Атаңның басы

26 - Шілде - 2010
1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (Мақалаға баға беріңіз)
Загрузка ... Загрузка ...

Бұл мақала 215 рет оқылды, 1 рет бүгін

khan Kene

Ақ шаңы шыққан ақиқаттың соқпағына салсаңыз, біз – жүрегінің басына қан қатқан кекті ұрпақпыз! Қанға қан, жанға жан алған атаның ұлы едік… Басымыздан сөз асырмаған, төбемізге қамшы үйіртпеген көкқасқаның тұқымы едік… Мұртымыз көкке шаншылып билік құрған ұлыстың ұланы едік…

Ол бір көрген түстей күндер екен… Ит жеді ғой ол заманды…

Құдайдың жазғаны, жазмышы болар – сырты түкті, сақалына сары маса үймелеген қасапшының қолынан қырғын болған қарақұрым қарашамыздың кегін айтпаған күннің өзінде, қойныңдағы бауырың басын кесіп сыйға тартқан асыл текті ханымыздың кегін сөз қылмағанда, жаңа заманның өре басында тұрған Алаш асылдарының кегін қайтара алдық па?

Кек дегеніміз не? Кек – адамның жаратылысында болатын қорқу, қуану, мұңаю, ашулану, жылау, сүйсіну, сүю, батылдық, батырлық, қорқақтық сияқты табиғи сезімдерінің бірі (шоқпарды ала салып, біреудің басын жарып қайту емес!). Кегі қайтпаған, жәбіршінің «жаздым, жаңылдым» деп кешу сұрағанын естімеген адам қайта түлей алмайды. Ол өлі жүні түспеген көтерем мал сияқты болып келеді.

Сонымен, «Хабар» арнасының қайбір күнгі жаңалықтарынан орыстың пушкинтанушы бір ғалымы (жаңылмасам, аты-жөні Николай Раевский ғой деймін) туралы түсірілген деректі фильмнің жоғалып кетіп, Ресейден табылғанын естідік. Сол деректі фильмді Қазақстан тарапы енді қайтарып алмаққа ниеттеніп жатыр екен. Сөйтсек, әлгі пушкинтанушы Қазақстанда біраз жыл тұрыпты…

Содан жантайып жатып ойға кеттім. Сонда не ойладың дейсіз ғой? «Қазақстанда жиырма жыл тұрған пушкинтанушы туралы деректі фильмді іздеуіміз керек пе еді, әлде атамыздың басын іздеуіміз керек пе еді?» дегенді ойладым.

Хан Кененің өзі түгілі әлі күнге дейін табылмаған басы… атамыздың басы! Әлихан Бөкейханның Дон зиратының қай тұсында жатқаны белгісіз асыл сүйегі… атамыздың сүйегі! Бұған өткен ғасырдың 20-40-жылдары қырылған, көмусіз қалған қазақ баласының өзіңізге аян санын қосыңыз, екінші дүниежүзілік соғыста Сталин үшін мерт болғандар мен лагерьлерде сүйегі шіріген қандастарыңызды, соғыстан кейінгі ғылыми қауымды қудалауды, Желтоқсанды қосыңыз.

Бұл кек пе, жоқ әлде заман солай болды ма? Қырылған қазақтың ішінде Сіздің жақын туысыңыз бен ағайыныңыз болғанын әсте ұмытпаңыз. Аталарымыздың басын жұтқан қырғын екенін мүлде ұмытуға болмайды!

Сонда әлгі арна кімді жоқтауы керек еді? Пушкинтанушы туралы деректі фильмді ме? Сол хабарды жасаған қайран менің әріптестерім (ұлтының демей-ақ қояйын) өз әулетінің тарихын ойлады ма екен? Атасының басын жоқтайтын ұрпақ тумағаны ма сонда?

«Неге біз осы осындаймыз, а?» Біздікі не талтаң?

Өміржан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ,

www.azattyg.org

2 пікір - “Атаңның басы”

  1. Дәулет Асау:

    Мына саясат бізді қазақтық рухтан айырып барады, қауіп әлі алда. Біз қазақ емеспіз, қазақстандықпыз. Біздің ой-пайымымыз ұлттық қасиеттен кеткен, сондықтан да ұлттық құндылықтарды іздемейміз, интернационалдық бірдеңелерді жоқтаймыз. Қазір ұлтсыздандыру саясаты кеңес кезіндегіден кем жүргізіліп жатқан жоқ. Онда, бір жақсысы,саясат ашық жүргізілетін, қазір жасырырын жүргізіліп жатыр.

  2. қажы мұқамбет қаракедей:

    Кек алу адамзат түгілі айуанаттарда да бар бір табиғи сезім болып табылады . Сезім ғана емес ау шариғатта – ішінара Исламда – бекітілген , керек десеңіз , тіпті парыз ретінде міндет болған құрылым деп саналады . Құдай тағаланың сәлемін тыңдар болсақ , Құран шәрипте : О , имандылар ! сіздерге адам өлтірілген жағдайда Қысас қылы ( кек алу ) парыз болады . Ерге ер , құлға құл , ұрғашыға ұрғашы сазайын тарту керек . Ал құн иелері ғафу етсе қалғандары соған ілесе құнын төлеуі тиіс . Мынау сізге жаратушының берген жеңілдігі мен рахметі ғой . Сонымен кім де кім шектен асса қинаущы азапқа душар болады . О , есі барлар ! сіздерге деген қысаста тіршілік бар , сақтанардай , – деп ескертеді .
    Атаның басына келер болсақ , Кене ханды Қазақ бақталастары Қырғыз манаптарының қолымен , Орыс отаршыларына бола басын жұтты деген де хабар бар . Сонда Қазақ – Қырғыз , екеуі де мұсылман ағайын бола тұра , қайдағы атажау кәпір үшін жауласқанын неге жоруға болады ? Қала берді сол дінібасқасы мүлдем құдайсызданғанда оның итаршысы болып өз елін ашаршылыққа салса да қос империяның ит жағаласында өлермен болғаны несі ? Қай пышақ өз сабын кесе алады деген сұрақ туындап тұр . Қылаяғы , баяғы зұлматта талай көз қарайып Құдайсыған немелерге мойынсұнған тек қана Қазақ емес , нешебір халықтар сорлады ғой . Ал ананы мен мынаны жазғыра бергенше өз нәпсімізді өлгенше сынап , еткен қатеміз ұшін Алдадан кешірім сұрай тағдырды өзгерте бастау абзал деймін .

Пікір жазу

Серіктестер