Бұл мақала 320 рет оқылды, 1 рет бүгін
Солтүстік «соны» үрдіс бастады. Жеңістің 65 жылдық құрметіне ме, әлде ақсақалды аталар мен сары тісті әжелерге аяушылық танытты ма, қайдам, «80 жастан асқан қариялар қоғамдық көлікте тегін жүреді» деп ақжолтай ақпарат таратты Алашқа.
Құй күліңіз, құй жылаңыз. Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі осындай шешім шығарыпты. Былай қарасаң, үлкенге ізет, қарияға құрмет сияқты. Ал басқа қырынан қарасаң, мәселе тіпті күлкілі. Біріншіден, биыл қыстың қандай болғанын жұрттың бәрі біледі. Қатал болды. Ақшұнақ аязда аталар мен әжелер қайда шығады? Жарайды, күлімдеп көктем келді дейік. Екіншіден, сескеннің сеңгіріне шыққан, қалт-құлт етіп зорға жүретін, қасында демеп жүретін немересі болмаса есіктің алдында серуендеуге шықпайтын қариялар қоғамдық көлікке қалай мінеді? Көзіңізге елестетіңізші, салдыр-салдыр еткен, қаңқасын сүйреткен автобустың ішінде кәрі әжей кетіп барады… Күлкілі.
Бастаманы көтерген қалалық автокөлік кәсіпорындарының иелері екен. Жұмыртқадан жүн қырыққан кәсіпкерлер оңайшылықпен жақсылық жасай қоймайтынын әркім біледі. Оларда біліп отыр, бұл шығынсыз акция. Өзі облыста бар-жоғы 4,5 мың адам екен сексеннен асқан. Оның жартысынан көбі төсектен тұра алмайтын болса керек. Қалғаны қоғамдық көлікке зәру емес те шығар. Зәрулерінің өзі Құдайдың құтты күні, таңның атысынан күннің батысына дейін автобуста шапқылап жүрмейді. Сонда бұл не? Бұл тамақ жемей тою сияқты дүние. Түк бермей, артық шығын шығармай, жақсы атану. Өздері жұртты мазақ етіп отырып, және соған мадақ тілейтін қасқаларды тұңғыш көруіміз.
Сексеннен асқан қарияға қазір жылы сөзден артық ештеңені керегі жоқ. Жергілікті шенеуніктер галстугіне қылқынбай әрбір қарияның үйіне кіріп, аз кем шай-тұзын беріп, жағдайын сұрап, көңілін аулап кетсе, одан артық жақсылық болмаушы еді. Ал бұлар қарияларды мазақ еткендей қоғамдық көлікте тегін жүруге рұқсат беріпті. Парадокс. Жалпы, біз өзі бір-біріне қарама-қайшылығы көп мемлекет құрып жатқанымызды түсінбейтін де сияқтымыз.
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» дейді атам қазақ. Сол айтпақшы, қайыс креслоға жамбасын жылытып отырған қазіргі шенеуніктерді қартайғанында аңғал-саңғал автобусқа мінгізіп, дедектетіп алып жүрсе ғой, шіркін. Сонда олар немістің «Мерседесі» мен орыстың «Газельінің» айырмасын түсінер еді…
Н.ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ.




Біздің ағайындар осы істеп жатқан кәсібім дұрыс па? Әлде бұрыс па? – деп сараламай – ақ әпенділік жасайды да жатады. Артынан күлкіге айналса да шекелері қызырмай істеген істеріне мәз боп күліп жатысады. Марқұм Қожанасыр бүгінгі ұрпағының сыртынан қарап, ішек – сілесі қатып күліп жатқан болар. Марқұм иманды болғыр Қожекеңе бекер күлеміз. Ол кісінің имандылығы ұлан ғасыр ғой.
Бейшаралық. Не деріңді білмейсің. Тек сол қариалар аман болсын.