1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (2 дауыс, орташа есеппен: 5.00 / 5)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 224 рет оқылды, 1 рет бүгін

gender1

Қазақ ең бiрiншi анасын құрмет тұтады. Әйелiн әлпештеп, қызын аялап өсiредi. Әлi де солай. Қысқасы, қарындасын қызғыштай қорғайтын да, қызын қырық үйден тыйған да қазақ. «Барған жерiнде оқымаған, сауатсыз» деген сөзден ұялып, ұлына қой бақтырып, қызын тапқан-таянғанымен оқуға түсiретiн де қазақ. Бұл дегенiмiз не? Қыз баласы, жалпы әйел баласы қазақ дүниетанымында үлкен мәнге ие деген сөз. Бұл қылығымыз әйел затын кемсiтуге жата ма? Қайта басымызға көтерiп, алақанға салғанымыз емес пе…

Дегенмен қазір гендерлік саясат деген шықты. Осы сайқал саясат сан соқтырғаннан басқа бiзге не беруi мүмкiн? Әйелi күйеуiн тыңдаудан қалды. Ажырасу көбейдi. Жалғыз басты ерлер мен жалғыз басты қыздардың саны өртеңге шыққан шөптей қаулап келедi. Еркек – бас, әйел – мойын болатын… Бас кiшiрейiп, мойын жуандап кеттi. Амал қанша, саясат солай!…

Әсiлiнде, қазақтың бiрiншi ретте алға тартатын мәселесi – халық санының өсiмiнде. Демографияға дендеп, халықтың, оның iшiнде қазақтың санын өсiру болып саналады. Ал, осы ұстанымыздың басты қарсыласы, басты тежегiш күшi – осы гендерлiк саясат екендiгiн ұғынып отырмыз ба?

Басында айтып өттiк емес пе, әйел баласын ардақтайтын жер бетiнде бiр ұлт болса, ол – қазақ!.. Өткен ғасырдың басында қазақтан шыққан жазушы бiткеннiң барлығы әйел теңдiгi үшiн том-том кiтап жазды. Соның бәрi әйел баласын әспеттеп, қыз қылығын құрмет тұтқаннан деп бiлем.

Қазақ санасында әйел баласы ерлерден тiптi де жоғары тұрады. Бiрақ, бұрынғы қазақ әйелi осы ұлықтауды өз деңгейiнде түсiндi. Күйеуi есерсоқ жынды болса да, асқан сабырлықпен төзiп, отбасының ойранын шығармас үшiн шыдап бақты. Мiне, бұл ұлылық! Ал, қазiр қос жыныстық теңдiктi өз деңгейiнде түсiнiп жатқан әйел баласы болса ғой…

Қазiрде солтүстiк өңiрлерде әртүрлi басқармалардың тiзгiнiн әйелдер ұстап отыр. Апта сайын гендерлiк саясат деген айдарды бетке алып «күлтөбенiң» басында күнде жиын өткiзумен әлек. Мансап қуған матриархат! Генiңде жоқ гендерлiк саясатты қазақ зиялылары түк бiлмегенсiп iлiп әкеттi-ау. Гендердлiк саясат ұстанған елдердiң бүгiнде жетiсiп отырғандары шамалы. Барлығында демографиялық тоқырау, халық санында өнiмдi өсiм жоқ. Халық жасарудың орнына қартайып барады. Өйткенi, әйел баласының мансап қуудан қолы босамай, бала тууға уақыты болмай жүр.

Досжан ДIЛДАБАЙ.

3 пікір - “Бас кiшiрейiп, мойын жуандап кеттi…”

  1. аты жок кокек:

    бiр кунi мойын бiрден басынмен бiтiсiп кетедi….

  2. Ақ-Ару:

    Әрине көтеріп отырған мәселеңіз өте орынды. Қай ана отбасының ұйытқысы болып балаларын тәрбиелеп үйінде отырғанды жек көрсін. Әрбір кәмелеттік жасқа толмаған балаға жәрдемақы төлесе көп аналар ойланар еді. Бірақ ондай мүмкіндікті кім жасап отыр… Сондықтан еріксіз жұмыс істеуге мәжбүрсің. Келешекте ұл балдарды оқуға көптеп түсіріп олардың жұмысқа орналасуына жағдай жасаса қолымды көтеріп қуанушы едім. Қатып қалған қағида жоқ бастама көтеріп жаса гендерлік саясатты да өзгертуге болатын шығар деп үміттенеміз.

  3. Тарғын:

    Гендрлік саясаттың желеуімен не бір қызықтың куәсі болып отырғанда ел ғой. Құлағы естісе де басы қортпайтын елді есек көреме, сонысына түсінбейміз. Бүгінде керемет қызметте отырған қыз – келіншектердің кім екенін, қызметке қайдан және қалай келгенін талдап көріңізші. 95 пайызы жезөзекше. Ауызы арақтан, етегі уыздан сасып жүргендері елге белгілі.
    Мемлекеттік қызмет Агенттіктері айға қарап отыр ма? Басшы қызметін уақытша атқарушы ретінде 2,5 – 3 жыл жұмыс жасап, екі қызметтің басын ұстап келген қыз – келіншектер төбе асады. Бас мамандық айлығына қосымша бастықтың 50 -70 пайыз айлығын алып ойран салып ойнап жүргендер жеткілікті. Сауатты азаматтар, азаматшалар жұмыс таба алмай жүргенде әкім қаралылар осындай қылмыс жасап отыр. Жалпы гендрлік саясат ананың денсаулығы мен дүниеге сау бала әкелуге бағытталудың орнына әкім қаралылардың ойнастарына шығарылған десек турасын айтқан боламыз. Бүгінгі гендрлік саясатымыздың жайы осы.

Пікір жазу

Серіктестер