1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (1 дауыс, орташа есеппен: 1.00 / 5)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 575 рет оқылды, 1 рет бүгін

Секта

Оқымыстылар осы ғасырды «діни-руханият соғысы ғасыры болады» деп болжап отыр. Болжағаны құрысын, бұл үнсіз соғыстың басталып кеткеніне де бірнеше жылдың жүзі болып қойды.
Бейресми дерек бойынша, соңғы 18 жылда 500 мың қазақ (олардың бәрі де кодталып, дуаланған) осындай секталарға өтіп кеткен.

Бұл сан көздеріне аз көрінді ме, әлде қазақтың мұсылмандықтан оңайлықпен ажырамасын білді ме, енді әлем алпауыттары ислам дінін құрту үшін өз ішінен ірітуге көшіп, неше түрлі мұсылман дінінің тонын жамылған діни ағымдарды қоса енгізіп жатыр. Біздің бүгінгі мақаламыз Қазақстанды жайлап бара жатқан жалған ислами ағымдар турасында.

1. Уахабизм
Уахабизм – ХVIII ғасырда пайда болған ағым, Сауд Арабия­сының ресми мәзхабы. Ол бойын­ша ер адам міндетті түрде сақал қоюы тиіс және намаз оқымаған адам мұсылман емес. Сондай-ақ әулиелердің басына, қабірлерге зиярат етіп баруға болмайды. Пайғамбардың туған күні – Мәу­літті тойлауға қарсы. Қожа Ахмет Йассауи сияқты зәулім кесе­нелерге құрмет көрсетілуді күпір­шілік деп санайды. Мәзхабтарды мойын­дамайды. Жұма күні жеті шелпек тарату, келіннің бетін ашу сияқты әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүр­лерге де қарсы. Өздерінше өмір сүр­меген адамдарға қатал көз­қараспен қарайды және қажет болса, күштеп көндіруге тыры­сады. Осы орайда тарихта талай рет қан төгілуіне себепші болған. Осы ғасыр басындағы шешен елінде болған қантөгістердің бас­ты қоздырушысы ретінде аталы­нады. Тар ұғымға байланған нағыз фанаттар. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік өлкелерінде көбірек шо­ғырланған.
2. Исмаилиттер
Бұл діни-саяси ағымның ең басты қолдаушысы – Англия. Кезінде Имам Ғазали сияқты ірі ғалымдарды өлтірген, ислам әлеміне талай рет қасірет тартқыз­ған, шиіттік бағытты ұстанатын қауіпті ұйым. Шыңғыс ханның тұқымы Құлағу ханның қуғын­дауына ұшырап, біразы Орта Азияға өтіп кеткен. Үндістан, Иран, Ауған­станда көптеген жақ­тас­тары бар бұл ұйымды қазір мұрагерлік жолмен тағайындала­тын ханзада Ага Хандар мектебі басқарады. Исмаиліктер намазды күніне бес рет емес, үш рет қана оқи­ды: таң­ертең, түсте және кеш­ке. Жұма на­ма­зына бармайды және құтба оқы­майды. Меккеге қа­жылыққа бармайды, оның ор­нына Кербала­дағы Хазірет Хусейн мен Хазірет Әлидің қабірлеріне зия­рат етеді. Орталық Азиядағы түркі тілдес республикаларда бас­қару орган­дары, білім беру ұйым­дары, баспа­сөз органдары, қорла­ры жұмыс істейді. Өте мықты қар­жылық күштері бар. Ага Хан қоры өз қыз­метін экономикалық даму, әлеу­меттік даму, мәдени ба­ғыт бо­йынша жүргізеді. Тәжік­стан, Қыр­ғыз­стан мен Қазақстан және Ис­маилиттер имаматы ара­сын­­дағы Орталық Азия уни­вер­ситетін құру жөніндегі шартқа сәй­кес, Исмаилиттер қауымдасты­ғы­ның Ага Хан қоры Қазақстан­ның Текелі қаласында салынып жат­қан Орталық Азия университе­тіне 250 миллион доллар ақша бөлген.

3. Ахмадие
ХIХ ғасырдың аяғында Үнді­стан­да отаршыл ағылшын үкіме­тінің қолдауымен пайда болған діни-саяси ағым. Өздерін Пайғам­барымыздың екінші аты Ахметпен байланыстырып, ақиқи исламды қалпына келтірушілерміз деп санайды. Бүкіл мұсылман елдері, ішінде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы да бар, бұл қауымды «кәпір» деп жариялап, пәтуә берген. Сөйтіп, Бүкіләлем­дік Ислам лигасының шешімімен Меккеге қажылыққа кіруіне ты­йым салды. Пәкстан үкіметі ахма­диліктерді «мұсылман емес» деп елден қуып шыққан. Бұл ұйым өзі пана тапқан Англиядан мате­риалдық және рухани қолдау көріп, исламға қарсы түрлі іс-ша­ралар жүргізеді. Қазақстанда пә­к­стандық пірәдарлардың ық­па­лымен 1994 жылы арнайы тір­­кел­ген бұл ұйымның тұңғыш жетекшісі белгiлi жазушылары­мыздың бiрi. Қауымдастықтың толық атауы – «Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық Ахма­диелік мұсылман жамағаты». 2008 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, Қазақстанда 4 Ахма­диелік жамағат бірлестігі (Алматы мен Шымкент қаласы, Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы) қызмет етеді. Ахмадие қозғалысы Англия, Германия, Голландия, Испания, Австралия сияқты мемлекеттерде 12 мыңнан аса мешіт тұрғызған.
4. Бахаизм
«Бахаи» қауымдастығы ХIХ ғасырда Ирак пен Иранда пайда болған, шииттік мәзхабты ұста­нады. Батыс пен Шығыстың діни дәстүрлерін синтездеуден туған космополиттік ағым. Өзін «ең соңғы дін» деп жариялаған. Мұ­хам­мед пайғамбарды «соңғы пай­ғамбар» деп, ислам дінін «ақырғы дін» деп санамайды. Құран да олар үшін ең соңғы қасиетті кітап емес. Бахаизм бойынша қасиетті имамдарға қарсы келуге бол­майды, ол – үлкен күнә. Ұлттық құн­дылықтарды, Отан дегенді мо­йындамайды. Оның орнына әлем­дік дін, әлемдік тіл, әлемдік мә­дениет секілді құндылықтарды насихаттайды. Намаз оқиды, ораза ұстайды, зекет береді, қа­жыға барады, бірақ олардың орын­далуы өзгеше. Намаз күніне үш рет, үш түрлі болып оқылады. Ара­сында Бахауллаһ әулиенің кіта­бынан сөйлемдер оқиды. Қажет болса, үш түрлі намаздың біреуін ғана оқыса да жетеді. Құбыласы – Бахауллаһ әулиенің Аккадағы мазары. Ораза 19 күн ұсталынады. Қазір масондардың әдісімен ұйым­дасқан бұл ағымның 270 елде ұйымы, үш мыңға жуық орталығы бар. Қазақстанда да үлкен қала­ларда жақтастары аз емес. 2008 жылдың 1 қаңтарындағы
есеп бо­йынша, елімізде «Бахай» ағымын­дағы 3 культтік ғибадатхана, 19 діни бірлестік тіркеліпті.
5. Хизбуттахрир
Исламға зиянды экстремистік діни-саяси ағым. 1953 жылы Па­лестинаны Израильден азат ету ұйымы ретінде ізгі мақсатта құрылғанмен, кейіннен әлем мұсылмандарын бір Халифатқа, яғни біртұтас мемлекетке біріктіру сияқты бос қиял, жөнсіз арманға толы идеясын тықпалап, онысы дау-дамайға айналып, зиянды қозғалыс ретінде бағаланды. Кітап, газет, брошюра шығарып, мақалалар дайындап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Хизбуттахрир Қазақстанға тәуелсіздік алған соң жайыла бас­тады. Кезінде Алматы мен Шым­кент, Тараз, Түркістан, әсіресе, Кентау қаласында түрлі әрекет­терімен көзге түсті. Өз жұмысын саяси және идеологиялық бағытта жүргізеді делінгенмен, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрiкменстанда экс­тремистік іс-шаралар нәтижесінде көптеген адамдардың өліміне се­бепші болды. Олардың арттарында кейіннен уахабшылар тұрғандығы анықталды. Бұл діншіл партияның белсенділері, әсіресе, Өзбекстан­да қатты қуғындалды. Қазақстан­да да бас бостандықтарынан айы­рылғандары бар.
Бұдан басқа да елімізде түрлі ағымдар бар. Мәселен, «Алля-Аят» (фархадшылар) пен «Ата жо­лының» жұмысына тыйым салы­н­ды. Сондай-ақ ақын Әуезхан Қо­дар бастаған зиялылар тобы «қазақ халқы ислам діні арқылы түп-тамырын жоғалтып алды, сондықтан көк аспан мен аруаққа сыйынатын Көк Тәңірі дініне қайта оралуымыз керек» деп жүргенін, сондай-ақ зікірші со­пыларға да қарсы ҚМДБ пәтуа шығарғанын айта кетелік.
Түйін:

Мектепте тарихтан бәріміз католик француздар гугенот француздарды бауыздап тастаған қасиетті Варфоломей түнін оқыдық. Ливандағы 1970-1980 жылдары болған азамат со­ғысында діндері бөлек аға­йынды арабтар бірін-бірі қырғанын да жақсы білеміз. Кешегі Босниядағы қанды қасірет те осы діни ала­уыздықтан туындағаны белгілі. Осынау дінбұзарлыққа алпауыт елдер жылына 12 миллиард доллар бөледі екен. Мұсылмандарды айт­пағанда, еліміздегі христиан­дар­дың өзін 40 шақты конфессияға бөліп тастады. Мақсат – Қазақ­стандағы халықтың діни сенімін бұзып, өзара қырқыстырып, ақы­рында құл қылу. Түбінде Қазақстан халқы да жоғарыдағыдай діни алауыздықтан өзара қырқысып, атысып-шабыспаса жарады…

Төреғали ТӘШЕНОВ

“Айқын” газеті.

10 пікір - “Зымиян ағымдардың зобалаңынан сақтан!”

  1. Досжан:

    Жакында Гаитидегi жер сiлкiнiсiн пайдаланып американдык миссионерлер оз жуыстарын натижелi аткарды. Гаитидегi жапа шеккен ата-аналар балаларын дiн жорыгына шыккан жалмауыздарга тегiн берiп жiберiп жатыр.Кайтсiн ендi.

  2. Серікжан:

    Мұны пси-лаңкестік (терроризм) деп бір сөзбен атауға болады. Енді онымен ықпалды күресу жолдарын ойластыру қажет.

  3. Байсалхан:

    Көзің ашық көкірегің ояу болсын. Сектаға кіргендердің бәрі ақшаның құлы болғандар,болмаса кешегі аласапыранда жоқшылыққа ілініп, сектанттардан ақша алып күнін түзеп алғанмен,солардың құрсауынан шыға алмай жүргендер.ӘЙ,бірақ жүректе ИМАН болмаған соң бәрі бекер.

  4. Cерік:

    Елде нақты ұстаным жоқ болғандықтан ішке діни ағым да, алып сатар алаяқта еркін кіріп шығып жүр. Ащы да болса шындықты айтқан жөн. Қәзір шындық айтқанның ағайындарын түгелдей қудалауға салатын жынға тап болған соң жын шайтанды көрсе де үндемей отыра береді. Себебі бір келеңсіз ағымның адамы жүр десең, өзіңді тергеп қашып кеткендерді ұстай алмаса көрсеткіш ретінде сол ағымның өкілі ретінде өзіңді соттай салатын әпенділіктен де қорқады. Елдің ішінде елдік сенім кетіп бара жатыр. Қазақстанда діни алауыздық бола қоймас. Адасып айдауда жүрген санада алауыздық қайдан болсын. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды ұлттық ұстанымы жоқ мәңгүрттік мазалап жүрген жоқ па. Биссимиллаңды осыдан бастаған жөн.

  5. бауыр:

    Заңды да кішкене қаталдау қылса қайтер еді. Кейде сыйлағанды емес,қорыққанды сыйлайтынымыз рас қой.

  6. Зикирши:

    Ираннан коркасын Ташен Ия

  7. Зикирши:

    Неге Зикиршилерди, Яссауишыларды, Исматуллашыларды жазбайсын Ташен Солардын уршыгы боп журсингой???? Шиитерди Орта Азиядагы саяси идеологиясы Исматуллашылар жургизбей ме?? Сен олардан коркасын???

  8. қажы мұқамбет қаракедей:

    Діншілдік адамзаттың жаратылысында бар құбылыс . Ол түрленіп тұрады . Баяғыда бір коммунисттен қай діндесің деп сұрағанда өзін коммунист екенін айтты . Мәселе құдайшыл немесе атеист болу емес . Әркім өзіне бағыт – бағдар табу үшін бір өлшем іздейді . Ал дін дегенің сол өлшем болып тұрады . Басы бірікпеген халық сергелдең болып жоғын кезкелген көк аттыдан сұрауға тура келеді. Сондағы тапқаны біреудің жолы болып шығады да оның кәдесіне аспайды . Енді не істеу керек десеңіз , бүгінгі қазақ діннен құр алақан қалды деп , иман атаулының бәрін бөтендерден тілеп жүрмей осы елдегі діни мұраларды игеру абзал дер едім . Қала берді басқа жұртқа барып шарйғат үйреніп келгендер мардиып өз қандастарына ( қаншама тобыр болса да )мұрырын шүйіріп жүрмей тіпті дөрекі сөздерді де көтере білулері керек . Демек өз негізін біліп сақтанғысы келген сақтарды алла тағала барша зымиян ағымдардан сақтары сөзсіз .

  9. экс зікірші:

    Адасушы Исматуллашыларды мынадай пікірлеріне қарап айыруға болады. Әрі олар осындай теріс көзқарастары арқылы Исламнан мүлде шығып кетеді. Оқып шығыңыз да төрелігін өзіңіз беріңіз.

    1) Исматуллашылардың пікірінше Аллаһтың кейбір “әулиелері” ғайыпты біледі-мыс. Мәселен, Исматулла Мақсұм Шілханада жатқан мүридтердің не істеп жүргенін, ілімінің дәрежесін алыстан көріп-біліп отырады-мыс. Ал, бұл пікір Құрандағы мын аятқа қайшы: «Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді». (27:65).
    «Ғайыптың кілттері Оның (Алланың) жанында. Оны Ол өзі ғана біледі». (6:59).

    2) Олар Діни басқарма мүшелерін, мешіттегі дін қызметкерлерін жек көреді. Газеттерінде олар жайлы жағымсыз мақалалар жазады. Мысалы “Уаххабизм қаупі немесе, ҚМДБ-ның былығы” деген мақалалар тәрізді т.б.

    3) Мешіттерге бармайды. Себебі, ол жердегілер “тек террористерді ғана дайындайды” деп есептейді. Олар үшін ең үлкен ілім сопылық. Ал сопылықты қолдамайтындардың бәрі әні-міні террорист болып кеткелі тұр, бәрі уаһабшы.
    Осындай пікірлері арқылы Исматуллашылар ел арасында мешіт жайлы сұмпайы пікір қалыптастырады.

    4) Әһли сүннет уәл жамаға ғалымдарын мойындамайды тіпті Пайғамбарымыздың сүннетін жандандырушы кейбір әлем таныған әйгілі ғалымдарды кәпір деп айыптайды.

    5) Құран аяттарын ғұламалар тәпсірінсіз, өз беттерімен бұрмалап түсіндіреді. Әрі кейбір аяттарды ғана алып, көпшілік аяттарды тастап қояды. Мысалы, әйел адамдарға бүркеншік жамылуды парыз ететін «Нұр» сүресіндегі аяттарды мүлде мойындамайды. Хиджабты Арабтың ұлттық киімі санайды.

    6) Арабтарды (әр түрлілігіне қарамастан), пәкістандықтарды жек көреді. Қазаққа қауіп осылардан деп санайды. Керісінше Лондонда, Москвада жарық көрген сол жақта тұратын шығыстық сопы-жазушылардың кітаптарын оқиды. Мысалы, Джавад Нурбахш, Идрис Шах т.б. Бұлардың кейбірі дінбұзарлығы үшін елдерінен қуылғандар болатын.

    7) Исматуллашылар айтатын хадистердің көпшілігі өтірік, ойдан тоқылған дағиф хадистер. Тіпті, шииттердің дүниелерін де пайдалана береді. Ол риуаяттарда хазіреті Әли пайғамбар дәрежесіне дейін жетсе, халиф Омармен өзге сахабалар мазақ етіледі.

    8) Ілім ізденбейді. Араб тілінен аударылған туындылардың бәріне күдікпен қарайды. Оларға «Түркі иман» деп аталатын ескі кітапты жаттап алса болғаны. Әһли сунна ғалымдарының кітаптарына қарсы. Одан да бірен-саран қиссалар мен ұлттық ертегілерді жаттап алуды міндеттейді.

    9) Ырымға сенеді. Олардың түсінігінде ырым – қазақтың ұлттық болмысы-мыс. Одан ажырамауымыз керек көрінеді.
    Аруаққа сиынуды жөн деп санайды. Олардың пікірінше сиыну – құлшылық емес-мыс. Сондай-ақ, тұмар тағуды, көзмоншақ, үкі қауырсыны т.б дұрыс деп есептейді. Ал, бұл заттардың харам екенін білдіретін сахих хадистер саны мыңға жуық.

    Осылардың өзі-ақ Исматуллашылардың ақида мәселесінде жаһил екендіктерін көрсетеді.

  10. Musilman kiz:

    ай СубханАлЛАх мусылман бауырлар, вахаббист депжазыпсыздар, сиз алдымен вахаббист деген секта туралы онын аты туралы шамалы окысаныз болар еди, онын негизин салушы Мухаммад Вахаббии деген киси болган, оган ерген адамдарды вахаббист деп атау дурыс емес, себеби Аль-Вахабби деген Аллахтын коркем есимдеринин бири ягни Ол Сыйлаушы деген магынаны береди, Аллах журектериниздеги иманды кушейтсин

Пікір жазу

Серіктестер