Бұл мақала 94 рет оқылды, 1 рет бүгін
Тамылжыған тамыз айы демалысқа таптырмас уақыт. Кеше ғана жарты жылдықты қортындылаған Үкімет мүшелері орынтақтарын босатып, портфельдерін жинап демалысқа кетті. Әдетте тамызда жұрттың бәрі демалысқа шығып, саяси, мәдени, әлеуметтік жағдайлар біршама саябыр күйге түседі. Осы себепті zamandas.kz интернет газетінің ұжымы да екі апталық демалыс алып отыр.
Біз бен Сіз айналасы бір жылдың ішінде күнделікті жолығып тұрдық. Қазақ қоғамындағы қалт еткен жаңалықты жеткізуге, жақсылығын асыруға, кем-кетігін түгендеуге шама-шарқымыз, қал-қадеріміз жеткенше ат салыстық. Енді «соқаны суырып», қалам суытып алудың реті келіп отыр. Алдағы маусымда да қазақ қоғамындағы қадау-қадау мәселелерді қозғап, саясат пен экономикадағы, әдебиет пен мәдениеттегі, руханият, әлеумет тақырыбындағы мақалаларымызды назарларыңызға ұсынбақпыз. Жаздағы демалыстарыңыз жайдарлы өтсін!
Zamandas.kz интернет газетінің ұжымы.




Мен коп нарсенi осы сайттан караймын.Рахмет сiздерге.Демалыстарыныз жаксы отсiн!!!