1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (1 дауыс, орташа есеппен: 5.00 / 5)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 649 рет оқылды, 1 рет бүгін

Masimov

Өткен аптада «Қажымқанұлы қазақша сөйледі» деп қуандық. Санымызды шапаттап, жас балаша мәз болдық. Бас уәзір Алматы облысына сапарында Жансүгіровтың жырын жатқа оқыды. «Ойпырм-ай» дестік.

Дегенмен осы қуануға тұратын дүние ме еді? Өткен жылы ғана Кәрім Мәсімов «ендігі Үкімет жиналысының барлығын тек қазақ тілінде өткіземіз» деп уәде берген еді ғой. Егер аяқты осылай салсақ, онда қуанатын емес, әдеттегі қалыпты дүние ретінде қабылдауға тиіс едік. Осы тұсқа келгенде бас уәзір уәдесінің орындалмағаны еске түседі. Сол жиналыстан кейін-ақ қазақ қоғамы премьердің сөзін ұмытып кеткен-тін. Одан кейінгі жиналыстардың барлығы ресми тілде өтіп, бұрынғы ескі сүрлеуін қайта тапқан. Ол бір жылт еткен жалған қуаныш болды ғой…

Жетісу жеріндегі сапарында Кәрім Қажымқанұлы қалайша қазақша сөйлеп қалды? Жұрт қуанып жатқанда, біз осыған таң қалдық. Ұзынқұлақтан жеткен ақпарат бойынша, былай екен. Мәсімов мырзаның биік мінберден тұрғанын теледидардан көрдік. «Жұмырбасты пенделер» жерде тұрды. Халық премьердің аузына қарап тамсанып тұрғанда, премьер халықтың арқа тұсына ілінген қос тақтаға кезек-кезек қарапты. Неге? Өйткені сол тақтада бас уәзірдің сөзі жылт-жылт етіп жазылып тұрған. Міне, Мәсімовтың қазақша сөйлеуінің сыры осы тұста ашылды. Жарайды. Бір кездері Ертісбаев та өзі сөйлейтін сөздерді үлкен әріптермен тергізіп, қолтығына қысып жүретін. Көмекшілері сол сөздерді камераның сыртында көтеріп, ауыстырып тұратын. Солайша, сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрі қазақша сайрап кеткен. Мейлі. Біздің айтпағымыз басқа…

Осы сапарда Кәрім Мәсімовтің тілінен «халқымызға тәуелсіз мемлекет құру бақыты бұйырды», «ата-бабамыз аңсап өткен азаттық», «біз туған жерін қастерлеп, сүйіп өскен халықпыз», «біз атаның емес, халықтың баласы, еліміздің азаматы болуға тиіспіз» деген сияқты тәтті сөздер үйіріліп түсіп жатты. Біртүрлі барақаттанып қалады екенсің. Бірақ бас уәзірдің осы баяндамасында бірде-бір рет «қазақ» деген жалғыз ауыз сөздің болмағаны, әртүрлі ойға жетелейтіні қалай?..

Кене САРЫ.

9 пікір - “Премьер қалай қазақша сөйледі?”

  1. Серікжан:

    Ай, аңқау қазағым-ай, осылайша “қазақша” әне сөйлейді, міне сөйлейді деп биліктегі әркімдерге жалтақтап, күніміз өтер ау.

  2. Аноним:

    Қазақты қалай арзан қол алдауға болады.Иә, солай,Мәсімовша

  3. адай:

    неге мәз боласыңдар сорлылар? Аузыңды аңқайтып қойып тонап жатырған жоқ па.Сөйлегені құрысын оның.

  4. Серік:

    Естеріңізде болса Кеңес уақытында Қазақстанды басқаруға келген Колбинде бір-екі жылдың ішінде қазақша сөйлеймін деп уәде бергені бар еді. Не болса соған таңырқап мәз бола беретін емізулі баладан да бетер болдық – ау.

  5. таза қазақ:

    масимов ТОҚАЕВ емес ҚАЗАҚША сөйлесе оған бір тықыр таянғаны.ол ТАҚТАН таятынын біліп ҚАЗАҚҚА жағымпазданғанығой ой заманай

  6. Боран:

    Ұйғырлар қазақша сөйлейтін болған ба.

  7. Алты алаш:

    Керемет! Масимов мырза! Жасасын! ооооооо, казакшаны кайдан уйренди екен,а? Не деген казакка жанашыр, УЛТЖАНДЫ азаматсыз, Масимов мырза!

  8. Жан:

    7 арнаның сайтынан Нысана бағдарламасынан көріңдерші осыны айтқан кездегі Масимовтың түрін!!! тура мазақ қылып турған сияқты!!!!

  9. janat:

    Қазақша сөйлемегені үшін мұртын алғызу керек оған, мүмкін сонда түрі мазақ қылған адамға ұқсамас.

Пікір жазу

Серіктестер