Жағымпаздық жарысы

19 - Ақпан - 2010
1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Мақалаға баға беріңіз)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 371 рет оқылды, 1 рет бүгін

jas otan

Жақында біздің облысқа Премьер-министр Кәрім Мәсімов келіп кетті. Жергілікті телеарналар мен әкімшіліктің газеттерінде Кәрім Мәсімовтың сапарының басты мақсаты Президенттің биылғы жолдауын халыққа түсіндіру екені айтылып жатты. Президент өз жолдауын аяқтай салсысымен осы Талдықорғандағы бұқаралық ақпарат құралдары қолдауды сол мезетінде бастап кеткен еді ғой. Ендеше, бізге жолдауды ұғындыру үшін премьер-министрдің өзі келгені несі? Әлде талдықорғандықтарды жолдауды түсінбейді дейді ме екен?  Дегенмен менің айтпағым бұл емес.

Мәсімов келеді деген сәттен бастап біздің университеттің студенттерін жинап даурықпа шараға дайындай бастады. «Генеральная репитицияда» біз ғана емес, бюджеттік қызметкерлер де жүрді. Айтып айтпай не керек, қызықтың бәрі көптен күткен Үкімет басшысының келген күні болды. Бізді жергілікті «Өркен» кешеніне екі сағат бұрын алып келді. Бюджеттік қызметкерлер мен студенттерді қойыңызшы, бұндайға етіміз үйреніп кеткен ғой. Екінші қабаттағы орындарға соғыс ардагерлері мен қарт әжейлердің мойындарына «Нұр Отанның» шарфттарын орап жайғастырып қойыпты. Әркімнің өзі орны бар. Басына каска киген құрылысшылар ортада, студент жастар да ортада, арт жағымызда қала тұрғындары. Қолымызға «Тек қана алға!», «Жолдауға  қолдау» деген жазулар бар тақталарды ұстатып қойып, дайындыққа кірісті. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Г.Сүлейменова: «Кәрім Мәсімовтің сөзінен кейін «Қазақстан, Нұрсұлтан, «Нұр Отан», ал партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллиннің сөзінен соң «Қазақстан, Нұрсұлтан, «Жас Отан» деп айғайлайсыңдар» деп бұйрық етті. Дайындық барысында айғайлаушылардың дауыстары дұрыс шықпады ма, әкімнің бірінші орынбасары Батталов мырза «немене үш ай бойы жалақы алмаған адамдар құсап тұрсыңдар» деп жасы бар, жасамысы бар жиналғандарға бір-ақ зекіп тастады. «Мұндай қолпаштау тек қана Павлодар, Ақтөбе облыстарында болды, біз солардан қалуымыз керек пе? Тем более, Елбасы біздің облыста дүниеге келді» деді белсенді болып жүрген  Г.Сүлейменова ханым. Бұл не деген масқаралық, не деген жағымпаздық? Жағымпаздықтың да эстафетаға айналғаны ма? Біздің облыстағы жағымпаздықты көріп ертең басқа облыстар да асып түсуге тырысары сөзсіз. Ендеше «лаула, лаула жағымпаздық алауы!» дейміз бе, қайтеміз?

Шыны керек, Премьердің 20 минут аялдауына екі сағат аяғынан тік тұрған үлкен кісілерді аядым. Ал шаш ал десе бас алатын шолақ белсенділер қарттарға пысқырып та қарамай, Астанадан келген ақ жағалылардың алдында құрдай жорғалаумен болды. Жиыннан соң бізді керек қылған ешкім де жоқ…

А.РАХМЕТ.

(Суреттің мақалаға қатысы жоқ).

7 пікір - “Жағымпаздық жарысы”

  1. Серікжан:

    ХХ ғасырдың соңы, әсіресе ХХІ ғасырдың бас жағы “қазақстандықтардың” тарихында жағымпаздық жарысымен “мәңгі” есте қалатын шығар…

  2. Заңгер:

    Дұрыс мән беріп оқылса не тыңдалса заң да, жаңылтпашта та, жұмбақ та, жұмбақтың сыры да түсінікті. Кезінде атам әжемнің қолына кітапты ұстатып жатып;
    - Барда ана ақымағыңа түсіндір деп сөйлеп жататынды. Бұл тұрғыда елді топырлатып жинаудың түпкі көрінісі қалай деп ойлайсыздар?
    Шын мәнінде елді бүлдіріп отырған жағымпаздар мен жандайшаптар.
    Кәсіпқой әртістерден әуесқойлардың басып озғанын тіршіліктің өзі де көрсетіп отыр. Тіпті кейбір белсенділердің бастамасы заңға, Конституция және қоғамдық мәдениетке оғаш келеді. Мәні мен мақсаты бар нәрсенің жағымсыздық жайға соғып жүргені де аты шулы белсенділердің шектен шыққан қияли кәсібінен туындап отыр.
    Шын мәнінде бұл жайларға әлі де болса дұрыс түсінік пен көзқарастың жетіспейтіндігі өкінішті.

  3. қонақ:

    Жәй адамды қойғанда, қазақша білмейтін Мәсімовты Мұқтар Құл-Мүхамет алты тілді біледі деп теледидарда жар салмады ма? оның алты тіл білгені бізге не керек? қазақ тілін білмесе, тіл білгені өзіне, ал, жағымпаздықтан халық шаршамаса, билік шаршамайтын ұқсайды ғой!

  4. Жұмыссыз жалқау:

    Дәл осындай оқиғалар барлық өлкеде де бар. Қараңғы халқыңнан көресің ба қатені, әлде мақтаншақ биліктен ба, немесе жағымаз посредниктерден бе???
    Кім кімді алдып жатыр….. Соқыр үлт нах!
    Жыным құрысып осындай сәттерде, НЕГЕ деп айқайлағым келеді нах…
    Қазақ болғаныма өкінем!

  5. Алты алаш:

    Биздин премьер казактын камын ойламайды! Казакша дурыс сойлемесе неменеге сойлейди? 50 жылдан кейын елимиз не болады, жеримиз, байлыгымыз? Осыны ойлай ма екен? Жок ойламайды! Калтасынын камын, карын камын ойлайды!

  6. Семсер:

    Санада сілкініс болмаған соң, ұлтта да ұмтылыс болмайтын көрінеді. Сол жағымпаз-жантықтардың 100 пайызы қазақтар екендігіне өзегің өртенеді. Ең сорақысы, бұл “дерттің” еңбектеген сәбиден, еңкейген кәріге дейінгі қазақтың барлығын меңдеп алғандығы.

  7. Алмас:

    Семсер айтып отырған ойларың дұрыс.Бірақ бұл дертке аяулы сәбилерді қоспайықшы.

Пікір жазу

Серіктестер