1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Мақалаға баға беріңіз)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 474 рет оқылды, 5 рет бүгін

ce_log

Жылдан аса уақыт жыр болған халық санағы шықты. Қарап отырып, жағаңды ұстайсың. Желінген қаржы, құр кеткен уақыт, орындалмаған уәделер туралы айтып жағымыз талды ғой. Халықтың қалтасындағы соңғы қарабақырды тартып алудан тайынбайтын жемқорлардан жүрегіміз шайлығып болды. Айттың не, айтпадың не, ауызы арандай ашылған ынсапсыздарға опа жоқ.

Кеше Мешімбаеваның орнына келген Смайылов былтырғы өткен санақтың қортындысын жария етті. Жалпақ жұртқа. Санақ қортындысын естіп отырып, құлағым қызара берді…

Бұрынғы жемсауы кең төрайым санақтың аяғын ала қазақтардың Қазақстанда 67 пайызға жеткенін айтқан. Арада түсініксіз жағдайлар орын алып, бірталай кісінің қолына кісен салынып, төрайымның көзіне көк шыбын үймелердің алдында қазақтар 65 пайызды құрайды деген әңгіменің құлағы қылтиды. Енді ресми түрде мәлім етілді санақ қортындысы. Әлихан Смайловтың аузынан «қазақтардың үлес салмағы 63,1 пайыз» деген сөзді естігенде, жоғалған 4 пайыз қазақты жоқтап қала бердік.

Бұл не сонда? Әрине, қырауар «еңбек» пен есепсіз қаржы жұмсалған санақтың ресми қортындысына күмән келтіруге болмас. Дегенмен сол күмәнді өздері көбейтіп отырғанда қалай қарап қалмақсың? Осы тұста «қазақты 4 пайызға қысқартуға кім рұқсат берді?» деп сұрақ қойғың-ақ келеді. Бірақ бұл сұрақты кімге қоясың. Мешімбаева басымен қайғы. Санақ біткенен кейін келген Смайылов иығын қиқаң еткізер мұндай сауалға.

Ажал аузында жатса да аузынан «шүкірі» түспейтін ұлттың ұлымыз ғой. Бұған да шүкір деуден басқа амал қайсы? Қазақты бұдан да көп пайызға қысқартып жібергенде не істер едік? Әйтеуір қарамыз көбейіп қалыпты. Оған да тәуба!

Дерек пен дәйек

Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,1%-ға өсіп, 10098,6 мың адамды құрады. Өзбектер саны 23,3%-ға өсіп, 457,2 мың адамға, ұйғырлар – 6%-ға өсіп, 223,1 мың адамға жетті. Орыстар саны 15,3%-ға азайып, 3797,0 мың, немістер – 49,6%-ға азайып, 178,2 мың, украиндар – 39,1%-ға азайып, 333,2 мың, татарлар – 18,4%-ға азайып, 203,3 мың адамды құрады. Басқа этностар – 5,8%-ға азайып, 714,2 мың адамдық көрсеткішке тұрақтады.
Нәтижесінде ел халқының жалпы санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-ды, орыстар – 23,7%-ды, өзбектер – 2,8%-ды, украиндар – 2,1%-ды, ұйғырлар – 1,4%-ды, татарлар–- 1,3%-ды, немістер – 1,1%-ды және басқа этностар – 4,5%-ды құрады.

Ал 2009 жылғы халық санағын есепке алғанда 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жедел ақпараттарға сәйкес, республика халқының саны 16196,8 мың адамға жетті. 2010 жылдың басына қазақтардың үлесі 63,6%-ды, орыстар – 23,3%-ды, өзбектер – 2,9%-ды, украиндар – 2,0%-ды, ұйғырлар –1,4%-ды, татарлар – 1,2%-ды, немістер – 1,1%-ды, басқа этностар – 4,5%-ды көрсетті.

(Деректер «Айқын» газетінен алынды).

Н.ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ.

5 пікір - “4 пайыз қазақ қайда «жерленді»?”

  1. Cамат:

    Рас болса 1999 жылғы санақта оңды өтпептіміс. Қалаға жұмыс іздеп кеткендер, дачаларда бас паналағандар мен пәтер жалдағандардың санақтан қашуына пайдаланған су, жылу ақылары себепкер болыптымыс.

  2. Әлім төре:

    Меніңше, мұның бәрі биліктің құйтырқы саясаты. Шын мәнінде қазақтардың саны 67 пайыз емес, сірә 70-ке барып жеткеніне сенімдімін. Бидік осыдан қорқып кеткен де, “қазақтардың санын азайтыңдар” деп бұйрық берген. Мешімбаеваны қашыртып жіберген де өздері. Сосын кінәні соған арта салу үшін. Билік қазақтардың көбеюінен неге қорықты? Өйткені саны көп қазақ күні ертең ана тілінің тұғырға қонуын талап ету мүмкін. Ал орыстанып кеткен қазақтың билігі бұдан өлердей қорқады. Міне мәселе қайда жатыр.

  3. sera:

    Анекдот: Із-түзсіз жоғалып кеткен 4 пайыз қазақтар Мешімбаеваны іздеп жүр.

    Тағы бір анекдот: Мешімбаева 731 млн теңгені және 4 пайыз қазақты шетелге алып кеткен.

    Тағы бір анекдот: Біздің мемлекет әрі санап, бері санап, сосын кері санап – ақыры айналдырған бір 16 млн адамның шетіне жете алмай жүр.

    Тағы бір анекдот: Біздің жемқорлар 16 млн халықты жөндеп санай алмаса да, ақшаны млрд-тап санай алады.

  4. Адалбай:

    Қытайлар 1,5 млрд адамды оп-оңай санайды, біздің қазақ 16 млн-ды зорға санап болды.Мүмкін келесі санаққа 1-2 қытай алдырармыз калькуляторымен, сонда біздің билік жаңылмас.

  5. Адалбек:

    Ру-румен санаса оңай болады.

Пікір жазу

Серіктестер