1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Мақалаға баға беріңіз)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 397 рет оқылды, 1 рет бүгін

elena

Елена ерледі. Қоржынымыз қаңырап, бос болғандықтан даңғырап тұр еді. «Өзіміздің орыс» қыз Хрусталева күміс жүлдені сыңғыр еткізіп қоржынға салғанда Қазақстан тізімнің соңынан 18-орынға бір-ақ секірді. Сөйтіп Олимпиадададан құр қол қайтпайтын болдық.

Ванкувер қазақ спортшыларына тулақ ұстатпай ма деген уайымның болғаны рас. Онсызда қысқы спорт түрлерінен жарытып жүлде сала алмай жүргенімізде, Олимпиададаға туымыз желбіреп барып, желпілдеп қайтса, «ұят-тағы» болар еді. Оның үстіне 2011 жылғы Азия ойындарын өткізетін елдің жүлдесіз қайтқаны тым әбес көрінсе керек еді.

Жоқ. Елена қыз Хурсталева ақ қардың «шаңын шығарып», мұз жастанып нысана көздеп, мергендік танытып, жылдамдық көрсетіп мәре сызығына екінші болып жетті.

12 жылдан бері ақ Олимпиадада жүлде сала алмай жүр едік. Есе қайтқандай болды.

«Тырнақ астынан кір іздегендей» болмайық. Дегенмен Елена бізге Ресейден келген спортшы-тын. Осы тұста біршама кібіртіктеп қалатынымыз бар. Өйткені біз әлі күнге дейін қысқы спорт түрлерінен өз кадрларымызды дайындай алмай келеміз. «Дайын асқа тік қасық» қанамыз.

Өкінбейік. Қазақ спортының төл түлектері де топ жаратын күн туар. Әйтеуір, олжасыз емеспіз.

Замандас.

1 пікір - “Қоржында күміс күліп жатыр!”

  1. Темiр:

    Елена ендi 150 мын доллар алатын болды.

Пікір жазу

Серіктестер