Бұл мақала 143 рет оқылды, 1 рет бүгін
Футболдан Әлем бiрiншiлiгiн тамашалайтын адамдардың санына жетiп болмайсыз. Футбол жанкүйерлерiнiң саны Қазақстанда да жетiп артылады. Оны көшедегi екеуара кетiп бара жатқандардың доп додасы үшiн дегбiрi кеткен әңгiмелерiнен-ақ құлағыңыз шалады. Тiптi, бүгiнгiнiң әйелдерiне дейiн бiрнеше жылға дейiн созылатын сериалдарын құрбан етiп, футбол тамашалағанды жөн санайды.
Аптап құрлықта өтiп жатқан доп додасының барлық матчтарын отандық «Ел арна» мен «Хабар» телеарнары бөлiп алып, кезектесiп көрсетiп жатыр. Футбол матчтарын елiмiздiң басқа желiлi арналарының бiреуiнен де көре алмайсыз. Қалай болған күнде де қазақстандық әрбiр азамат қос арнаның алдында тоқсан минөт телмiруге мәжбүр. Осыны қазақ комментаторлары ұтымды пайдаланып жатыр. Тiкелей эфирде репортаж жасау барысында орыс комментаторларымен салыстырғанда қазақтiлдiлер айқын басымдыққа ие. Сауатты әрi қатесiз жүргiзедi. Қайта өтiлi жоғары орыс комментаторлары жүргенiнен жаңылып, футболшылардың бәрiн шатастырып бiтедi. Егер комментаторларды футбол матчтары секiлдi салыстырар болсақ, онда қазақтiлдi комментаторлар – Испания, ал, орыстiлдi комментаторлар – Германия секiлдi. Жартылай финалда жолы түйiскен испандар мен немiстердiң арасындағы матчта доп ұстау көрсеткiшi бойынша испандар көп басымдыққа ие болды. Сондай-ақ, оның нәтижесi де жаман болған жоқ. Осы үшiн Асхат Сағынай мен Жандос Айтбайұлына барлық қазақ жанкүйерлерiнiң артынан рахмет айтуға болады. Әрине, сөз арасында кетiп жатқан кiшiгiрiм қателердiң орын алатындығы жайында әңгiме бөлек. Бiрақ, статистикалар айтуда, сөз саптауда, алшақтағы футболшыны жазбай танудан қазақтiлдi комментаторлар әбжiлдiк әрi дәлдiк тауып жатқандығы қуантады. Жарысты тамашалауға келген танымал адамдар мен iрi тұлғаларды да атын атап, түсiн түстеп отыр. Әсiресе, қазақтың маржандай төгiлген сөздерi барлық қазақстандықтардың құлағына құйылып жатыр.
Асхат пен Жандостың кейбір сөздері құлаққа түрпідей тиіп, жанкүйердің жынын қоздыруы да мүмкін. Дегенмен олар қазақ тілінде хабар жүргізіп отыр. Қазақ тілінде футболды сипаттап отыр. Сондықтан өзіміздің қос қыранды қателіктеріне қарамай сыйлау керекпіз деген ойдамыз.
Ернұр НҰРЛЫАХМЕТ.



Жандостың тілі қазақы, ал Асхат бауырым кешірсін көбісі кішкене сұйықтау. Көп сөйлемдерінің бюасы барда аяғы жоқ.
Қашан таза ҚАЗАҚ тілінде спорттық ойындарды қарайды екенбіз?