1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Мақалаға баға беріңіз)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 218 рет оқылды, 1 рет бүгін

bekmambet

Қазақ топырағында туса да, өзге елде жетілген, азамат болып қалыптасқан, атағын шығарған Тимур Бекмамбетовты білмейтін жұрт кемде-кем. Ол түсірген фильмдер қазір аса үлкен сұранысқа ие. Тек ТМД шеңберінде ғана емес, әлемдік деңгейде оның аты аталады. Бұл біз үшін мақтаныш. Мақтаншақ қазақтың баласы емеспіз бе, «біздің қазақтар Голливудты бағындырды» деп соғып жүрміз бүгінде.

Сол Тимур Астанада экшн-фильмдердің фестивальін ұйымдастырды. Хан қаланың туған күніне орайластырып. Арнайы шет елден атақты қонақтарды шақырып, оларды Бурабай апарып, көшпелі өмірдің бейнесін көрсетті. Бек зор ризамыз.

Бекмамбетов «Айқын» газетіне сұхбат беріпті. Ықылас-пейілмен оқып шықтық. Сөз соңында тілші мынадай сұрақ қойыпты:

– Сіз ырымға сенесіз бе?

– Сенбеймін.

– Онда білегіңіздегі бойтұмарды неге тағып алғансыз?

– Мұны маған Тайландқа туристік мақсатпен барғанымда бір монах байлап берген еді. Шешіп тастауды ұмытып кетіппін.

Сонда дейміз ғой, Бекмамбетов жуынбай ма? Әлде жуынғанда білегіне қарамай ма?

Н.ҒАЛЫМЖАН.

2 пікір - “Бекмамбетов жуынбай ма?”

  1. Бауыржан:

    Ышқырығындағы биті мен басындағы құртын сезбейтін пенделер көп емес пе.

  2. Алтай:

    Бұл адам жойттардың қолшоқпары. Қазақтың тілі мен руханиятынан алыс жүрген қазақтан сақ болған дұрыс. Бұлар тыңшылар… Өте қауіпті адамдар

Пікір жазу

Серіктестер