1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Мақалаға баға беріңіз)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 151 рет оқылды, 1 рет бүгін

spain

Өмірімде тұңғыш рет Қазақстанның футбол құрмасы жарытып ойнай алмайтынына қуандым. «Ауыз өзімдікі деп айта береді екен да» дейтін шығарсыз. Әйтпесе, есі дұрыс адам өз командасының ойнай алмағанына қуана ма? Ал мен қуандым. Қуанғанда да қос санымды шапаттап тұрып, асыр сала қуанышқа бөлендім.

Әлем чемпионаты басталған тұста «кім чемпион болады?» деген сауал көлденеңінен шықты. Жігіттер біраз кеңірдек жыртысып, әркім өз фаворитін алға тартып, артықшылықтарын айтып, мықты футболшыларымен мақтанып айтыс болған. Сөз құлаққа кірмеген соң, жұдырық түюшілер де табылған. Сол кезде біз Испанияның бағы жанатынын айттық. Неге сүйендік? Ең бірінші, Испания соңғы еуро ойындардың чемпионы. Қорғанысы мығым Пуиоль мен Пикеден құралған. Орта тұста Алонсо, Хави, Иньесталардан тұратын майталмандары бар. Шабуылда Вилья мен Торрес. Ал қақпада Касильяс. Оның үстіне «Реалды» ұшпаққа шығарған дель Боске жаттықтырады. «Енді бұлар чемпион болмағанда, кім?» дедік біз. Сөйткен Испания алғашқы ойында Швейцариядан жеңіліп қалмасы бар ма? Біраз адам саусағын шошайтып, қарқылдап күліп, ызаға тиді. Онан кейін де Испанияның ойынынан ләззат алатындай болмадық. Көптеген ойындарды бір доп айырмашылығымен ғана ұтып келді. Ал Португалия, Германия, Голландия секілді командалар қарсыластарын ойысырата ұтып, екпімен елді үркітіп жүрді. Германия мен Испания жолыққанда да, Испанияға сенетіндердің саны аз еді. Кешегі Голландиямен ойында да көптеген жанкүйердің бүйрегі Роббендерге бұрып тұрды. Сонымен финал.

inesta

90 минутқа созылған футбол дарамасында жеңімпаз анықталмады. Роббен қақпашымен екі рет бетпе-бет қалып, зәре-құтымызды қашырды. Снэйдер бірнеше рет соққы жасап жүрек талмасына ұшырата жасады. Вилья допқа жете алмай жынымызды қоздырды. Бұрыштамадан келген допты Пуиоль соға алмай, ол доп Капдевилланың аяғына барып, қорғаушы қақпаны көздей алмай әлекке салды. Ашық тұрған қақпаға гол соға алмаған Вильяны да біраз жазғырып алдық. Айдаладағы Испания үшін, алты аласы, бес бересіміз жоқ команданың намысы үшін осыншама күйдік. Әгәрәки, Қазақстан финалға шықпай-ақ, сол біріншілікке қатысқанның өзінде талай адамның жүрегі ұстап қалады екен-ау деп ойладық. Испания мен Голландия үшін қазақ жігіттері бір-біріне көз алартып, сөз таластырып қалып жатыр. Қаншама жүйке жұқарды. Талай адам ішіп кетті. Қазақстан шықса, тақымын қысып отырған талай жұрт ана дүниеге табан астында жүріп кетер ме еді, қалай? Онанда осылай не Азияда, не Еуропада жоқ, жүре бергеніміз жақсы ма деймін.

Ал Испания жеңіс тойын тойлап жатыр…

Н.ҒАЛЫМЖАН.

1 пікір - “Қазақстанның футбол ойнай алмайтыны қандай жақсы…”

  1. Forlan:

    Алдау арбау деген казакка жат мынез. Сондыктан мундайды пайдаланбаган дурыс. Алайда командада канша казак бар екенын санап кору журегыне ауыр тиеды

Пікір жазу

Серіктестер