Бұл мақала 597 рет оқылды, 1 рет бүгін
Бүгiнде әр мемлекет өзiнiң әлем алдындағы әлеуетiн спорт арқылы көрсетудi дәстүрге айналдырды. Қазiр ең басты бәсеке осы спорт саласында қарқынды жүрiп жатыр десек, артық айтпағандығымыз болар. Осыған орай бiздiң елден де спорттың 8 түрiнен 37 спортшы Ванкуверде өнер көрсету құқығына иелiк еттi.
Ақ Олимпиадаға Африканың қара маржандары да қатысады
Канаданың Ванкувер қаласында өтетiн Ақ Олимпиадаға зеңгiлер де өз спортшысына арнайы лицензия әперiп, бәйгеге қосты. Қара құрлықтың қақ төрiнде орналасқан Гана елiнiң азаматы Кваме Нкрумах-Ачемпонг Канадада шаңғы тебуге жолдаманы ұтып алды. Бұл спорт түрiмен айналысқанына 6 жыл болған 31 жасар ганалық Кваме: «Менiң арманым – Ақ Олимпиададан жүлде алу емес, ел есiмiн жалпақ жұртқа жария ету. Қара нәсiлдiлердiң де қысқы спорт түрiнен жақсы нәтиже көрсететiндiгiн дәлелдеу», – дейдi. Әсiлiнде, ганалықтардың бүгiнде футбол әлемiнде бiраз жетiстiктерге жеткендiгiн бiлемiз. Тiптi, лондондық ақсүйектердiң сүйiктi клубына айналған «Челсидiң» сапындағы ганалық Майкл Эссьеннiң тәп-тәуiр доп тебе алатындығын жарты әлем бiледi.
Демек, Квама секiлдi «айды аспанға шығарған» Африка спортшысының iзiмен 2014 жылы Сочидеде де бiраз зеңгiлердiң өнер көрсететiндiгiне сенiмдiмiз. Өйткенi – бұл спорт. Ал, спорт дегенiмiз ел есiмiн мәшһүрлеу үшiн берiлген ең үлкен мүмкiндiк.
Бүгiн бiз халықаралық спорт жарыстарын өткiзудiң пайдалы жақтарына баса назар аудармақпыз (Жалпы, үлкен жарыстар өткiзудiң пайдасыз жағы жоқтың қасы деуге де болады). Бiрiншiден, қала көркейедi. Бүгiнде Пекин қаласының 2004 жылмен салыстырғандағы келбетi мүлдем өзгеше екендiгiн өздерi де мойындайды. Бұл турасында Қысқы Азия ойындарын өткiзу үшiн үлкен дайындық жүргiзiп жатқан Алматы қаласының да абаттанып келе жатқандығын анық байқауға болады. Сондай-ақ, қаладағы әртүрлi басқармалардың да жұмыс қарқыны едәуiр өскен. Бейжiңдi маңайлаған туристердiң де қарасы алдыңғы жылдардағы статистикаға өзгерiс әкелген көрiнедi. Мiне, халықаралық додалардың жарыс қожайындарына әкелетiн iрiлi-ұсақты пайдасы осындай. Сондай-ақ, жарыс нәтижесi бойынша қалыптасқан бiр үрдiс, ол командалық есепте жарыс қожайындарының бiр сатыға iлгерiлеуi немесе алдыңғы шептен көрiнуi. Дәл осындай өзгерiстердi байқап келе жатқанымызға бiрнеше жыл болды. Мысалы, кеше ғана шымылдығын көтерген Ванкувердегi
Қысқы спорт түрiнен немiстер шашасына шаң жұқтырмайды
Қысқы Олимпиада ойындары турасында аз-кем тоқталсақ. Қысқы Олимпиада ойындарында әрқашан сәттi өнер көрсететiн мемлекеттердiң бiрi – ол Канада. Аталмыш мемлекеттiң шайбалы хокейден өнер көрсететiн Ұлттық құрамасы соңғы Ақ Олимпиадаларда үздiк өнер көрсетiп келедi. Соңғы өткен төрт Олимпиада көлемiнде канадалықтар алты құрлықтағы үздiк алты команданың қатарына ендi. Мысалы, 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен Ақ Олимпиада ойындарында командалық есепте 6-орынға тұрақтаса, 1998 жылы Наганода 5-шi орынды еншiледi. 2002 жылы Солт-Лейк Сити қаласында 4-шi орын болса, 2006 жылы Туринде 3-орынға тұрақтады. Бұл жерден бiр нәрсенi анық байқауға болады. Канаданың әр төрт жыл сайын өтетiн дәстүрлi халықаралық додадан бiр сатыға жоғарылап келе жатқандығын. Демек, Канада басшылығының да «Командалық есепте суырылып алға шығамыз» деп пәтуә беруiнiң мәнi бар екен. 1988 жылы дәл осы мемлекеттiң Калгари қаласында өткен Олимпиада ойындарында жарыс қожайындарының бiрде-бiр алтынды олжалай алмауы үлкен сабақ болған секiлдi.
Қазiргi кезде Ақ Олимпиада ойындарынан шашасына шаң жұқтырмай, алдына жан салмай келе жатқан бiр елдi бiлемiз. Ол – немiстер. Калгаридағы ойындарға дейiн Кеңестiк елдер мен Германия елi бiрiншi орын үшiн ауыздықтасып келсе, соңғы ойындардың барлығында да немiстердiң бабы да келiсiп, бағы да жанып келе жатқанға ұқсайды. Тек 1994 жылғы Лиллехаммердегi Олимпиада ойындарын алмағанда. Бұл ойында жарыс қожайындары барлық мүмкiндiктердi пайдаланып, командалық есепте алдыңғы шептен орын алды. Норвегия мен Германия спортшыларының арасын бөлiп тұрған тек бiр ғана алтын болатын. Осы жайт 1996 жылғы Харбиндегi Қазақстан мен Қытай спортшылары арасындағы текетiрестi еске түсiредi. Мұнда да бiрiншi жүлденiң ауылы бiзден небәрi бiр алтынымен артық тұрған қытай спортшыларының уысында кеттi. Бұл туралы кезiнде баспаөз беттерiнде әдiлетсiз болғандығын айтып, ышқына жазған болатын.
Өз алаңында кез-келген спотшы намысқа тырысады
Қай мемлекет болмасын жарыс қожайыны бола тұра, қолда бар мүмкiндiктiң барлығын пайдаланып қалғысы келедi. Спортқа саясаттың да етене араласатындығы осындай жағдайларда. Әйтпесе, бүгiнде немiс спортшыларының қарқыны тау бұзып, екпiнi мұз ерiтедi. Бұл жерде қазақтың «Әркiм өз үйiнде қожа» деп тауып айтылған сөзiмен бәрiн түсiндiруге болады. Соңғы Пекинде өткен жазғы Олимпиада ойындарының өзi қаншалықты өзгерiс әкелгендiгiне куә өзiмiз. Тiптi, көрiнгеннен таяқ жейтiн қытай боксшыларының командалық есепте суырылып алға шығуы үлкен сенсация болды. Бiрақ, мұның барлығын әдiлетсiздiк деген бiр сөзбен жаба салуға тағы да болмайды. Өйткенi, әр спортшының өз алаңында намысқа тырысып, әрбiр бәсекеге асқақ рухпен өнер көрсететiндiгiн бiлемiз. Тiптi, жарыс көршiлес елде болып жатса да спортшылардың жүрегiнде өз үйiндегiдей сенiм пайда болатындығы белгiлi. Содан болар, көлеңкеде көрiнбей жүрген спортшылардың өз алаңында айды аспаннан шығарып, туын көкке көтеретiндiгi.
Бiздегi спорт басшылары 2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарынан екiншi немесе үшiншi орынды еншiлеймiз деп уәде берiп отыр. Бiздiң бұл додадан қалайда төртiншi орыннан төмен қарай сырғымайтындығымыз түсiнiктi. Екiншi орынға иелiк етуге де күш-қуатымыз жеткiлiктi. Оны осы алдағы күндердiң еншiсiнен байқайтын боламыз. Ванкувердегi көрсеткiш – VII Қысқы Азия ойындарынан алатын жүлдемiздiң барометрi iспеттес болмақ. Азияның алпауыт үштiгiнiң деңгейiн Ванкуверден бақылаймыз. Соған қарап, келер жылғы додаға болжамдар жасайтын боламыз.
Ванкуверге жол тартқандардың үшеуi ғана қазақ
Канадаға аттанған 37 спортшының iшiндегi бар-жоғы үшеуi ғана қазақтар. Осыдан-ақ қазақтардың қысқы спортқа қырын қарайтындығы анық байқалады. Егер әуесқой боксқа әуес қазақтың қара домалақтары қар спортына түбегейлi мән беретiн болса, онда Азияның алдыңғы қатарлы азулы қарсыласы атануымызға күмән жоқ. Қар спортының кешегi ардагерлерi Вдадимир Смирнов пен Людмила Прокашева болмағанда, мүлдем статистика беттерiнен де атымыз жоғалар ма едi?
Ванкуверде басталған Ақ Олимпиада да алтын алған спортшыға Үкiмет тарапынан 250 мың доллар берiлсе, екiншi орын алған спортшыға 150 мың доллар сыйақы берiледi. Ал қола жүлде алғандарға 75 мың доллар көлемiнде сыйақы жасалады. Негiзiнде, бiздер үшiн бiр алтынға қол жеткiзсек те үлкен жетiстiк. Бiр ғана Смирновтың ерлiгiн қайталасақ жетiп жатыр. 1994 жылы Лиллехаммерде өткен Ақ Олимпиада ойындарында Владимир Смирнов шаңғымен сырғанаудан бiр алтын, екi күмiске қол жеткiзiп, командалық есепте 15-орынға жеткiзген болатын. Одан кейiн Наганода қонышына қола ғана қыстырып келген Владимир Смирнов пен Людмила Прокашева ғана. Қазiр бұл деңгейдегi спортшыларды ұлттық құрамадан көру қиын. Бенди спорты береке алып келер деп едiк, онымыздан түк шықпады. Бұл ойын түрiнен бiзге, өкiнiшке қарай лицензия бұйырмапты. Алайда, қысқы Олимпиада ойындарынан бiздiң спортшылардың ең үлкен делегациясы Ванкувер қаласына жол тартты. Демек, үмiт күтуге әбден негiз бар….
Жандос БАЙДIЛДА



Талдап,талкыга салган авторга улкен рахмет!!!
Біздің қысқы спорт түрлерінен әлсіздеу екеніміз рас.
Барлық спорт түрлеріне қазақ балаларын тарту керек, намыс керек. Басқалары қарнының тойғаны үшін жүре береді.
Спортты(қай түрін болса да) көтеру үшін ауылдардағы спорт мектептерінің спортқа қаралатын бюджетін көбейту қажет.
Елена Хрусталева жарады.1 кумiсi 20-орыннан бiр-ак шыгарды.
Орыс қызы болмағанда өлген екенбіз.Жалпы орыстар мықты,ішіп-жеп қашып кетпесе болғаны.