Бұл мақала 150 рет оқылды, 1 рет бүгін
Барлық арна біткен Астананың туған күнін көрсетіп жатқанда менің тіліме Қасым Аманжоловтың «Күркіреп күндей өтті ғой, соғыс» деген өлең жолдары орала берді. Неге екенін қайдам? Жеңімпаз солдаттардай мәз-майрам болған адамдарды көргеннен кейін бе, әлде аспанға атылған от-шашудың молдығынан ба? Білмеймін.
Сонымен күркіреп, ой, ғафу еткейсіз, күлімдеп Астананың да туған күні өтті. Биылғы мүшелге бір табан жақын қалған Астананың туған күніне басты тарту «Хан шатыр» ойын-сауық кешені болса керек. Шет ел преиденттері ашылуына қатысып, қазақтың көшпелі өмірінен көрністер қойылып, әлемге әйгілі әншілер ән салып, сансыз от-шашу атылған кеш кереметтей өтті. Сөз жоқ, тебіренесің. Тәуелсіз ел екеніңе, астанаңның әр кірпішін қалап, алып шаһарға айналдырып жатқаныңа, оған әлем елдерінің көшбасшылары келіп, қол соққанына, жылы сөзін арнағына қуанасың.
Бірақ бір-бірінен айнымай қалған біздің телеарналардағы ақпаратты естіп отырып, қайран қалдық. Астана алғаш салынып жатқанда Елорданың символы деп Бәйтеректі атайтын едік. «Бұл Париждің Эйфиль мұнарасы, Лондонның Биг-бэні секілді біздің Астананың брэнді болады» дестік. Сөйткен Бәйтеректің айналасын шыны үйлермен қоршап тастадық. Одан қалса алып Бәйтерек қытайлар салған «Пекин палас» қонақ үйінің тасасында қалды. «Енді қайттік?» деп отырғанда «Қазақ елі» монументі бой көтерді. Оны тек Астананың ғана емес, бүкіл мемлекеттің симолы дедік. Оған да көндік. Кеше «Хан шатыр» ашылып жатқанда біздің тілшілердің тіліне тағы да Эйфиль мұнарасы, Биг-бэн ілініп жатты. «Орта Азия елдеріндегі теңдесіз ойын-сауық кешені», «Астананың символы» деп жатты «Хан шатырды». Бас аяғы қозы жайылым жерді алып жатқан, ұзындығы 150 метрді құрайтын ойын-сауық кешені расында да теңдесіз шығар. Өйткені ақырған аязда да, аптап ыстықта да мұның ішінде тропикалық жағажайда суға түсуге болады. Оған дау айта алмаймыз. Бірақ Астананың брэнді неге сәт сайын өзгере береді? Ертең тағы бір алып нысан іске қосылса, «Хан шатырды» қойып, соған көшеміз бе? Тұрақтылық деген болмаушы ма еді? Қайта-қайта Елорданың бет-бейнесін өзгерткеннен не пайда табамыз? Әлде әр әкім өзінің қолтаңбасын Астананың брэнді еткісі келе ме?
Н.ҒАЛЫМЖАН.




Бейшара қазақ құр даурығуға алдымызға жан салмаймыз, қойған қойылым тіпті де ұнаған жоқ, қайдағы жайдағыларды жинап алып солардың қалтасын қампайту ғой.
Қойылым рас ұнаған жоқ. Мынау түрімізбен 2011 жылы қысқы олимпиада ойындарында жақсылап аша алмаймыз. Жемқорларға жем болған қазақ! Үкімет ақшаны бөліпте жатқан шығар, ақша игілікке жеткенше шет шетінен жулғылап дымын қалдырмайды!
Той – тойлауға шашылған қаражат пен әр облыстан туған күнге әкелінген ақшаға зейнеткерлік жасты ер адамдарға 60, әйел адамдардға 55-ке түсіріп, 563 мың адамды зейнеткерлікке шығарып зейнет ақысын жыл аяғына дейін толық төлеуге, зейнет ақылар мен жәрдем ақыларды 15 пайызға дейін көтеруге және 563 мың жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа алуға толық мүмкіндік болыпты.