Жетімдер

9 - Наурыз - 2010
1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (1 дауыс, орташа есеппен: 4.00 / 5)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 418 рет оқылды, 2 рет бүгін

jetimder

Жетімін жылатқан ел оңбайды. Осы қағидатты қатаң ұстаған аталар «жетім көрсең жебей жүр» депті. Бүгінгі күн көңіл тоғайтып, шалқар шабыт сыйлайтын ауқымды іс болмағаннан кейін, өткенді аңсай береміз. Аталардың ұлттың амандығына, бүтіндігіне адалдығы тілге орала береді.

Жетімін қаңғыртпаған, жесірін жылатпаған ел едік. Қазір талай жетім қаңғып жүр, талай жесірдің ебіл-дебілі шықты. Мыңдаған бала шетел асты. Мұхиттың арғы жағында, қарт құрлықта талай қазақтың баласы ана тілінен, ата ділінен айрылып, өзге ұлттың құндылықтарын бойына сіңіріп, жетіліп жатыр. Тасбауыр қоғамнан пана таппай, жетімдерін үйінің қабырғасына қамалып қанша тағдырдың көзі жылтылдайды. Бүгінде қоқыс жәшігінен қоұыс емес, бала тауып ала беретін болдық. Көкек аналар қазақтың болашағын қоқысқа тастап жатыр. Жаныңыз ауырмай көрсін.

Өткенде Елбасы 8-наурыз мерекесіне орай аналарды қабылдады. Шәй берді. Сол кезде қазақтың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апай Ахметова ұлт тәрбиесіне қатысты келелі ойларымен бөлісті. Аружан Саин жетім балалардың жайын сөз етті. Елбасы елең етті.

Сол жиналыстан кейін премьер Мәсімов тағы бір жиын ашты. Осы жиынның үстінде жетімдердің мәселесі сөз болды. Кәрім Мәсімов Әділет һәм Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне нақты тапсырма берді. Жетімдер мен жетімдер үйінің ау-жайын анықтап, бар мәселені пысықтауға тапсырды. Сондай-ақ алдағы уақытта жетімдер мәселесіне орай арнайы Үкімет сағатын өткізуге де болатынын айтты.

Жалпы, жетімдер мәселесін ат-үсті қарай салуға болмайды. Тыңғылықты зерттеуді талап етеді. Мысалы, Аружан Саинның айтуынша, қазір өркениетті елдерде Жетімдер үйі жоқ. Неге? Өйткені жетімдерді асырап алушылар көп. Ал бізде жетімдердің мекені күнен-күнге артып бара жатыр. Сондықтан мұны заңнамалық тұрғыдан шешіп алмайынша, іс алға баспайды.

Шіркін, сол заңға «баласын тастаған көкек аналар өлім жазасына дейін кесіледі» деген бап енгізсе ғой…

Н.ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ.

3 пікір - “Жетімдер”

  1. Марат:

    Кокек аналар болмас ушин, кыздарымыз бен улдарымызга дурыс тарбие беруимиз кажет. Олар олим тилегенше, “кызга кырык уйден тию” деген маселеге жауап издеик.

  2. Қыранбек:

    Бәрі отбасындағы тәрбиеден басталады.Тәртіп керек, олай болмаса осылай кете береді.

  3. Cерік:

    Ата – бабамыз жетімін де, жесірін де жылатпаған. Дүние жүзінде алай да – былай деп анекдот айтуға шеберлер көп. Дүние жүзінде жоқ салт – дәстүр бізде, демократия да бізде болған. Байлар да, хандар да сөзге тоқтаған, жеңілгендерін мойындай білген. Шет елді айта беретін алыпқашпа екі жұзділікті қойып, салт – дәстүрімізді қалпына келтіру күн тәртібіндегі бірінші мәселе болуы тиіс. Шет елге қызықсаң сол жаққа демалысыңды алып барып, топырағына аунап қайт. Өзге елдің мәдениетіне қызығып қыздарымызды жез өкше, тастанды балалардың санын көбейтіп жетімдерді сатып отырғанымыз сол солақай, соқыр саясаттың кесірі.

Пікір жазу

Серіктестер