Бұл мақала 166 рет оқылды, 1 рет бүгін
Астанада биыл тұңғыш рет халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер фестивалі өтіп жатыр. Иә, мұндай байқау, бастамалардың талайы өтіп жатыр ғой… Тек, Тимур Бекмамбетовтың фестиваль аясында Бурабайда тұтас қазақ ауылын көтергені сондай көңіліме жақты.
Нағашысы жебірей деп «жазғыруға» дайын жүргеніммен, мына суреттерді көріп, жүрегім жібіді Темекеңе… Сарыарқа төріне тігілген киіз үйлер қонаққа толы, ыстық бауырсақ қазанда шыжғырылып, тіл үйірер бесбармақтың астындағы от маздап жатты. Қазақтың домбырасы күмбірледі. Қысқасы, фестивальге алыс-жақыннан келген актер, режиссерлер көшпенділер тұрмысына қайран қалысып, бізге тәнті болып тарасыпты. Себебі, мұнда қазақтың барша салт-дәстүрі, ырым-жоралғысы көрсетілді десе болады…
Атыс-шабыс фильмдерінің жұлдызы Дольф Лундгрен амплуасын бір сәтке өзгертіп, қазақы үйлену тойында күйеубала да болды.
Дольф Лундгрен:
Әрине, бұл біздің қанымызда бар ғой, мұндай жағдайда өмір сүруге әбден болады. Біздің ата-бабаларымыз осылай өмір кешкен. Мұнда қандай тамаша, қараңыздаршы? Қаланың шуынан, қарбаласынан тынығуға болады. Ұлттық ойындардан «Қыз қуу» қатты ұнады.
Ву Пин, қытай режиссері:
Маған бұл ауыл өте ұнады, ескіліктің атмосферасын дәл беріпті.
Майк Тайсон:
Садақ ату ұнады. Мұнда келмес бұрын, Қазақстан жайлы көп оқыдым, Шыңғыс хан туралы фильм көрдім. Маған рингке шықпау керек еді.. Оны қазір түсініп жүрмін ғой. Бокста мен өзімді бақылаудан қалатынмын. Төбелесіп кететінмін. Оны кеш те болса, түсініп жатқаныма, шүкір… Енді төбелеске ешкімді үйреткім келмейді… Спортпен айналысып жүргенде, өз эмоциямды сыртқа білдірмеуге үйрендім. Қазір мұңды кино көрсем де, анам ауырса да жылап қаламын… Ислам қабылдағанға дейінгі Тайсон маған ұнамайды. Ол мүлде басқа адам. Оның әйелдерге, балаларға, жалпы өмірге деген құрметі болған жоқ. Бұрын өмір дегенді жеңістердің кезегі деп білсем, қазір жеңілістердің тізбегі деп білем… Бұрынғы Майк Тайсонды жұрт жеңімпаз, чемпион, жұлдыз ретінде білді. Сол үшін жақсы көрді. Бірақ, ол жақсы азамат бола алған жоқ.. Ал, Исламды қабылдаған соң, мен түпкілікті өзгердім. Бұрын мен ешкімнен қорықпайтынмын, қазір Алламен кездесетін күннен қорқамын.
Өркен КЕНЖЕБЕК,
http://orkenegro.wordpress.com
Суреттер www.kinopoisk.ru сайтынан алынды.







Әрине, осындай өзіміздің салт дәстүрлерімізді жаңғырта түсейік ағайын!!!
“Бесбармақ” деген қандай тағам, осыны “астау толы ет” десе жарасымды болатын секілді. Орыстар “бешбармак” деп атады екен деп тілімізді шұбарламайық.
“бесбармақ” атауы аталмыш тағамды бес бармақты, яғни бе саусақты қолдану арқылы желінетіндіктен емес, қамырды кесерде негізгі өлшемі бес бармақ болғандықтан қойылған.