Бұл мақала 260 рет оқылды, 1 рет бүгін
Орынды сұрақ. Олай дейтiн себебiмiз биыл «Алматы мен Астана қаласында өтетiн Қысқы Азия ойындарына байланысты оқу жылы тамыз айынан басталатын болыпты» деген алып-қашпа әңгiме жазда жайбарақат демалып жатқан бейқам студент пен оқушылардың дегбiрiн қашырды.
Тестен бетi қайтып, еркiндiкке ендi ғана бойын үйреткен талапкердiң мазасын алды. Сенбейiн десе, себеп бар. Сенейiн десе, бұрын-соңды мұндай аяқ астынан Бiлiм және ғылым министрлiгi тарапынан мұндай шешiм шығарылған емес. Ендiгi ретте бiздiң сайтымыздың тұрақты оқырмандарына осы қауесеттiң анық-қанығын ажырату мақсатында Алматы қаласы Бiлiм басқармасына хабарласып көрдiк. Уайымдайтын дәнеңе де жоқ екен. Сол баяғы алдын-ала тон пiшетiн сәуегейлердiң сандырағы болып шықты. Оқу жылы әдеттегiдей қыркүйектiң алғашқы күнiнен бастау алады.
Себебі оқушыларды Азиада барысында ерікті түрде жұмысқа тартпайды. Олар жарыс кезінде мектеп партасында отырады. Сондықтан оқушылардың қоңыр күзге дейін бейқам демала берулеріне болады.
«Замандас-ақпарат».




осы сурактын жауабын бiле алмай жур едiм.Аркiм ардененi айтады.Медте гана сентябрьде басталады деп кокiдi бiреулер.