Бұл мақала 890 рет оқылды, 7 рет бүгін
Әлия Назарбаева 30 жасқа толыпты. 3 ақпан күні. Осыған орай дәл сол күнi «Европа плюс» радиосында мынадай бiр ақпараттың шетi шықты.
Ақпараттың ұзын-ырғасы мынадай: «Әлия Назарбаеваның 30 жасқа толған мерейтойына арнайы әлемдiк эстрада жұлдыздары Дженифер Лопес пен Бритни Спирс келе жатыр». Елең ете қалдық. Санамызда «Астананың 10 жылдық мерейтойында да мұндай әлемдiк деңгейдегi әншiлер болмаған едi ғой» деген ой жылтың етті. Дегенмен 10 жылдық пен 30 жылдықтың арасындағы айырмашылықты байқағаннан кейін, «күпірлік» жасап қойғанымызды аңғардық.
Бiрақ, бұл айдан келген ақпар емес, жерден жеткен жайсыз хабар да емес екен. Шынында да қомақты қаржыға ән салатын әлем жұлдыздары мемлекет басшысының кенже қызының мерейтойына сонау АҚШ-тан ат терлетiп Алматыға келiптi. Сәрсенбi күнi түс ауа Алматының әуежайына Дженифер Лопес пен Бритни Спирс келiп, жақында ғана ашылған «Rixos» қонақүйiнiң оқ өтпейтiн «Паша-люкс» нөмiрiне жайғасыпты. Кенже қыздың туған күнi де бесжұлдызды «Rixos» қонақүйiнiң банкет залында өткен көрiнедi.
Десек те бір ой маза бермейді. Атағы алты құрлыққа таралған әншілерді жалдауға қанша қаржы кетті екен? Тегiн шырқамағандығы белгiлi. Аз ақшаға АҚШ-тан Алматыға келмегендiгi айдан анық.
Туған күнге атақты әншілердің келгенінен-ақ, «юбилейдің» қалай өткені байқалады. Шіркін, барып қатысқанда ғой…
Досжан ДIЛДАБАЙ



…бұл жаңалықты мен де естіп едім, сонда да оның қаншалықты шындыққа жанасымдылығына күмәнім болған…енді байқап қарасам, шынында да келген екен ғой…
Сұмдық! Азамат, көзіңді аш, жүрме бос!…
Бритни “Пепси”-дін 10 секундық жарнамасына түсіп, сол үшін 10 млн. АҚШ долларын алғаны есіме түсіп кеткені.
Мұндай той Назекеннің қызында болмағанда кімде болады?!
Бірудің ақщасын біреу аяй ма. Шаш.Төк.Іш.Бұл өмір қайта айналып келер деймісің.
Аузы кисык болса да, ? кызы сойлесин. Буты кисык болса да,? кызы билесин!
Сол акшаны сол аншилерге куртканша жетим жесирлерге берсе гой.Не истерин билмеген сон да
Аста-төк болып, текке желге ұшқан, қазақтың маңдай терімен келген бейшара ақшалар-ай.Өз елінде қазағының бір жақсылығына жарамай өзгенің қалтасында кеткеніне өкініш білдіретін шығар(ақшаны айтам).
Менде бір резиденттің баласы болсам ғой шіркіііііііііін.Қарным бір тойатын еді.
Жалақының көтерілмей, көтерілсе – азық-түліктің қымбаттап жатқанына осындай дарақылықтардың да әсері мол. Енді ол әншілердің ақысын халықты қанап өтемегенде өалай өтейді деп ойлайсындар.Менің тылда жүмыс істеген әкеме де Үкімет тиісті ақшасын бермеді……