барысында бір рет Джавахарлал Неру сөзіне сілтеме жасап және Алматы облысының Райымбек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, осы ауданның «құрметті азаматы» Совет Оразаевтың хатынан дәйек келтірді. Сондай-ақ бір мақал айтқан.
Жолдауды қысқаша талдау осы…
Н.ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ.




Модератор, кешіріңіз. бұл коментті алып тастауынызды сұраймын. Н.Ғалымжанұлы дұрыс сілтеме жасаған екен, мен оны оқымай қалыппын.
Мен шетелде жүрген қазақ болған соң , елбасының қазақшасын түсінуім екіталай . Жарықтықтың атында шыққан қазақша кітаптарді оқып ой – пікірін мақұлдаймін . Не дегенмен жолддау неге қазақша айтылмағанына таң қалмасыма шара жоқ . Ең болмаса мәтінін қазақ жазармандары дайындаса болмай ма екен ? Өткелде түйенің үлкені таяқ жегендей , мемлекет тілін силамаған нән шілтеленсе өз обалы ғой .
Бізде бәрі керісінше: Тәуелсіздік дейді – бірақ, ресейдің қолтығының астынан шыққымыз келмейді, Қазақ тілін қолдаймыз дейді – бірақ, қоғамды орыстандыру әрекетін пәрменді жүргізіп жатырмыз, Жемқорлықпен күресеміз – жемқорлардың 99 пайызы билік партиясының өз адамдары.
Бауырым, шетелде жүрген сен түгілі осында отырған өзіміз де түсінбей далмыз.
Сәл шыдаңдар 15-ақ жыл қалды.
Елбасымыз сонау 1991 жылдан бері тек өз терімен, халықтың қолдауымен, еңбектеніп, Қазақстанды әлемге танытып жатыр. Оған дәлел ретінде, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының басқа мемлекеттер басшыларының алдындағы беделі мен еңбегінің арқасы! Жолдауы да керемет болды!!! ЕГЕР СЕНДЕР ЖОЛДАУДЫ ДА ЕЛБАСЫМЫЗДЫ ДА ЖАМАН САНАСАҢЫЗДАР , ӨЗДЕРІҢІЗ ПРЕЗИДЕНТ БОЛЫҢЫЗДАР, ЕГЕР ШАМАЛАРЫҢЫЗ КЕЛСЕ! ҚАЗАҚСТАНДЫ БЫТ,ШЫТ ҚЫЛАР ЕДІҢІЗДЕР! АЛ қажы мұқамбет қаракедейдің ШЕТЕЛДЕ ОКЫП ЖАТКАНЫ ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ЖОБАСЫНЫҢ АРҚАСЫ!
Осы жолдаулардың бір-бірінен айырмашылығы бар ма.
Жасайтын жақсылығыңды бүгін жасамайсың ба,2030-ға дейін кім бар-кім жоқ.
Мемлекет баскару онай емес! Ар тараптан Халыктын ал-аукатын жаксыару ушин узак уакыт кажет! ал 2030 -бул Стратегия!
2030-ға аман-есен жетсем көрермін бұның қандай стратегия екенін.
Менин ойымша мен сойлесип журген жогарыдагылар Алаш баласы,қажы мұқамбет қаракедей,Дәулет Асау,паратай,Кадыр барлыгы да бир адам секилди! Неге? десениз пикир жазу онай кез келген атты жазып, мына бетте калдыра беруге болады! Ал болашакта не болатынын али коремиз!
Менің де “Алаш айнасы” газетіне алғысым мол! Сонда Елбасымыздың орыс тіліне басымдық бергені ма бұл?