Бұл мақала 248 рет оқылды, 1 рет бүгін
Елордамыздағы «Нұр Астана» мешітіне бір кездері бар әлемді аузына қаратып, кәсіпқой бокстан жүлде атаулының бәрін ұтқан Майк Тайсон келді.
Әдеттегідей БАҚ-ты шулатып, елден ерек іс-әрекет жасап жүретін М.Тайсон бұл жолы өте салмақты күйде, шын мұсылманға тән мінез-құлық таныта білді. Тіпті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Мешітке кірсеңдер екі рәкәғат намаз оқымай отырмаңдар» – деген хадисін ескеріп, даңқты боксшы Алла үйінің табалдырығын аттаған бойда жүзін құбылаға бұрып, Құдайға құлшылық етті. Аталған мешіттің Бас имамына ұйып екі рәкәғат сәлем намазын оқыған М.Тайсонға ислам діні біраз өзгерістер әкелгені көрініп-ақ тұр. Олай дейтініміз, намаздан соң мешіт қызметкерлерінен жөн сұрасып, имамнан өзі үшін Жаратушыдан дұға етуді өтініпті. Қасиетті Құранның аяттарын оқып, Алла есімін ұлықтап, артынан әйгілі боксшының өтініші бойынша Жаратушыдан дұға еткен Бас имам осындай әлем таныған адамның тілін кәлимаға келтіріп, ислам дінін қабылдағаны үшін өте қуанышты екенін білдірді. Бір ескеретін жайт, жойқын соққыларымен талайды сұлатып, жігерлерін құм қылған алып Тайсон намаз оқығанда, екі қолын көкке созып дұға еткенде көз жасына ерік беріп, қанша жерден әлемге әйгілі болса да, Алла алдында дәрменсіз құл ғана екендігін көрсете білді. Сонымен қатар жылап тұрып намаз оқыған Тайсон өзін өзгелермен тең санаған қарапайымдылығымен де жамағат есінде қалды.
Осыдан біраз жыл бұрын исламды қабылдап, 2003 жылы қажылық парызын өтеген боксшының айтуынша, Алла сәтін салса, биыл умраға, яғни кіші қажылыққа баруды жоспарлап отыр екен. Атағынан ат үркетін Тайсонның мешітке ат басын бұрып, жергілікті жамағатпен бірге намаз оқуы Алланың алдында хан да, қара да бірдей екенін тағы бір дәлелдеді.
Еламан ҚОҢЫРОВ,
Астана қаласы.
«Айқын» газеті

(1 дауыс, орташа есеппен: 4.00 / 5)

Жарайсың Тайсон!!!
Абыройы шайқалған адамның бірі Майк Тайсонның да Құдайға құлшылық еткені кәмилаға келгені. Жаратушы иеміз кешірімшіл ғой. Алған жолын дұрыс ұстанса Майктың жігері де бойына қайтар оралары хақ. Оның қасында абыройы көл көсір төгіліп, беттері күйсе де өздерін Құдаймын деп жүрген қара беттер М.Тайсонның садағасына кетсін!
Алланың нұры жаусын.
Бес кундик мына жалган дуниеде барша мусылман кубылага бет бурып, тилин каилага клтиип жатса нур устине нур! Алланын нуры жаусын!