Бұл мақала 109 рет оқылды, 1 рет бүгін
Сергей Павлович Королевтің «сүфілеуімен» сонау 1957 жылы аспан көгіне алғашқы жер серігі ұшырылған болатын. Содан бері жарты ғасырдай уақыт өтіпті… Алты мыңдай дай «спутник» Жерді айналып жүр екен. Бұл – 2008 жылдың 1 қаңтарындағы дерек.
Басқасын таппадым. Соның 400-і Жер орбитасынан тысқары шекте болса, қалған 5600 құрылғының 800-і ғана жұмыс істеуге қабілетті. Қалғандарымен байланыс үзілген. Бұлардың арасында біздің «Қазсат-1» де болар. Бұған қоса ғарышкердің қолынан шығып кеткен отверткадан бастап жанармай бактарына дейінгі небір қалдық қалықтап жүр орбитамызда.
Жердегі экологияның түрі жыламсырап тұр. Сыртқы келбетіміз де оңып тұрған жоқ. Бүйте берсе, бізде де Сатурндегідей белдемше болады… бұл жолы тек қалдықтан.
Өркен КЕНЖЕБЕК,
http://orkenegro.wordpress.com



