1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Мақалаға баға беріңіз)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 313 рет оқылды, 2 рет бүгін

jumagalievkul-mukhammed1

Бірде қосылып, бірде «ажырап» жүрген екі сала қайтадан екі арнаға түсті. Нақтырақ айтсақ, бүгін Елбасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің базасында жаңадан екі министрліктің жасақталатынын жария етті. Сонымен, Мәдениет министрлігі жеке отау болып қайта құрылды. Сондай-ақ Ақпарат және байланыс министрлігі өмірге келді.

Президенттің айтуынша, Мәдениет министрлігі мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне, ұлтаралық қатынасқа, татулыққа, тілдерді дамытуға қарайды екен. Ал Ақпарат және байланыс министрлігі ақпараттық қауіпсіздікке жауапты.

Қош. Бұл нені аңғартады? Біріншіден, екі саланың екіге жарылып, министрдің санының көбейетіні көптен бері айтылып жүрген. Қазбаласаң, әрине, бұл жерден кейбір адамдардың жеке амбициясының да шеті көрінеді. Дегенмен басты себеп ретінде Елбасының «Нұр Отан» партиясында айтқан сөзі салдар болуы мүмкін. Н.Назарбаев сол жиында ақпараттық кеңістігімізді өзеге тілді, өзге ұлттардың жаулап бара жатқанын айтып, оның алдын алуға тапсырма берген. Қысқасы, Президент ақпараттық қауіпсіздікке баса көңіл бөлуді қолға алғандай.

Сонымен, Мәдениет министрі ретінде Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалды. Ал Ақпарат және байланыс министрлігінің жаңа орнына Асқар Жұмағалиев отырды. Ол бұған дейін «Қазақтелеком» АҚ-тың президенті болған.

Асқар Жұмағалиев отандық БАҚ-тың дамуына қалай үлес қосады? Ол байланыс саласын бір кісідей білсе, білетін болар. Ал ақпарат ше? Әйтеуір ақпарат саласы көште қалған жетім қозының күйін кешпесе болғаны…

Н.ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ

3 пікір - “Ақпарат байланыспен қосылды. Мәдениет бөлек кетті.”

  1. Жанекен:

    Мәдениет пен ақпарат бір қосылып-бір ажырасып жүрген семья сияқты.
    Қашан нөрмәлный семья болады екен.

  2. Біреу:

    Ақпаратқа байланыс министр болған, кезіндегі денсаулыққа қаржыгерді қойғандай емес па.

  3. Бәдеш К:

    Қазрғы таңдағы ақпарат оқрман көңілінен шғама……

Пікір жазу

Серіктестер