1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (3 дауыс, орташа есеппен: 4.33 / 5)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 413 рет оқылды, 1 рет бүгін

2233-naz

Астанадағы алқалы жиыннан тағы бір ақпарат жетті. Бұл жолы президенттің 70-жылдық мерейтойына байланысты. Президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин зуылдатып баяндама жасай бастаған. «Биыл – Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойы». Дәл осы тұста Назарбаев Мусинді шорт кесті.

– Сен осы мәселені бекер көтердің, – деді президент. Оған құлақ асқан Аслан болмады. «Мен аяқтай салсам бола ма?» деп сөзін жалғастырып қарапайым халықтан бастап ұлт зиялыларына дейін, алыс-жақын шет елдердегі жанашырларымыздың барлығынан президенттің 70 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуге ұсыныс білдірген хаттардың келіп жатқанын айтты. Барлық министрліктер мен әкімдіктер, «Нұр Отан» партиясының басшыларынан мүшелеріне дейін қазір «баста» деген нұсқауды күтіп, тықыршып отырған көрінеді. Қысқасы, Мусин 70 жылдық мерейтойды атап өтпесек, ел алдында ұятты болмыз дегенді ғана айтапды.

Назарбаев микрофонды тықылдатып Мусиннің тақпағын тоқтатты. Сөйтті де, мәселенің басын ашты.

«Тоқта. Тыныштал («деміңді ал» деп қабылдаса болады – ред). Президенттің ешқандай да мерейтойы болмайды. Егер кімде-кім 70-жылдық деп даурыға бастайтын болса, онда бірден қызметінен аламын. Әдеттегідей қала күні»,– деді президент. Сонан соң «онан да Тәуелсіздіктің 20-жылдық мерейтойына дайындалыңдар» дегенді қосып қойды.

Сонымен туған күнге арнайы тіктіріліп жатқан кәсөм-шалбар, көйлектер тігілмейтін болды. Екі қолын уқалап, жағымпаздық жарысына түскелі отырған шонжарлардың көңілі су сепкендей басылды. Ешқандай даурығу, от-шашу, мақтау-мадақ, арнаулар болмайды. Бір сөзбен айтқанда, президент туған күнін жасамайды.

…Бірақ кім білген? Бізде кейде айтылған дүниенің кері сипат алып жататыны да бар ғой…

Кене САРЫ.

8 пікір - “Президент туған күнін жасамайды”

  1. Басысау:

    Менің тойлағым кеп тұр.Жетпіске күнде толмаймыз ғой.

  2. Заңгер:

    Жалпы қисынсыз тойдың бәрін де тоғару қажет – ақ. Тойға кететін шығынға жыртығымызды жамаған дұрыс. Атамыз көптен қалмай атағымды шығарамын деп бәсекеге бәрін сала шашатын әпенділерге “А – деп аузын ашса, артқы тесігінен күн көрінеді” – деп күлмейтін бе еді.
    Сыйлық жасағың келсе, елге түйімді жаңалық енгізіп соның қортындысын туған күніне ұсынсаң Ел басына одан орасан қуанышқа бөлер сый – сияпатты жердің бетінен таба алмайтының айдан анық.

  3. Намазхан:

    «Курттын атын озгертiп малта койдык» дегендей гой мунысы.Ол туган кунiн мулде тойламайтын болса, Астана кунi етiп 6-шiлденi бекiтпес едi гой….

  4. Орал:

    Намазхан дұрыс айтасың.6-шы шілдені Астана күні қылып соны тойлағаның туған күнді тойлағаның емес па.

  5. Айбар:

    Мынау бир кутпеген жаналык кой! Оу агайын! Президентимиз ойлана бастапты гой! Бишара шенеуниктер енди калай жагымпазданады екен?

  6. Айқын:

    Президенттің пікірі алыста шығар. Егер ол туған күнін тойлағысы келмесе неге Астана күнін соның туылған күнімен бекіткен? Какая разница? астана күні деп, негізінен шалдың 70 жылдығын тойлайды ғой. Соның туған күніне кететін ақшаны халыққа жұмсамайды ма? Не себепті биыл Астанада Наурыз тойы тойланбады? Соншама ол кім? Оның туған күнін тойлап, бүкілдүние жүзі болып тойланатын Наурыз тойын тойламағанда? Бір сәт ойланайық, ағайын!

  7. Асия:

    Менің де туған күнім сол 6шілде мүшелге толамын Көкеміз дұрыс айтады

  8. Айнұр:

    Өте дұрыс шешім ,сонау ежелгіден қазақ туған күнін тойламаған .

Пікір жазу

Серіктестер